Будандастыру арқылы популяцияны өзгерту.
Будандастыру арқылы келесі мәселерді шешуге болады:
Өнімі төмен тұқымдардың генофондын жаңарту;
Жергілікті мал тұқымдарының генотипіне жаңа гендер қосып, фенотип жаңарту және тұқым қуалаушылығын ұлғайту;
Селекция бағдарламасына сәйкес бірнеше мал тұқымдарын пайдаланып жаңа тұқымды шығару;
Жоғары өнімді гибридтерді алу және осындай қасиеттерін ұрпақтан ұрпаққа тарату.
Егер екі мал тұқымдарын будандастырып, алынған бірінші ұрпақтың гибридтерін бір-бірімен шағылыстырсақ, екінші ұрпақтардың организмінде гендердің арасында тұрақты қатынас орналасады. Будандастырылған малдардың тұқым қуалаушы ақпараттарының өзара сәйкес келтіру арқылы жаңа үйлесімділік пайда болады. Генотиптің көп бөлігі аналық популяцияның норма реакциясымен сипатталады.
Екі тұқымның особьтары будандастырылады:
Бірінші тұқымда А гаметасының жиілігі р=0,3, екінші тұқымда p=0,8; р 2АА +2pqAa +q2aa
pA + qa =0,3А+0,7а =1; pA + qa =0,8А+0,2а =1
|
0,3A
|
0,7a
|
0,8A
|
0,24АА
|
0,56Aa
|
0,2a
|
0,06Aa
|
0,14aa
|
0,24АА+0,62Аа+0,14аа = 1; F2 алу үшін гибридтердің генотипіндегі гендердің сандық қатынасынан гаметалар жиілігін табамыз: А генінің концентрациясы = 0,24+0,31= 0,55; а гені =0,14+0,31=0,45; pA + qa =0,45+055=1. Гибридтердің арасында еркін будандастыру жүрсе F2 генотип құрылысы 0,3025АА+0,495Аа+0,2025аа =1. Аталық және аналық популяциялардың будандастыруға алынған бірінші, бесінші және сегізінші ұрпақтың генотип структураларын салыстырсақ: F1 – доминантты белгісінің фенотипте көрінуі 86%, F5 -94%, F8 - 96%. F8 –дің құрылымы аталық тұқымды қайталайды. Бірінші тұқымның керексіз гендері генотиптен ығыстырылып, олардың орнын доминантты гендермен айырбастау болады. Будандастырудың әрбір түрлері популяция құрылысының өзгеруіне өзінше әсер етеді. Кері будандастыруда гибридтерді аталық немесе аналық тұқымдармен шағылыстырғанда алынған ұрпақта ататегінің генінің жиілігін көбейту мақсат болады. Ауыстырмалы будандастыру арқылы гибридтердің гетерозиготалығын кемітпей таратып отыруға болады. Гетерозиготалы организмдер өсімталдық және өмір сүргіштік қасиеттерімен гомозиготалы особьтардан асып түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |