1-дәріс. Тақырыптың аталуы: Кіріспе. Көмекші мектептегі коррекциялық ритмика пәні және міндеттері



бет25/89
Дата07.02.2022
өлшемі187,43 Kb.
#93097
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   89
Байланысты:
коррекц ритмика лекция жинағы

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Би жаттығуларының маңызы және түрлері қандай?
Әдебиеттер:
https://infourok.ru/muzykaly_didaktikaly_oyyndar_zhiyntyy-517950.htm
11-дәріс. Тақырыптың аталуы: Коррекциялық ритмика сабақтарының құрылымы
Дәріс жоспар:
1. Ырғақты жаттығу (кіріспе жаттығулар)
2. Бұлшықет тонусын реттейтін жаттығулар
1. Ырғақты жаттығу (кіріспе жаттығулар).
Музыкалық ойындар психоэмоционалдық күшті шешеді,топтық әрекет дағдыларын тәрбиелейді, яғни баланы әлеуметтендіреді. Музыкалық ритм ка көмегімен қозғалысты ұйымдастыру балалардың назарын, есте сақтауын, ішкі жинақталуын дамытады,мақсатты әрекет ету қабілетін қалыптастырады. Зерттеушілердің көбі (С.М. Миловский, И.В. Евтушенко,Е.М. Медведева, Е.М. Мастюкова және т.б.)өздерінің жұмыстарында музыкалық-ритмикалық сабақтар тек қана дені сау балаларымен ғана емес психикалық дамуының тоқтауы бар балалар үшін де көп мағына беретінін көрсететіні айтқан. Бұл оларға нервті-психикалық құрылым ерекшелігі,эмоциялық-ерікті және тұлғалық жетілмегендік,әрекеті мен тәртіп өзгешілігі,қозғалмалық ерекшелігі және психикалық ортасы балаға ритмика ерекшелігімен өзіне тән құралдармен әсер ету корекциясына жақсы беріледі.
Ырғақ ойын жаттығуы:(сипап сезу, көзбен көру,есте сақтау еркінді танымдарын дамытады.)
Ал қазіргі заманғы музыка әуені кең қозғалыстығымен көңілді динамикасымен балаларға жақын. Қазіргі заманғы балалар ырғақ жаттығуларын балабақшада қолданудың тиімділігі ол, балаларды музыкалық, психо-физикалық , эстетикалық тәрбие жағынан әр - түрлі әсерлі формаларды қолдана отырып ырғақты жаттығу қозғалыстарын дамыту болып табылады. Ритмикамен айналысу балалардың бұлшық ет корсетін нығайтуға,дұрыс дем алуды қалыптастыруға, моторикалық функция дамуына, дұрыс дене сымбатын,жүрісін,қозғалыс грациясын қалыптастыруға септігін тигізеді, бұл баланың балдық жалпы организімін сауықтыруға көмектеседі,бұған қол жету:сабақта жайлылық сезінуге жағдай жасау; баланың мүмкіндігіне дәл тапсырмалар беру; сауықтыру уақытын,денсаулық сақтауға динамикалық паузаны белсенді қолдану; сәттілік жағдайын жасау; Ритмика сабақтары негізгі музыкалық-теориялық түсініктерді игеруге,музыкалық естуді,моториканы,қозғалыс координацияны,есте сақтауды,ритм сезімін дамытуға көмектеседі, музыканы қабылдауды жандандырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет