Әртүрлі жынысты егіздердің ұрғашы сынарыныц ұрықтылығын анықтау. Әр түрлі жынысты егіздердің ұрғашы сыңарларының 90%-ке жуығы ерте анастомоздың салдарынан ұрықсыз болып қалады. Ондай ұрғашы егіздің сыңарларын фримартиндер деп, ал бұл құбылысты фримартинизм деп атайды (III тарау).
Эритроциттер өрнегі ерте дамудағы анастомоздың барлығын көрсетеді. Осы анастомоз арқылы гормондар алмасуы қрықсыздыққа әкеп соғады. Сондықтан қан тобын анықтау арқылы болашақ құнажынның ұрықты болу, болмауын тексеруге болады. Егер егіздің екі сыңарында әр түрлі қан антигендері болса, (У-ден баскасы), онда ол болашақта ұрықты болады.
Қорыта айтқанда, сирек кездессе де эритроциттер өрнектілігі адамдар мен қойларда болады. Қойлардың өрнектілігі қара малға ұқсас, төлсіздікке ұшыратады. Адамдарда осы күнге дейін ондай әйел жыныстылардың жыныс-тық дамуының зақымдануы байқалған емес.
ҚАН ТОБЫНА БАЙЛАНЫСТЫ АУРУЛАР. 40-шы жылдардың басында Америка ғалымы Левин қызметкерлерімен жаңа туған балалардың шещесі мен ұрық қандарының үйлеспеушілігінен пайда болатын анемия (қаны аздық), эритробластоз түрін ашты. Rh+(оң) (Rh — резус) еркектермен Rh~ (теріс) әйелдердің некелесуінен белгілі бір процентке Rh+балалар туады деп күтуге болады. Жүкті кезінде анасының организміне Rh+ұрығының қаны қосылады, ұрықтың қан тобының антигендеріне қарсы анасының организмі антиденелер шығарады. Бүл антиденелер қан арқылы ұрық организміне жеткеннен соң олардың эритроциттерімен жанасып реакцияға түсіп, ұрық өледі. Бірақ ауру теория бойынша барлық күткен жағдайда дамымайды. Осыған ұқсас ауру жылқыларда және белгілі дәре-жеде шошқаларда табылған. Тіпті ұрық кезінде канының антигеніне қарсы енесінің организмі антиденелер боліп шығаруына қарамастан төл туғанда дені сау болады. Паталогиялық өзгерістер құлын немесе торай енесін емгеннен кейін басталады. Бұл айырмашылықтар бір жағынан адамның жолдасының екінші жағынан жылқы мен шошқаның шуының құрылысына нсгізделген. Адамда кейбір белгілі жағдайларда антиденелер ұрықтың қан айналысына түседі. Жылқы мен шошқада енесі мен ұрықтың қан айналымы бір-біріне катыспайды, бұл антиденелердің бос алмасуына бөгет жасайды. Ал сүтте антиденелер өте көп жиналып, жас төл енесін емгеннен кейін біраз уақыттан соң өледі.
Америкалық ғалым Брунер жас төлдің ішегі антиденелерді туғаннан кейін алғашқы 24-36 сағат қана қорыта алатынын анықтады. Құлынының кан антигеніне қарсы бие сүтінде антиденелер бар деген күдік туса, онда биенің бірінші сүтін сауып тастап құлынға басқа биенің сүтін беріп оны аман алып қалуға болады. Анемия ауруының белгілері 100 жылдан аса уақыт бұрын Оңтүстік Франция қашырларында белгілі болған, бірақ оны тудыратын се-бептер анықтайлмай кала берген.
Ағылшын ғалымдарының зерттеулеріне қарағанда торайлардың кан тобына байланысты анемия негізінен енелерін жұқпалы ауруға (чума) қарсы екеннен кейін пайда болады. Бұл вакцинада індеттелген шошқалардың қаны болады, сондыктан ондағы антигендерге қарсы рецепиент антиденелер шығарады. Пайда болтан антигендер сүтте өте көп мөлшерде жиналады, сондықтан сәйкес антигендерді бар торайлар ауруға ұшырайды. Кейде буаз мегежіндердің қанында антиденелердің шоғырлануы организміне ұрықтың антигені кіруіне байланысты болады.