1 ДӘріс. ҚОҒамдық тамақтандыру кәсіпорындарының Қызметтері және оларғА Қойылатын талаптар


Жаубүйрек Тағамның бұл түрі де ешқандай ыдысты қажет етпейтін түз тағамы болып саналады. Қойды сойып, етті мүшелеп



бет53/105
Дата22.12.2021
өлшемі163,16 Kb.
#127466
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   105
Байланысты:
ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚ.1-14 Дәріс.
кәсіпорын, кәсіпорын, етті консервілеудің жаңа әдістері, тауартану 1-13, Ет консервілері, 8 сем
Жаубүйрек

Тағамның бұл түрі де ешқандай ыдысты қажет етпейтін түз тағамы болып саналады. Қойды сойып, етті мүшелеп бұзған соң, құйрық майдан білемдеп кесіп алады да, қалыңдау ғып жапырақтап турайды. Бауырын да дәл осылай ғып турап, тұздайды. Істік ағашқа бір бауыр, бір құйрықты кезектестіре шаншып, кәуап сияқты шоққа қақтап пісіреді. Мұнда да құйрық-бауырды жалын шалып, күйдірмелеуін бақылау қажет. Әрқім қалағанынша пияз қосып,бұрыш сеуіп жеуге немесе осыларды салып, тұздық дайындауға да болады. Жаубүйректі бүйрек, бауыр және құйрықты бір жапырақтап істікке араластыра шаншып та қақтайды.



Жаужұмыр

Тіршілігінің көп күндерін түзде өткізуге мәжбүр болатын қазақтың ер-азаматтары қазансыз ет пісіріп жеу үшін ойлап тапқан бір тамаша тәсіл. Бұл көбіне ұзақ жолға, аңшылыққа, жаугершілікке, барымтаға шыққанда ыдыссыз ет пісіріп жеу үшін қолданатын тәсіл екен. Ұсақ малды не арқа-елікті сойып, етін мүшелеген соң, оны жуылған қарнына түгелдей салғанда сыйып кетеді. Тұзының дәмін келтіріп, дала сарымсағын салып, аздап су құяды да, қарнының аузынан дем шығып тұратындай етіп, екі басы тесілген жіліншікті түтік қып байлайды. Оған дейін жерді бес-алты күрек бойы қазып, ішіне лау ғып от жағып, әбден қыздырады. Оттың жалыңы басылған соң, кесек шоқтарды алып тастап, қоламтаға ет салынған қарынды тастайды. Жіліншік түтіктің бір ұшын сыртқа шығарып қойып, сыртын қоламтамен, сонан соң үш-төрт елі топырақпен жабады. Топырақтың үстінен тағы да от жағады да өздері бет алған шаруаларына кете береді. Бір күннен кейін келе ме, екі күннен кейін келе ме, әйтеуір қашан келсе де, "қоймалары" былбырап піскен етімен даяр тұрады екен.



Сылақ көмбе

Мұны С. Қасиманов осылай атайды. Бұл да жаужұмырдың бір түрі. Жас бағланды не марқа лақты бауыздаған соң, терісін сыпырмай, ішек-қарнын алып, ішіне тұз, сарымсақ (пияз) салып, аздап қана су құяды да жарылған іштің терісін қайта тігеді. Кеңірдек пен өңештің орнын да тігіп тастайды.бас сирағы кесілген ұшаны май батпақпен қалыңдығы жарты елідей ғып сылайды да, жанған оттың шоғына тастайды. Үстіне де от жағады. Бірер сағаттан соң, сылақ балшық әбден кеуіп, қышқа айналған кезде ұшаны аударып, астына шоқ төсеп, үстінен тағы от жағады. 2 сағаттай уақыт өткен соң, қыш "қорапқа" орынған ұшаны оттан шығарып, үстіне аударып-төңкеріп суық су құйғанда қатып тұрған сылақ шыт-шыт айырылады. Көтеріп алып, көк шөптің үстіне тастаса, жаңағы балшық сылақ малдың жидіген жүнін өзімен бірге ала түседі, сыртқа демі шықпай, өз сөліне піскен даяр етті жілік-жілігімен алып жей береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет