7- билет
Вегетативті нерв жүйесі. Вегетативті бұзылыстардың клиникалық көріністері, диагностика және емдеу алгоритмдері.
Вегетативті нерв жүйесі (systemanervosum autonomicum; грек, systema — жүйе, бөліктерден құралған бүтін; лат. nervus — жүйке; грек, autos — өзім, өздігінен; nomos — заң) — барлық ішкі мүшелер жүйелері мүшелерінің (асқорыту, тыныс алу, зәр бөлу, аталық және аналық көбею мүшелер жүйелері), тамырлар мүшелері жүйелерінің (қанайналым, лимфаайналым, қан жасау мүшелер жүйелері), сыртқы және ішкі секреция бездерінің, бірыңғай салалы ет ұлпасының қызметтерін реттейтін жүйке жүйесінің бөлімі.
Вегетативті нерв жүйесінің бұзылуы - өте көп таралған жəне əр түрлі клиникалық ұғымда, бір қырынан қарағанда, айқын вегетативті асқынған, ұзақ уақыт қызбалы, жүйкелік талмасы бар, басқаша орныққан нəрленетін қантамырлы синдромды, тұрып жүретін гипотензия, ангидроз (тер шықпауы) жүйелік қуық
Жіктемесі:
Орналасу принципіне қарай:
1) үстіңгі бөлікті (церебральды-милық)
2) бөлікті (шеткері-перифериялық).
3) үстіңгі бөліктілік пен бөліктіліктің біріккен түрі.
Шығу тегі:
1) біріншілік.
2) екіншілік.
Пішіні бойынша:
1) психовегетативті (рухани дербестілік) синдром.
2) өршитін вегетативті жетіспеушілік синдромы.
3) нəрленетін-қантамырлы-вегетативті синдром.
Клиникалық ағымы бойынша: тұрақты жəне ұстамалы вегетативті бұзылысы шашыраңқы немесе орныққан болуы мүмкін.
Қауіп қатерлі факторлар: жасөспірім кезінде дене бітімі бейімді, жіті жəне созылмалы күйзелісте бейімделу жағдайында мүмкіндігінің бұзылуы, созылмалы органикалық тəндік ауруда, ерекше компоненттер мен, зат алмасулық ауруда, нерв жүйесінің органикалық ауруында (ЧМТ, ПЭП сыртартқыда), авитоминоз, уыттануда.
Клиникалық көрінісі:
- Вегетативті нерв жүйесінің симпатикалық, парасимпатикалық бөлімдерінде кəдімгі тонус басымдылығы;
- Бас ауыратынына жиі өтініш ету жəне əртүрлі вегетативті жəне психикалық бұзылыстардан бас айналуы;
- Кезбе жүйесінің тонусы көтерілуіне ыңғайлануы, тері жамылғысының қызаруы, қол буынының көгеруі, ылғалдылық пен суықтықты сезіну, тері жамылғысының мəрмерленуі, жалпы гипергидроз, жасөспірімділікте безеулік бөрітпеге бейімділік сирек терінің жүйкелік қабынуы, Квинке ісігі, есек жем типті əртүрлі аллергиялық реакция. Бұл санатқа жататын балалардың сұйықтыққа тоқтам бейімділігі, оның бетіне ісік ретінде көшуі. Балалар толуға, гликотермияға, АҚ гипотенияға бейім;
- Жекеленген вегетативті нерв жүйесінің симпатикалық бөлімінің басымдылығы балалардағы тері жамылғысының бозаруы, құрғақтануы, қан тамырларының суретінің
көрінбеуі, қол тері буынының құрғақ, суық, экзематоздық білінуі, қышыма шығуы. АҚ-ң көтерілуі, гипертермияға бейімделуі;
- Псевдоастмада түнге қарай ентігу, ол ұстамалылық кезінде ауаның жетіспеуін сезіну, ол кардиолгиямен ұштасып, балалардағы симпатикотониялық (симпатикалық
жүйке жүйесінің үстемділігі) жүрек соғу сезімділігі;
- Балалардағы кезбе жүйкесінің тонусының көтерілуі ол құсуға өтініш білдіру, құрсақ бөліктерінің ауруы, қыжыл біліну, іш қатуы.
- Балалардағы вегетативті бұзылыс əртүрлі сипатта, əрқилы психикалық өтініш – шамадан тыс шаршау, тітіркенгіштік, ызақорлық, жылауық, үрейлілік, жұмыс қабілеттілігі төмен, ұйқының бұзылуы, зейінділіктің азаюы, күн бойында көңіл-күйінің толқуы;
- Кезбе жүйкесінің тонусының көтерілуі, вегатония, селқостыққа бостыққа, күн бойы көңіл-күйінің төмендеуіне, күндізгі ұйқының жоғарлауына əкеледі;
- Сыртартқыда шамадан тыс немесе ұзақ шаршаушылық, теріс эмоциялық қобалжу, ылғида өкінішті, күйзеліс.
Диагностика критерилері
ОЖЖ, ССС, ЖКТ тарапынан органикалық зақымдану болмауы кемінде екі жүйенің қатысы: нерв жəне ішкі ағзалық дене жүйесі.
Физикалық тексеру:
Нерв жүйесі жағынан ошақтық ауру əйгіленістері жоқ. ССС жағынан жүректің жоғарғы бөлігінде қатқан тебіні болуы мүмкін. ЖКТ – жағынан қарын тұсы ауырады.
Инструменталдық зерттеу: ЭЭГ- сі диффузды өзгерісте, арнаулы емес миструктурасының белсенділік белгілері өз міндетін атқармайды, РЭГ көрсеткіші - симпатикалық жүйке жүйесінің үстемдігі кезіндегі тамыр түйілу белгісі, вагатония кезінде венаның ағысының бұзылысы, ЭКГ-да – тахикардия, аритмия, бракардия, қос жармалы қақпақшаның ақтарылуы, реполяризация процессінің бұзылуы, қарыншаның уақытынан бұрын қозу синдромы, жүрекқарынша аралықтың (атриовентрикулярлық) бөгелуі.
Лабораторлық зерттеу:
1. Қанның жалпы анализі – ауру əйгіленістері – ЭТЖ-ң көтерілуіне бейім, лейкоциттер мен эритроциттер жоғары, қан ұюы тез, ацидозға гиперкальцегияға бейім, креатинині жоғары жəне ацетилхолин, холестерині төмен.
2. Қанның жалпы анализі – ауру əйгіленістері лейкоциттер мен эритроциттері төмен, холестерині мен ацетилхолині жоғары, кальций мен креатинині төмендейді, қан ұюы баяуланған.
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: симпатикалық жүйке жүйесінің үстемділігі жəне симпатоадреналдық күрт ушығуы (криз) кезінде – кардиологқа, невропатологқа, ваготонимдік криздің білінуінде – гастроэнтрологқа көрсету.
Негізгі жəне қосымша шаралар тізімі: ЭЭГ, РЭГ, ЭКГ, дəрігер консультациясы – кардиолог, гастроэнтеролог, кейде хирургтар.
Емдеу тактикасы
Ем мақсаты: клиникалық белгісі болса тоқтату.
Дəрі-дəрмексіз ем
Қосымша ауыртпалық түсіруден босату, қатаң еңбек пен демалысты режимін ұстау, ыңғайсыз сезімдік қобалжуларды мүмкіндігінше болдырмау, себептерін жою. Жалпы денсаулықты күшейтуге арналған ем, уақытында тамақтану, ұйқыны қатаң сақтау, таза ауада 1-2 сағат болу. Ортада ауруды
арандатушылықты болдырмау. Жеке немесе топтық психотерапия сабақтары болса, 1-2 апта тоқтату.
Дəрі-дəрмектік ем
Дербес жүйкелік бұзылыс сезімталдық бұзылыстармен өзара қатынаста болғандықтан бас миының қыртыс асты дербес жүйелік ядроның дисфункциясы бұзылуына бірінші кезекте, заталмасу процессінің жақсаруы үшін препараттар қолданылады жəне қан айналысының жақсаруы үшін қан тамырлық препараттар, витаминотерапия ұсынылады. Дербес жүйелік бұзылыс сезім билеушілігімен байланысты болғандықтан, комплексті терапияға көңіл күйді басатын (седативное) терапия қосылады, кейде тұнжырауға қарсы дəрілер (антидепресанттар) ұсынылады.
1. Тамырлық препараттар:
- Виниоцетин таб. 5 мл-ден күніне 3 рет 1 таб;
- Винкамин №10, 30 мг.капсул., 120 мл. сироп 5 мг/мл, 15 мг/ 2 мл ампула. Дозасы: күніне 3 рет ½ бөлік сироп, жайлап 1мл-ден тері-ет ішіне немесе вена ішіне күніне 2 рет жіберу;
- Көп компенентті, нейрометаоболитті препарат 1 таб-да этамиванның 50 мг, гексобендиннің 20 мг, этофилиннің 60 мг. 1 ампулада 50 мг этамиван, 10 мг гексобендин, 100 мг этофилин құрамда болу керек. Дозасы: вена ішілік немесе тері-ет ішіне 0,1 мл/кг 7-10 күн ішінде ендіру, сонан соң күніне 3 рет ішу. Емдеу курсы 4-6 апта.
2. Неотропты (жан дүниесіне əсер ететін) препараттар:
- Пиритинол домалақ дəрі №50, 10 мг-нан, флакондағы суптензия 200 мл (5 мл/ 100мг пиритинол гидрохлорид). Дозасы: 1-7 жастағыларға күніне 1-3 рет 1 бөлік, 8-12 апта ішінде, 7 жастан жоғары күніне 2-3 рет 1-2 табл. 1-2 бөлік, 8-12 аптадан кем емес уақытта;
- Пирацетам табл, №30, 200мг, 400мг, 800мг, 1г, 3г нан, ішетін ерітінді 20% 125мл. Балаларға тəуліктік доза: 0,03-0,16 г/кг, 6 ай мезгілде ұзақ уақыт қолданады. 8-13 жастағыларға тəулігіне -3,3 г.;
3. Көңіл күйін басатын (седативті) препараттар:
- Хлорпротиксен (седативті, антидепресант, антипсихикалық) нейролептик. Шығарылу түрі: №30, 15мг.табл;
- Тофизатам – шығарылу түрі: 50 мг табл. Дозасы: күніне 2-3 рет 1-2 табл., ең көп дозасы тəулігіне 300мг;
- Бензодиазилин қатарлындағы транквилизатор: 5 мг. таблеткадағы диазенам. Дозасы: тəулігіне 0,1-0,8 мг/кг. 1-3 жастағыларға тəулігіне 2-3 рет 1-1,5 мг, 3-7 жасқа тəулігіне 2-3 рет 1,5-2,5 мг, 1 жасқа дейінгілерге қолданылмайды. (А құжат деңгейінде);
- Золпидем, №15 немесе 20 10 мг.табл. Бір таблеткадан 15-тен жоғары жастағыларға, ұйқы алдында. Қабылдауы 4 аптадан жоғары болмайды.
4. Шөптер жиынтығы:
- Үйлесімді комбинацияда валериана, мелисса жəне мята, таблетка түрінде. Дозасы: бір таблеткадан күніне 2 рет үш жасқа дейінгілерге, 3 жастан соң күніне 2 рет 1 табл., 6-12 жасқа күніне үш рет 1-2 табл.;
- Шайқурай (зверобой) экстракт, көңіл күйі жоқ кезінде, ұйықтамағанда тиімді, жұмыс қабілеттілігін жоғарлатады. Күніне 1-2 таб-дан 6 жастан жоғары балаларға қолдануға болады;
- Валериан мен хмельдің қосынды экстракт таблеткасы (əлсіздікті, босаңсуды көтереді, ұйқы қалпына келеді) 6 жастан ұйқы алдында 1 сағат бұрын 1-2 таб-дан қолданылады.
5. Витаминотерапия: В тобы витаминдері;
- Тиамин: иньекциялық 5%-ампула 1мл ерітіндісі. Дозасы: күніне 1 рет тері-ет ішіне 0,25мл. Курсы 10-30 күн;
- Пиридоксин: иньекциялық 1мл ампуладағы 1%, 5% ерітінді, 10, 20 мг.табл. Дозасы: тəулігіне 0,002г.;
- Цианкобаламин: 1 мл ампулада ерітінді иньекция үшін (500 мг.) Дозасы: тəулігіне 0,4-1 мл (200-500 мкг) жағдайы жақсарса 2 апта ішінде тəулігне 0,2 мл (100 мкг);
6. Антидепресанттар (тұнжырауға қарсы):
- Сертралин гидрохлорид №28, 50 мг.табл. 50 мг тəулігіне 1 рет, тамақ алдында. Макс.дозасы тəулігіне 200 мг. Қолдану ұзақтығы 2-3 апта;
- Флувоксамин малеат, 50 мг.табл. Дозасы: 8 жасқа дейінгілерге тəулігіне 25 мг бір рет қолданады, бастапқы дозасы: тиімді жəне қолдаушы (сүйемелдеуші) доза тəулігіне 50-200 мг, 100 мг, жоғары, ұзақтығы 2-3 рет, максимум дозасы тəуліктік 200 мг.;
- Симпатоадреналдық күрт ушығуда ұстаманы тию үшін тəулігіне 20 мг/кг карбамазелин ұсынылады. Қынап инсульдығын ушығуын тию жиырлуды босаңсытатын жəне АҚ жоғарлататын препараттар белгіленеді.
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Сертралина гидрохлорид 50 мг, табл.
2. Пиритинол 100 мг, драже.
3. Пирацетам 200 мг, 400 мг, 800 мг, 1г, 3г, 1200 мг, табл.
4. Золпидем 10 мг, табл.
5. Зопиклон.
6. Хлорпротиксен 15 мг, табл.
7. Тофизопам 50 мг, табл.
8. Флуоксетин 20 мг, табл.
9. Флувоксамин 50 мг, табл.
10. Винпоцетин 5 мг, табл.
11. Винкамин 30 мг, капс.
12. Көп компонентті нейрометаболикалық препараттар.
13. Карбамазепин.
14. Диазепам.
15. Көңіл күйін басатын шөптер қоспасы.
Ем тиімділігінің индикаторлары: көңіл күйін көтеретін, бас ауруын тидыратын, ұйқыны қалпына келтіретін, жұмыс қабілетін арттыратындар.
|