1-дәріс. Генетика тұқымқуалаушылық және өзгергіштік ғылымы



бет67/78
Дата28.10.2023
өлшемі3,92 Mb.
#188908
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   78
Байланысты:
darister

Моногенді тұқым қуалау

Тұқым қалаушылықтың екі түрі белгілі: моногендік және полигендік. Моногенді тұқым қуалаушылық:

  1. аутосомды-доминантты тұқым қуалаушылық:

а) белгі бірінгі ұрпақта кем дегенде 50% дараларда байқалады;
б) ата-аналары белгіні балаларына бірдей бере алады.
2) Аутосомды-рецессивті тұқым қуалаушылық:
а) белгі бірінші ұрпақта байқалмай, келесі ұрпақтарда байқалады;
б) белгі ата-аналарында болмаса да балаларында байқалады (25%)
3) Х хромосомамен тіркескен доминантты тұқым қуалаушылық:
а) белгі ұл-қыздарда байқалады;
б) ата-аналарында көбінесе гетерозиготалы күйде кездеседі.
4) Х хромосомамен тіркескен рецессивті тұқым қуалаушылық:
а) белгі ұлдарында жиірек кездеседі;
б) егер анасында болса барлық ұлдарында, не 50% ұлдарында байқалады;
в) белгі әкесінде болса, ол тек қыздарына беріледі, қыздары «тасымалдаушы».
5) У хромосомамен тіркескен тұқым қуалаушылық тек еркек ұрпаққа беріледі. Оны голандрлық тұқым қуалаушылық деп атайды. У хромосомамен тіркескен үш ген белгілі:
а) гипертрихоз гені – ұл балалардың құлақ қалқаншасын қалың түк басуы;
б) аталық безді дамытатын ген;
в) ер адамдардың тіс жүйесінің дамуын қадағалайтын ген.



      1. Эукариоттардың ДНҚ молекуласы

Ядроның интерфазалық күйінің негізгі бөлімі – хроматин. Хроматин ДНҚ және гистонды ақуыздардан тұрады. Эукариоттардың ДНҚ молекуласы үш түрлі фракциядан тұрады:
1. Қайталанбайтын нуклеотидтер тізбегі – ол ДНҚ бойында бір дана күйінде кездеседі. Адамның гаплоидтық геномы 3-109 нуклеотидтер қатарынан тұратын болса, оның 70%-ы қайталанбайтын нуклеотидтер тізбегі. Бұл жерде барлық құрылымдық гендер орналасқан.
2. Орташа қайталанатын нуклеотидтер тізбегі, олар 100-ден 100,000 ретке дейін қайталанады. Олардың үлесіне геномның 22-23%. Бұл жерде құрылымдық гендер кездеспейді, бірақ р-РНҚ, т-РНҚ, гистондық ақуыздар гендері кездеседі.
3. Өте жиі қайталанатын нуклеотидтер тізбектері – олар 100,000-нан 1000,000 ретке дейін қайталанатын қысқа нуклеотидтер тізбегі. Үлесі 8%. Оларда гендер болмайды, олар гендердің интрондық бөліктері болып табылады. Хромосома бойында ДНҚ молекуласының ширатылу дәрежесі түрліше болып келеді. Осыған орай хромосоманың эухроматин, гетерохроматин бөліктерін ажыратады. Эухроматин – хромосоманың митоз кезінде ширатылып тығыздалатын, ал митоздан кейін деспиральданған бөлігі. Бұл хромосоманың ең белсенді – структуралық гендер кездесетін бөлігі, гетерохроматин хромосоманың митоз кезінде де, одан кейін де тығыз ширатылған – спиральданған конденсацияланған, ашылмайтын бөлігі. Онда структуралық гендер болмайды. Эухроматиндер хромосоманың теломера аймағында, гетерохроматиндер центромера аймағында орналасады.

      1. Митоздық цикл

Ұдайы бөлінетін жасушалар тіршілік жиынтығын митоздық цикл деп аталады. Митоздық цикл 4 кезеңге бөлінеді:

  1. пресинтездік (G1);

  2. синтездік (S);

  3. постсинтездік (G2);

  4. митоз (М).

Пресинтездік кезеңде жаңадан пайда болған жасуша аналық мөлшеріне жетеді. Ол үшін жасушада құрылыс материалдары көмірсулар, майлар, ақуыздар көптеп синтезделуі қажет. Синтездік (S) кезеңде ДНҚ молекуласы екі еселенеді. Постсинтездік кезеңде жасуша бөлінуге дайындалады.
Митоздық ерекше түрлеріне эндомитоз және политенияларды да жатқызады. Эндомитозда ядро бөлінбей, тек хромосомалар екі еселеніп полиплоидты жасушалар түзіледі. Политенияда ДНҚ молекуласы бірнеше рет еселеніп, бірақ бір-бірінен ажыраспайды, политенді хромосомалар пайда болпды (жеміс шыбыны).





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет