1 ДӘріс. ҚОҒамдық тамақтандыру кәсіпорындарының Қызметтері және оларғА Қойылатын талаптар



бет52/105
Дата22.12.2021
өлшемі163,16 Kb.
#127466
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   105
Байланысты:
ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚ.1-14 Дәріс.
кәсіпорын, кәсіпорын, етті консервілеудің жаңа әдістері, тауартану 1-13, Ет консервілері, 8 сем
Төстік қақтау

«Ер азығы мен бөрі азығы жолда» дейтін аңшылар олжасын жыққаннан кейін, аң терісін сыпырған соң-ақ ішек-қарнын ақтармалап тастап , төстігін, төс етегімен сылып алып, шыбықпен кереді де, тұздап, істікке шаншып, шоққа қақтайды. Майы еріп, отқа тамшылаған кезде лапылдап жалындайды. Төстік күйік шеке болып, еті қалың тұсы шала піспес үшін шоққа су сеуіп отыру қажет. Төстік - түз тағамы, оны сыртта, тым болмағанда, аулада даярлап жеген дұрыс. Төстікті көбіне терісімен сылып алып, жүнін үйтіп, тазалап алып қақтайды.



Құйқалақ

Бұл да аң кезігіп, оны олжалағанша әбден қарындары ашқан аңшылардың аш өзекті алдарқату үшін асығыс пісіретін тағамы. Аңды сойғанша отты лау ғып жағады да, майлы тоқ ішегіне тұз сеуіп аударады да, қос бүйрегін, көк бауырын, бауырын оттың қоламтасына көме қояды. Бұл - төстік қақтағанша-ақ орындалар шаруа.

Төстік қақтауды да, құйқалақ көмуді де тек аңшылар жейтін тағам түрі екен деген ұғым тумаса керек, бұларды қой-ешкі сойғанда да пісіруге болады. Мұның бәрі де о баста аңшылардан бастау алған, әрі даярлау тәсілі өте қарапайым тағам түрі болғандықтан, ет тағамдарын осылардан бастағанды жөн көрдік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет