1 ДӘріс. ҚОҒамдық тамақтандыру кәсіпорындарының Қызметтері және оларғА Қойылатын талаптар



бет50/105
Дата22.12.2021
өлшемі163,16 Kb.
#127466
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   105
Байланысты:
ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚ.1-14 Дәріс.

Телшік. Көбіне Арқа жақтың тұрғындары ертеден бері жасайтын кәделі тағам. Өте семіз соғым сойылғанда, жылқының жүрек қабы – үлпершектің түп жағын айналдыра кесіп, бітеудей сыпырып алады да, ішіне қазының ішекке сыймай қалған қиындысын жұмсақ етке араластырып турап, айналдырған үлпершекке толтыра салады. Әрине тұз, бұрыш, пиязын да бірге қосады. Үлпершектің аузын қайтадан бүрмелеп тігіп, соғым етімен бірге аязға немесе тоңазытқышқа қойып сақтайды. Телшік ең сыйлы қонақтарға, не құдаларға асылады. Ет 1,5-2 сағатта езіліп пысып қалса,телшік баяу жанған отта кемі 5-6 сағат бүлкілдеп қайнауы керек. Сорпасын тартылып қалса, үстіне қайнаған су құйып, көбейтіп отырады. Жеке табақпен тартылған телшіктен үлкендер ауыз тиген соң, табақты жағалатып, үйде отырғандарға түгел үлестіреді.

Шұжық. Соғым етін мүшелеген кезде мүшеге қосылмайтын және кесінді ет, ұсақ майды шұжыққа деп бөлек ыдысқа салып қояды да, етті орналастырып болған соң, бұрыш, пиязын (кейде усарымсақ) араластырып, ішекке тығады. Шұжықты сүрлеп, не тобылғы түтініне ыстап, ұзақ уақытқа сақтайды.

Шұжық барлық малдың етінен жасалады. Дегенмен жылқы етінен жасалып, сүрленген шұжықтың жөні бөлек. Қазы сияқты ұнға салып, некептіріп алып сақтаған шұжықты асқан кездегі және табақтағы еттің үстіне тураған кездегі оның хош иісі тәбет шақырады. Шұжықты да кәделі ас ретінде сыйлы қонақтар келгенде қазанға салған.



Бұжы

Ет, жүрек, бауыр, май – бәрін турап, дәмдеуіштерін, пияз, бұрышын араластырып, тұзының дәмін келтіріп, қарынға салады да, аздап су құяды. Содан соң қазандағы сіға салып қайнатады. «Асылды» деп айтқанға болмаса, қарынның ішінде сыртқа дәмі шықпай піскен соң, өз нәрі өзінде, ерекше дәмді болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет