1-Дәріс Геоботаниканың мақсаты, міндеті, негізгі ұғымдар және терминдер



бет29/47
Дата24.04.2023
өлшемі2,55 Mb.
#175314
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   47
Байланысты:
darister1-15. geobotania (1)
Сессия Геоботаника, бизнес проект Аладдин, English. A2, 2021-2022, 1 semester (2), 1.9.Сарматтар (1), 1.8.Сақ мәдениеті (1)
1.2 Орта Азия және Қазақстан шөлдері

Орта Азияның және Қазақстанның жартылай шөлдері Тұран жазықтығында орналасқан. Шөлдер Оңтүстігінде Копетдаг және Парапомиза тауларының, шығысында Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань және Памир Алайға дейін созылады.


Бұл аталған территорияларда геологиялық және ландшафтық тұрғыдан әртүрлі типті шөлдер кездеседі:
1. Құмды (Қарақұм, Қызылқұм, Мойынқұм, Арал маңындағы Қарақұм, үлкен және кіші Барсуктар, Еділ -Жайықтық);
2. Тасты Бетпақдала;
3. Қиыршық тасты үстірт;
4. Саз топырақты- Бетпақ дала;
5. Кебірлі –Келькор (Қара- Құмда), өлі култук (Қазақстанда Каспий теңізі жағалауында) және т.б.
Қарақұм Орта Азияның оңтүстігіндегі құмды шөл. Жалпы ауданы 350 мың шаршы км, климаты құрғақ. Қатал континентельді. Жылдық жауын- шашын мөлшері 7-10 есе артық. Қыстың күні Қарақұмда солтүстік- шығыс, ал жазда оңтүстік- батыс желдері басым.
Құмды шөлдердің өсімдіктерінің арнайы осы жерде тіршілік етуге бейімделген ерекшеліктері бар. Құмдар жылжымалы, сусымалы болғандықтан жай өсімдіктерді құм басып қалған болар еді.
Ал құмды шөлдерде арнайы бейімделген псаммофиттер (құм сүйгіштер) тобының өсімдіктері тіршілік етеді. Псаммофиттердің өркендері қарқынды пайда болып, тез өсіп, құм басып қалудан құтылуға қабілетті болады. Псамофиттер құмдардың жаңа қабаттары пайда болғанда бұрынғы қабаттардағы ылғал тез пайдаланылып кеткенмен псаммофиттер өлмейді, өйткені олардың жақсы дамыған, қосалқы тамырлары пайда болып құм қабаттарынан қажетті ылғалды алады.
Псаммофиттердің тұқымдары және жемістері арнайы ұшатын өскіншелерімен қамтамасыз етілген (аэроаппараттармен). Ондай аппараттар шар тәрізді тостағаншаларында немесе коробкаларында жасырылған (мысалы астрагалдар және құмдағы акацияларда, кейбір псаммофиттердің серпінді қылшықтары болады.(жүзгіндер), кейбіреулерінде ол өскіншелер пропеллер сияқты бұралған, (мысалы қоянсүйек -Ammodendron). Көптеген өсімдіктерде ол аэроаппараттар қанат тәрізді, немесе парашют тәрізді (селеу- Aristida).
Осындай аэроаппараттадың көмегімен псаммофиттердің жемістері немесе тұқымдары құмға көмілмей аман қалады.
Сусымалы құмдарға алғаш пайда болатын пионерлік өсімдіктерге селеу (триостница) жатады. Селеудің негізінен екі түрі Stipagrostis karelinii =(Aristida karelinii) және S. pennata (=А. pennata ) деген түрлерді жатқызуға болады. Селеу үлкен көпжылдық астық тұқымдасына жатады. Оның тез өсетін қосалқы тамырлары бар.
Типтік псаммофиттерге – жүзгінді (Calligonum), қоянсүйекті (Ammodendron conolly) жатқызуға болады. Ал сексеуіл (Haloxylon persicum), черкез (Salsola richteri), астрагалдар (Astragalus), қылша (Ephedra) және т.б. өсімдіктер де құмдарда кездеседі.
Бекінген құмдар көктемде шөптесін өсімдіктермен жамылады. Олардың ішінде әсіресе үрмежеміс қиякөлең (Carex physodes). Олардың арасында қоңырбас Anisantha tectorum (= Bromus testoram) және басқа да эфемерлерді көруге болады.
Құмды шөлдер жайылым ретінде кеңінен пайдаланылады. Көктемде, жазда негізгі мал азықтық өсімдік, ол құм қиякөлең (Carex sabuloza). Күзде негізгі мал азықтық өсімдіктер – жартылай бұталар, бұталар (астрагалдар, қылша, жүзгін, сексеуіл, сораңдар). Қыста- сораңдар және әртүрлі бұталар, жыл бойы – селеу.
Профессор Е.П. Коровин (1961) өзінің монографиясында әртүрлі шөлдердегі түрлер санына байланысты мынадай мәліметтер келтірді:
Батыс Қарақұм – 1141 түр (Родин, 1958),
Бетпақдала -931 түр (Кубанская, 1956),
Оңтүстік Батыс Қызылқұм -533 түр (Гранитов, 1950),
Оңтүстік үстірт – 295 түр (Коган, 1951).
А.В. Прозоровский (1940) мәліметі бойынша, шөлдерде 83 тұқымдастардың өкілдері кездеседі.
Шөлдер флорасындағы әртүрлі тұқымдастарға жататын түрлер саны 14- кестеде келтірілген


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет