1-дәріс. Генетика тұқымқуалаушылық және өзгергіштік ғылымы


Популяция құрамына туыстас шағылысудың ықпалы



бет62/78
Дата28.10.2023
өлшемі3,92 Mb.
#188908
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   78
Байланысты:
darister
Enzyme worksheet
Популяция құрамына туыстас шағылысудың ықпалы.

Инбридинг - (ағылш. "ин" -ішінде, "бридинг" — өсіру). Өздігінен ұрықтанатын организ­мдер популяциясына қолдануға Харди-Вайнбергтің формулалары жарамсыз. Ондай ұрықтанудың (тозаңдану-дың) немесе туыстас шағылысудың (инбридингтің) генетикалық мәні, В. Иоганнсен көрсеткендей, популяцияны генотиптері әр түрлі линияларға ажырату. Бұл кезде гетеро­зиготалы гендер гомозиготалы қалыпқа ауысады.


Популяцияларда тұқым қуатын өзгергіштікті, ең алдымен гетерозиготалы күйдегі мутациялардың болуы олардың генетикалық құрылымын өзгерту, жаңа ортаның шартына жылдам бейімделуді қамтамасыз етеді.
Инбридинг арқылы асыл түұымды особьтың қасиеттерін сақтап қалып, оны келесі ұрпақтарда көбейтуге болады. Екінші жағынын бір гендердің гомозиготалығы өскен сайын белгі күшейеді, басқа белгілер бәсеңдеп өнімі және сапасы азаюы мүмкін. Инбридигнтің популяция үшін бірнеше әсерлері бар:

  1. гомозиготалықтың жоғарылаы;

  2. рецессивті аллельдердің бөлініп шығуы;

  3. рецессивті аллельдердің зиянды әсерінен организм белгілерінің төмендеуі (инбредтік депрессия);

  4. гомозиготаға көптеген аллельдердің шығуынан фенотиптік өзгергіштіктің жоғарылауы.

Жақын туыстас особьтарды шағылыстырғанда келесі ұрпақтың жалпы-өсіп дамуының нашарлауын немесе төлдің өліп туатының инбредті депрессия деп атайды.
Инбридинг кезінде гетерозиготалы күйдегі мутантты гендері бар ұқсас гаметалардың қосылу ықтималдылығы артады. Осы ықтималдылық туыстық дәрежесіне сәйкес болады.
Мал шежіресін жасау. Мал шежіресі деп оның ата-тегі туралы мәліметтері толық және белгілі бір тәртіппен жазылған құжатты айтады. Шежіре жасап, бағаланатын алды пробанд деп атайды. Кез келген мал шежіресі екі бөліктен – енесі жағынан және әкесі тұрады. Шартты белгілер шежіредегі ата-тектің пробандқа туыстық қатынасын дәл белгілейді – әріптердің саны, орналасу реті нақты дерек береді. Ата-тектің кестеде орналасуы пробандқа жақындығына байланысты: жақындығы бірдей ата-тек бір қатарда орналасады; І қатарда – әкесі мен енесі, ІІ қатарда аталары (әкесінің әкесі мен енесінің әкесі), әжелері (әкесінің енесі мен енесінің енесі), ІІІ қатарда – үшінші атадан қосылатын арғы ата-әжелері т.с.с. Кестеде әр малдың енесі – сол жақ шаршыда, әкесі оң жағында жазылады.

Шежіре кестесін жасау үлгісі





Е

Ә

ЕЕ

ЕӘ

ӘЕ

ӘӘ

ЕЕЕ

ЕЕӘ

ЕӘЕ

ЕӘӘ

ӘЕЕ

ӘЕӘ

ӘӘЕ

ӘӘӘ

ЕЕЕЕ

ЕЕЕӘ

ЕЕӘЕ

ЕЕӘӘ

ЕӘЕЕ

ЕӘЕӘ

ЕӘӘЕ

ЕӘӘӘ

ӘЕЕЕ

ӘЕЕӘ

ӘЕӘЕ

ӘЕӘӘ













С. Райт популяциядағы гомозиготалықтың дәрежесін есептеу үшін формула ұсынды:
F = ∑ (0.5)n+n+1 х (1+fA)
F – жаңа ұрпақтың гомозиготалығының өсу коэффициеті, fA – ата тегіндегі туыстарлың шежіреде қайталануының гомозиготалық коэффициенті, n1, n2 – шежіреде қайталанатын аталық және аналық туыстардың сатысы.
Инбридингтің әр түрлі дәрежесінде гомозиготалықтың өсу деңгейі



Аталық-аналық туыстық дәрежесі

Ұрпақтарында гомозиготалықтың өсу деңгейі

ІІ – І

25%

ІІ –ІІ

12,5%

ІІІ –ІІІ

6,25%

ІV –IV

3,125%

Көбейген кезде өзін ұдайы өндіріп отыратын әр түрлі формалардың (гетерозигота, гомозигота, доминантты, рецессивті) болып тұруы популяцияның генетикалық полиморфизмін туғызады. Ал полиморфизм (гр."по­лиморфизм"- көп түр) популяцияның өмір сүруін қолдайтын механизм. Егер генотиптік өзгешеліктер фенотиптік өзгешеліктермен қоса жүрсе және гетерозиготалардың бейімделу артықшылықтары болса, популяциядағы сұрыптау кезінде гетерозиготалардың пайдасына теңескен полиморфизм жасалады. Популяцияда гетерозиготалар есебінен генотиптік және фенотиптік айырмашылығы бар өкілдердің белгілі бір арақатынаста ұрпақтан ұрпаққа өндіріліп отыруын теңескен полиморфизм деп атайды. Полиморфизм табиғи сұрыптау әсерінің нәтижесі ретінде эволюция барысында дамыған генетикалық гомеостаздың көрінісі деп қарауға болады.


Популяцияның өзінің генетикалық құрылымын сақтап қалуын қамтамасыз ететін процесті генетикалық гомеостаз (гр. "гомоис" — ұқсас, "стазис" - түру) деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет