2.4 Компанияның міндеті,көрінуі және даму даму стратегиясы
Жұмыс жасаудың басым бағыттары және компанияның даму келешегі
Газ саласындағы қызметті жүзеге асыратын QazaqGaz және оның еншілес және тәуелді ұйымдары «Самұрық-Қазына» АҚ құрамында тік интеграцияланған компаниялар тобын құрайды.
QazaqGaz негiзгi стратегиялық мақсаты активтер құнының көтерiлуi мен газ саласын диверсификациялау және жаңғыртуына жәрдемдесу болып табылады.
QazaqGaz миссиясы – Халықтың өмір сапасын жақсартып және әлемдегі әріптестікті нығайта отырып, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
QazaqGaz пайымдауы – халықаралық деңгейдегі жоғары тиімді газэнергетикалық компания.
3 Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау
3.1 Энергетикалық ресурстарды пайдалану және энергияны үнемдеу
QazaqGaz энергияны үнемдеу және энергетикалық тиімділікті арттыру саясатын жүргізеді. QazaqGaz компаниялар тобының газды тасымалдау, тарату, өндіру, және жер асты сақтау бойынша ЕТҰ-ның энергияны үнемдеу және энергетикалық тиімділікті арттыру саласындағы қызметінің бағыттары ЕТҰ-ның энергияны үнемдеу және энергетикалық тиімділікті арттыру туралы іс-шараларында айқындалған.
Энергияны үнемдеу бойынша негізгі іс-шаралар мыналар болып табылады:
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Ақтау» МГҚБ «Амангелді Газ» өндірісінде және «Бейнеу» КС-да реактивтік қуаттың автоматтық өтелуі;
Электрлі жетектік газ айдағыш агрегаттардың режимдерін, компрессорлық станциялардың жұмыс режимі бойынша электр жабдығының схемаларын, оның ішінде турбокомпрессорлық цехтардың резервтік қуат көздерінің қуат трансформаторларын ажыратуды оңтайландыру;
«Интергаз Орталық Азия» АҚ газ турбиналы жетекті компрессорлық станцияларының жүктемесін оңтайландыру;
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Атырау» МГҚБ Мақат ЖӨБ «Мақат» КС №5 ГАА ТКЦ-4 газ айдағыш агрегатын күрделі жөндеу;
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Атырау» МГҚБ Редутский ЖӨБ «Тайман» КС №5 ГАА ТКЦ-4 газ айдағыш агрегатын күрделі жөндеу;
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Ақтау» МГҚБ Опорненский ЖӨБ «Опорный» КС ГТ-750-6 типіндегі ТКЦ-1 №3,4 өстік компрессорлық ГАА-ны тазарту жүйесін енгізу;
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Тараз» МГҚБ электрлі жетекті газ айдағыш агрегаттардың жұмыс режимдерін оңтайландыру;
ЕТҰ турбокомпрессорлық цехтарында АВО-газ электр қозғалтқыштарын, қуатты трансформаторларды (резервтік) ажыратумен электр жабдығы жүйелерін оңтайландыру;
ЕТҰ әкімшілік және өндірістік үй-жайларында түнгі уақытта, демалыс және мереке күндерінде қазандық агрегаттарының жұмыстары режимдерін реттеу;
«Интергаз Орталық Азия» АҚ магистральдық газ құбырының желілік бөлігінде 18 бірлік санда ескірген электрлі химиялық қорғау катодтық станцияларын ауыстыру.
Энергия тиімділігі көрсеткіштерін жақсарту газ тасымалдаудың оңтайлы режимдерін қолданумен және энергияны үнемдеу бойынша іс-шараларды жүргізумен шарттасылған.
2020 жыл үшін QazaqGaz компаниялар тобы бойынша отын-энергетикалық ресурстарды (бұдан әрі - ОЭР) тұтыну көлемі мыналарды құрады: 1325992,06 тонна үлестік отын (990749,56 мың. м3, 80,74 млн. кВт*с, ЖЖМ 6194,2 т.ү.о.) 2019 жылғы 1815052,52 тонна үлестік отынмен (т.ү.о) салыстырғанда (1528877,45 мың. м3, 92,46 млн. кВтс, ЖЖМ 6660,33 т.о.т.) салыстырғанда 36,9%-ға төмендеді.
2020 жылы табиғи газды, электр энергиясын және ЖЖМ-ны тұтыну көлемі мыналардың есебінен қысқартылды:
Сығымдалған табиғи газды (СТГ) және сұйытылған көмірсутегі газын (СКГ) пайдаланумен байланысты ЖЖМ шығындауды үнемдеу;
4,0 МВт-қа дейін бірыңғай қуатты электр жетекті газ айдағыш агрегаттардың жұмыс режимі есебінен электр энергиясын шығындауды үнемдеу;
КС газ айдағыш агрегаттары жұмысының режимі есебінен газ шығындауды үнемдеу.
2020 жыл үшін дерекөздер бойынша бөліністе үдетілетін (өндірілетін) жаңартылатын энергияның жалпы көлемі мыналарды құрады:
Жылу сорабымен геотермалдық (жылу) энергия өндіру – 625,8 Гкал.
Күн панельдерімен электр энергиясын өндіру – 111 352 кВт*сағ.
Термоэнергиялық генераторлармен электр энергиясын өндіру (ТЭГ - Ренкин циклі) – 1 154 510 кВт*сағ.
Жалпы тауарлық өнімдер өндірісінің үлестік энергетикалық шығындары, 2020 жылы газ тасымалдаудағы энергияның тиімділік көрсеткіші 0,0163 түо /мың теңгені құрады, 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда (0,0140 түо/мың теңге) 14 %-ға ұлғайған. Бұл ретте, 2019 жылы табиғи газды тұтыну көлемдерінің ұлғаюы «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГҚ «Қазақстан-Қытай» МГҚ бойынша газ көлемдерінің өсуімен байланысты. Энергия шығындарының үлестік деңгейінің төмендеуі «Қазақстан-Қытай» МГҚ, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГҚ және «БГА-ТБА» МГҚ магистральдық газ құбырларының транзиттік әлеуетін дамытумен байланысты байланысты.
QazaqGaz компаниялар тобы бойынша 2015-2020 жж. энергия үнемдеу әлеуеті 71643,404 т.ү.о. құрады.
QazaqGaz компаниялар тобы бойынша отын-энергетикалық ресурстарды (ОЭР) үнемдеу мыналарды құрады:
2016ж. – 9363,94 т.ү.о. (4993 мың кВт*сағ., 7478,346 мың м3);
2017ж. – 9305,46 т.ү.о. (3393,2 мың кВт*сағ., 6500,5 мың м3);
2018ж. – 12552,32 т.ү.о. (4946 мың кВт*с, 9620,8 мың м3);
2019ж. – 10538,27 т.ү.о. (4752 мың кВт*с, 8507,5 мың м3);
2020ж. – 14055,284 т.ү.о. (2001,02 мың кВт*с, 11802,70 мың м3).
ЖЭР үнемдеудің жыл сайынғы өсімі табиғи газды, электр энергиясын тұтынуды төмендетуге бағытталған энергия үнемдейтін іс-шараларды қолдану есебінен шарттасылған.
«Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГҚ өткізу қабілеттілігін кеңейту бойынша жоба шеңберінде атмосфераға жайылатын зиянды заттар санын төмендететін құрғақ шығарындыларды бәсеңдететін жүйемен «Үстірт» компрессорлық станциясы салынды. Сонымен қатар, басқа да «Арал», «Қорқыт Ата» және «Түркістан» үш компрессорлық станцияда рұқсат етілген экологиялық стандарттарды есепке алумен әзірленген.
«Toyota Hilux» төбелік және бамперлік типтегі автомобиль базасында «ДЛС-Пергам»» газдың шығуын табатын мобильдік кешен» - метанның қашықтықтан дабыл берушісі қашықтықтан әдісімен, сынамалар алусыз, қосымша зондтарсыз және өлшеу кюветтерінсіз периметрі 60 метр табиғи газдың шығып тұрған жерін анықтауға арналған. «ДЛС-Пергам» жұмыс істеген уақытында 3963 газдың шығуы анықталды (31.12.2020 ж. жай-күй бойынша).
Алдыңғы жылдары ЕТҰ-да енгізілген ЖЭК тиімді жұмыс істейді: DLE шығарындыларының төменгі деңгейімен жану жүйесімен газ айдаушы агрегаттар (ГАА); реактивті қуатты өтеуге арналған өтеуші құрылғылар (электр желілерінің реактивті параметрлері); «Waterkotte» типті геотермалды жылу сораптары; монокристалды күн панельдері (батареялары); термоэлектрогенераторлар (Closed cycle vapor turbogenerator) және автономды режимде жұмыс істейтін блокты жиынтықты электростанциялар (Capstone); энергия ресурстарын есепке алудың кешенді автоматтандырылған жүйесі (ЭЕКАЖ), энергияны үнемдейтін жарық беретін жарық көздерін қолдану.
Энергия ресурстарының құнын болжамды ұлғайтуды (табиғи газ, электр энергиясы, ЖЖМ), сондай-ақ оларды тұтынудың өсуін есепке ала отырып «QazaqGaz» ҰК» АҚ барлық ЕТҰ үшін жалпы міндеттер ОЭР-ға шығындарды энергияны үнемдеу және энергиялық тиімділіқті арттыру бойынша экономикалық ақталған іс-шараларды іске асыру есебінен төмендету болып табылады.
Жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) пайдалану саласындағы нормативтік және нормативтік-құқықтық құжаттаманы әзірлеу және жетілдіру инвесторларға салынған инвестицияларды қайтаруға және тиісінше, Қазақстан Республикасының аумағында ЖЭК пайдалану саласындағы жобаларды іске асыру және дамыту үшін әлеуетті инвесторларды тартуға мүмкіндік беретін қолдау механизмін құруы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |