№1 дәріс Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет43/67
Дата11.11.2023
өлшемі1 Mb.
#191044
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   67
Байланысты:
Дәріс конспектісі

№9 - дәріс 
Тақырыбы:
Сан есімнің лексика-грамматикалық сипаты
.


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
Бесінші 
ЕҰУ Ф 703-08-15 Пәннің оқу-әдістемелік кешен. Бесінші басылым 
43 
Мақсаты:
қазақ тіліндегі сан есімдердің сөз таптары жүйесіндегі орны, 
ерекшелігі, мағыналық топтары туралы мәлімет беру, есімдіктің жалпы тіл 
білімінде, оның ішінде қазақ тіл білімінде зерттелуіне шолу жасай отырып, 
лексика-грамматикалық ерекшелігі, мағыналық топтары, түрлену жүйесі 
туралы түсінік беру.
Дәріс жоспары: 
1. Сан есім, оның сөз табы ретіндегі ерекшелігі. 
2. Сан есімнің мағыналық топтары. 
3. Синтаксистік қызметі.
4. Есімдіктердің зерттелуі. 
5. Есімдіктердің лексика-грамматикалық сипаты. 
Негізгі ұғымдар:
жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, белгісіздік, болжалдық, 
жалпылау есімдіктері, прономиналдану, субстантивтік, атрибутивтік, дейксис, 
есептік, реттік, болжалдық, жинақтық, бөлшектік, топтау. 
Дәріс мәтіні 
Сөз таптарының ішінде есімдер тобына сан есімдер де жатады. Мағыналық 
және қызмет сипатына қарай сан есімдер сын есімдерге ұқсас келеді. Ол 
ұқсастық: сын есімдер заттың түрлі сындық белгісін білдірсе, сан есімдер зат 
есімдермен тікелей байланысып, заттық ұғымның әр түрлі сандық сипатын 
білдіреді.
Мысалы, қалың кітап – төрт кітап, әдемі қалам – он қалам т.с.с. Сан есімдер 
де, сын есімдер сияқты, зат есіммен тікелей тіркеседі. Бірақ сан есімнің сын 
есімнен ерекшелігі: зат есіммен тіркеспей де қолданылуында.
Зат есіммен тіркесіп не тіркеспей жеке-дара қолданылуы сан есімнің 
семантикасына да әсер етеді. Сан есімдердің жалпы сандық ұғымдардың (бір, 
бес, жеті т.б.) атауын білдіруі олардың зат есімсіз қолданысына байланысты. 
Ал кері жағдайда, яғни зат есіммен тіркескенде олар жалпы сандық ұғымды 
емес, өзі тіркескен заттың нақты, дәл санына қатысты мағынасын білдіреді. 
Мысалы: бес-бес студент, 201-екі жүз бесінші бөлме. Мұның алғашқыларында 
мағына жалпы, абстракциялы, ал соңғыларында нақты.
Бұдан сан есімдердің нақты сандық ұғымды білдіруі зат есімдермен тіркесіп 
қолданылуына байланысты екендігі көрінеді.
Басқа да бірқатар тілдердегі сияқты, қазіргі қазақ тілінде де сан есімдер – 
дербес сөз табы. Қазақ тіліндегі сан есімдердің ерекшелігі алуан түрлі /1,294/. 
Ол ерекшеліктер сан есімдер тобындағы сандық атауды білдіретін сөздердің 
лексика-грамматикалық және грамматикалық сипатымен, қызметімен 
байланысты сипатталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет