1 Бейіндік оқытудың мақсаты мен міндеттері Бейіндік оқыту


)12 жылдық білім берудегі мұғалімнің рөлі



бет19/58
Дата22.12.2023
өлшемі9,12 Mb.
#198482
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   58
Байланысты:
12 жылдық сеcсия Т (копия)-1-1

3)12 жылдық білім берудегі мұғалімнің рөлі.
Қайталанған
4) 12 жылдық білім беру процесіндегі өзара қарым-қатынас.
Қайталанған
5)Жалпы орта білім беру деңгейінде бейіндік оқытуды ұйымдастыру мәселелері
Жалпы орта білім беру деңгейінде бейіндік оқытуды ұйымдастыру мәселелері
ҚР-ның білім беру жүйесін жетілдірудің басты міндеті – білім берудің қазіргі заманғы сапасын қамтамасыз ету және білім беру жүйесінің барлық құраушылары жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің өзекті әрі болашақ сұраныстарына сәйкестікке келтіру болып табылады.
Жаһандандыру жолымен келе жатқан қазіргі заманғы әлемде бәсекелестік жағдайына тез бейімделу қабілеті тұрақты дамудың ең маңызды факторы болып табылады. Кез-келген дамыған елдің бәсекелестік мүмкіншіліктері көбіне білім беру жүйесінің жай-күйімен анықталатын оның әлеуметтік капиталының дамуына байланысты. Қазақстанда жүргізіліп отырған білім беру жүйесін қайта құру білім берудің барлық деңгейлерін қамтиды, дегенмен жалпы білім беру мектебінің жоғарғы сатысын ауқымды өзгерістер күтіп отыр. Жалпы орта білім беру құрылымын жаңарту еңбек рыногының сұраныстарын ескере отырып, 12 жылдық мектептің жоғарғы сатысындағы оқушыларды әлеуметтендіруді көздейтін бейіндік оқытуды жүзеге асыруға, мектептің кәсіби білім беру ұйымдарымен икемді байланысын шыңдауға бағытталған.
6) Бейіндік білім беру мекемелері
Қазақстандық білім берудің қолданыстағы жүйесі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын кадрлық тұрғыдан қолдауды толық түрде қамтамасыз ете алмай отыр, жеке тұлғаны дамыту және мектеп оқушысы кәсіби тұрғыдан өз орнын табуына қажет біліммен қамтамасыз ету, өзінше талдау жасау, өзін-өзі тану қабілеттілігін дамыту міндеттерін жеткілікті түрде шеше алмай отыр. Қазіргі мектеп түлектері өзінің білімін жалғастыруына қажет бағыттарды тез әрі дұрыс таба алмай отыр. Қалыптасқан жағдайдан шығудың жолы жоғарғы сынып оқушыларын болашақ кәсіби әрекетке бағыттау бағытында мектептердің жұмысына маңызды өзгерістер енгізу болып табылады.
Мектептің жоғарғы сатысы қазіргі білім беруде негізгі орын ала отырып, көбіне кәсіби білім беру жүйелерінің мүмкішіліктеріне және жас адамдардың кәсіби әрекетінің сапасына үлкен әсерін тигізеді. Жоғарғы деңгей ерекше білім беру кеңістігін құрайды, себебі оның шеңберінде жеке тұлғаның әлеуметтік, кәсіби және азаматтық тұрғыдан қалыптасу сатысы өтеді. Қоғамның қандай білікті кәсіби маман алуы жас адамның қандай азаматтық және адамгершілік позициялар тұрғысынан білім алуды және кәсіп таңдауды жүзеге асыруына тәуелді. Бейіндік білім беру жүйесі – жоғарғы сынып оқушыларына арналған мемлекеттік және қоғамдық мүдделерге, жеке тұлғаның мүддесіне, жасөспірімнің жас ерекшеліктеріне және білім беру саласындағы әлемдік ағымдарға сай келетін оқыту үдерісін ұйымдастырудың анағұрлым тиімді формасы. Әлемдік білім беру тәжірибесінде бейіндік білім беру орта білім беру мектебінің жоғарғы сатысындағы бағыттар және бейіндер бойынша оқушыларды арнайы дайындау жүйесі ретінде қарастырылады.

Қазақстанның тәуелсіз мемлеке ретінде қалыптасуы жағдайында орта білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігімен интеграциялауға бағытталған жүйені құрудың орасан зор мәні бар. ҚР-ның «Білім туралы» Заңы (1991 ж) мемлекеттік саясаттың бірқатар ең негізгі принциптерін белгіледі, оның ішінде: жалпы орта білім берудің вариативтілігі, оқытылушылардың кәсіби бағыт алуы, оқытудың вариативтік бағдарламаларын, оның ішінде тереңдетілген және кәсіби алдындағы бейіндік дайындықты кең түрде жүзеге асыратын орта білім беру ұйымдарының әртүрлі типтері мен түрлерін (лицейлер, гимназиялар, колледждер) құру. 1992 жылдан бастап Қазақстанда мектептік білім беруді реформалау басталды, оның жетекші идеясы оқушыларды вариативтік жалпы орта білім беруге дайындау үшін бірегей білім беру кеңістігін сақтай отырып, жағдайлар жасау арқылы білім беру жүйесін дамыту болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет