1-дәріс. Генетика тұқымқуалаушылық және өзгергіштік ғылымы



бет69/78
Дата28.10.2023
өлшемі3,92 Mb.
#188908
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   78
Байланысты:
darister

А жүйесі көптік аллельдер сериясынан тұрады, олар А, Д, Н және Z1 факторлар құрамын бақылайды. Ақырғы фак­тор батыс европалық кара мал тұқымдарында өте сирек кездесетін болғандықтан бұл жүйеге жуырда ғана қосылған.
В жүйесі 300-ден аса аллельдерді біріктіреді, олар 40-қа таяу антигендік факторлардың комбинациясын бакылайды.
Мысал ретінде В-жүйесінің: (l)В; (2)ВI; (3)BGK02Y1A'E'KO' Y және (4)GY2E\ антигендерін немесе феногруппаларын келтіруге болады. Бірінші антиген тек В-реагентімен әсерлеседі, ал екіншісі оған қосымша I-реагентімен әсерлеседі. В-фактор бұл жағдайда антигендік жиынтықтың бір бөлігі сияқты болады. Үшінші антиген оншақты антигендік факторлармен сипатталады. Ол қара малдың джерсей тұқымында кездеседі. Ұрпақтардың бірнеше тобын зерттегенде бұл антигеннің бірнеше ұрпақ бойы өзгеріссіз қалатыны анықталды. Төртінші антигеннің мысалымен В жүйесіндегі антигендердің міндетті түрде В-реагентімен әсерлеспейтінін көрсетуге болады.
Осы төрт түрлі антигендерге сәйкес гендерді Вв, ВВІ, В BGK02Y1A'E'KO' Y және бейнелерімен белгілейді. Кейбір аллельдері бірін-бірі "жабатын" болғандықтан В локусының басқадай генетикалык жіктелуін беру мүмкіншілігі жоқ. Жиі кездесетін аллельдері белгілі тұқымдардың генотипін фенотипіне қарап тұжырымдауға болады.
С жүйесіне онға тарта антигендік факторлар белгілі. Мұнда да көптік аллельдер сериясы кездеседі, бірақ олар В-жүйесіндегідей соншама күрделі емес.
Ғ және V-антигендері FV жүйесінің FF және Ғ1' аллельдерімен анықталады. Батыс европалық мал тұкымдастарында осы екі аллель ғана кездеседі. Гетерозиготалыларда екі ген де көрінеді, сондықтан үш генотипті де айыруға бо­лады.
J жүйесі әр тұрғыдан қызық. Сақа малдарда J -антигені болмайды, оларды J -антигенге қарсы антиденелер жиі кездеседі. Бұл антиденелер онымен қоса өзімен туыстас ба­сқа түрлердің антигендерімен әсерлесе береді. Мысалы, адамның, шошканың 4-антигендерімен, солтүстік бұғының J және қойдың R антигендерімен. Басқа антигендерден өзгешілігі J -антиген жаңа туған бұзаулардың эритроциттарында болмайды. Ол алғашқыда қан сарысуында ертінді зат ретінде болады да, бірнеше аптадан кейін бірте-бірте плазмадағы эритроциттермен сорылады. J -затарының коюлығы кейбір өкілдерде әжептеуір мол мөлшерде болады, бұл құбылысты көптеген зерттеушілер I-локусында көптік аллельдің болуынан деп түсіндіреді.
L және М жүйесінде екі аллельден ғана болады. L гені бар (жалаң не екі қабат) өкілдер I -антиген кұрайды, М жүйесінде осы тәріздес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет