1-дәріс. Генетика тұқымқуалаушылық және өзгергіштік ғылымы



бет70/78
Дата28.10.2023
өлшемі3,92 Mb.
#188908
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   78
Байланысты:
darister
Enzyme worksheet
Z жүйесінде Z, және Z2 антигендік факторлар бар. Z2 үшін реагенттер алған лабораториялар өте аз, сондықтан Z, жөнінде ғана сөз болады, оны әдетте Z деп бейнелейді. Сонымен қатар гомозиготалы zz пен ғана әсерлесетін реагенттер бар. Қалыпты Z-реагент, керісінше Z факторлы барлық малдың қанымен реакцияласады. Сондықтан бұл локустағы генотипті жалпы айыруға болады.
SU жүйесі көптік аллельдермен бақыланады, олар алты антигендік факторларға байланысты. Кейбір жағдайда малдың генотипін SU -локусын тікелей тексеру арқылы анықтауға болады.
Ал R1 С1 жүйесіне келcек, ол екі аллельмен бақыланады, оның бірі R1 антигеніне, екіншісі S1 антигеніне байланысты, ал гетерозиготаларда екі антиген де болады.
Қара малдың канында генетикалық табиғаты, биохимиялық айырмашылықтары бар (полиморфты) белоктар табылған. Жаңа туған бұзаулардың гемоглобині де ерекше, ол эмбрионалдық гемоглобин деп аталады, 2-3 айдан кейін жоғалып кетеді. Ал одан кейін пайда болған гемоглобин А және В болып екі түрге бөлінеді. Олар екі аллельді және НЬВ локустарымен бақыланады. Бірінші ген гомозиго­талы болса тек /4-гемоглобині, екіншісі бойынша — тек В, ал гетерозиготалыларда аралас А және В гемоглобиндері бо­лады. Электрофорез арқылы кағазда не крахмал кілегейінде олардың үш генотипін оңай айыруға болады.
Крахмал кілегейінде электрофорез өткізіп ірі қара малдың қан сарысуындағы /У-глобулиндер арасындағы генети­калық айырмашылықтар топтастырылды. Батыс Европалық тұқымдарда бұл айырмашылықтар үш аллельмен бақыланады да алты түрлі генотип кұрайды. Сонымен қатар сирек кездесетін аллельдер де бар. /?-глобулиндер (трансферриндер) қан сарысуында темірді тасиды, сондықтан олар өте маңызды физиологиялық қызмет атқарады. Осы себептен олар трансферриндер деп атайды, ал оларға жауапты гендерді TfA , Tf бейнелерімен белгілейді. в-глобулиндер жөнінен де малдарда айырмашылықтар болады, кейбіреулерінде баяу қозғалатын фракциялар кездеспейді.
Гане белоктарда генетикалық касиеті бар өзгергіштікті тапты, олар РН-8 болғанда тікелей альбуминдерден кейін жүретін болғандықтан постальбуминдер деп аталды. Олар екі аллельмен анықталады. Тұқым қуатын айырмашылық­тар сарысу альбуминдерінен де табылды. Крахмал кілегейіндегі электрофорез бен гистохимиялық әдістерді қолдана отырып негіздік фосфотазадан тұқым қуатын топтык айырмашылықтар — сарысу ферменті алынды. Биохимиялық белоктар тобы қанда ғана кездесіп қоймайды. Оған ұқсас айырмашылықтар сүт белоктарында да аныкталды. Ағылшын ғалымдары Ашафенбург пен Дрюри екі аллельді гендік жүйе Lg* және LgB ашты, олар әр түрлі // -лактоглобулиндердің пайда болуына жауапты. Гетерози­готаларда /У-лактоглобулиндердің екі түрі де болады. Осындай тұқым қуатын айырмашылыктар сүт альбумині мен казеинге де тән. Ірі қара малда 1) тендер жүйесі қан түршіктерінің антигендерін анықтайтыны белгілі және қандағы белоктардың полиморфизмін бақылайтын жеті жүйе бар. Сүт белоктарының биохимиялық айырмашылығын қадағалайтын бес локустар да осыған жатады.

ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНЫҢ БАСҚА ТҮРЛЕРІНІҢ ҚАН ТОПТАРЫ


Басқа үй жануарларының қан топтарының тұқым қууы және зерттеу әдістері негізінен ірі қара малға ұқсас болғандыктан олардың қан топтары жөнінде қысқаша ғана деректер беруге тура келеді.
Жылқы. Жылқылардың қан топтарын зерттеу олардың табиғи антиденелерінің агглютинация реакциясын туғыза алатынына негізделген. Неміс ғалымдары Шермер мен Кем-пфер 1963 ж. Алты антиген тапты, олар осыншама тендер локустарымен анықталуы ықтимал. Жылқымен катар Под-ляшук (Польша) есектер мен қашылардың қан сарысуын зерттеп 10 антигендік факторларды ашты. 1964 жылы Стормонт және Сузуки 16 қан факторын 8 түрлі локустың бақыланатынын хабарлады. Бұл локустардың көпшілігінде көптік аллельдер бар. Қазір жылқыларда 13 тендер жүйесімен бақыланатын 21-ден астам антигендік факторлар белгілі. Қан топтарымен қатар оларда плазма белоктарының тұқым қуу айырмашылықтары анықталды, олар — транс­ферриндер, альбуминдер, эстеразалар.
Қой. Қойдың тұқымдарында қан сарысуындағы табиғи антиденелердің көмегімен /?-антиген анықталды. Ол ірі қара малдың /-антигенімен ұқсас. Мысалы, анти-/-ді Л-реагент ретінде колдануға болады. Көптеген қойларда R антигені жоқ. Оның орнына басқа антигендік негіздегі г немесе О болады. R немесе О жоқ өкілдер / деп аталатын үшінші топқа жатады. Бұл топтар барлық жағынан да қызықты. Америка және Швед ғалымдары R тобы R генімен анықталатынын көрсетті, ол О — антигеніне жауап­ты г° гендерінің әрекетіне үстемдік етеді. Демек, /' тобындағы топтарда R гені жасырын түрде кездеседі. Сондықтан / және О тобындағы малдарды шағылыстырғанда R тобындағы ұрпақтар пайда болуы мүмкін, яғни бұрын ата-анасының бірінде жоқ қан тобы пайда болады. Сонымен R, О және / топтары екі локустағы гендердің өзара әрекеттесуінің сирек кездесетін мысалы бола алады, олардың өзара әрекеттерімен жаңа кан тобы пайда болады. Жалпы әрбір қан тобына бір ген сәйкес деген ережені мұнда да қолдануға болады. Қойлардың қан топтарын иммунизация әдісі арқылы зерттеген. Бір топ француз зерттеушілері көп локусты гендермен анықталатын 10 антигендік факторларды ашты. Американдық Расмусен және Стормонт қойдың қан топтарын бақылайтын 6 локусын тапты. Оның үшеуі серологиялық жағынан ірі қара малдыц 5-жүйесіне ұқсас көптік аллельдері бар Л-жүйесі. Ірі қараның кейбір В-реагенттері қойлардың Я-факторларын анықтауға қолданылады. Қойларда гемоглобиннің екі түрі белгілі. Ірі қара малдың гемоглобинімен салыстырғанда қойлардың электро-форезде жылдам жылжитын гемоглобинін А әрпімен, баяу жылжитынын В әрпімен белгілейді. Тұқым қуу қасиеті кара мал гемоглобиніне ұқсас. Гетерозиготалары екі түрлі гемоглобиннің қосындысынан тұрады. Қойларда сондай-ақ сарысу /?-глобулиндердің кейбір түрлері көптік аллельдердің бір локусымен анықталады. Бұл /?-глобулиндер трансферриндер болып табылады, яғни олар қан сарысуындағы темірдің тасылуын қамтамасыз етеді.
Сарысудағы альбуминдер мен негіздік фосфотазалардан да тұқым куатын айырмашылықтар табылған. Акырғылары кан тобының R-0-i —жүйесіне тәуелді. Фосфотазаның жеке түрінің тек қана О қан тобы бар малдарда болатынын Рендель көрсетті. 50-ші жылдардың ортасында австралиялық және ағылшындык зерттеушілер койлардың қанынан натрий мен калийдің деңгейінен тұкым куалау айырмашылығы бар екенін ашты. Кейбір қойлардың қан түйіршіктерінде калий мөлшері жоғары деңгейде, ал басқаларында - төмен. Бірінші топтағылар ///Гжоғары, екіншісі - LK тобы төмен деңгейде натрий бар екені анықталды. Екі топ та екі аллельмен шектеледі. Жоғары деңгейде калий барлар (НК) рецессивті болып шықты. Баска LK топпен салыстырғанда гетерозигбталы түрлсрінде калий деңгейі біраз жоғары. Демек, LK генініц доминантығы толық емес. Одан кейін Расмусен және Халл НК гені мен Л/-антигенін бақылайтын гсннің ұксасты-ғын, олардың тіркес тұқым қуатынын дәлелдеді.
Біздіц елде прекос, латыштың карабас және романов кой тұкымдарында қандағы калий деңгейінің жоғарылығы (НК) мен төмен деңгейін (LK) А.А. Лозовский зерттеген. Ол зерттеген қой тұқымдарынан бұл көрсеткіштің полиморфизмін тапты. Белл және Мак Кензи қойларда В-лактоглобулиннің екі түрін тапқан (В-А жылдам және (і-В баяу) олар қойдың сүтінде бірге (гетерозиготалы) немесе жеке кездеседі. Біздің елде совет мериносы және латыш карабас тұқымы қойларының сүтінен Lg А жылдам, Lg В баяу және гетерозиготалы Lg АВ түрлерін С. Ж. Стамбеков және басқалары ашкан (1974).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет