1. Етістіктің өзіне тән белгілері қандай? Етістік құрамына қарай қалай бөлінеді?



бет16/35
Дата29.01.2020
өлшемі10,44 Mb.
#56790
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35
Байланысты:
6-с адебиет КМЖ Дайыны-1
6-с адебиет КМЖ Дайыны-1




САБАҚ: Қазақ әдебиеті

Мектеп: 157

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Назым Жантаева

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы

Абай Құнанбайұлы «Жетінші сөз»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.1.1.1 - әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау;

6.1.2.1 - әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру;

6.1.3.1 -әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау;


Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Абайдың жас ұрпаққа өмір сүруді үйрету туралы нақыл сөздерін өлеңдерімен салыстыра отырып оқытып оқушы бойына дарыту,өлең мен қарасөздерінің мазмұн бірлігін,сабақтастығын түсіндіру

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Абай қара сөздерінің мазмұнын түсіндіру



Кейбір оқушылар орындай алады: Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтайды, кейіпкерді шынайы өмірмен салыстырып, басқа шығармадағы кейіпкермен салыстырады

Бағалау критерийлері

- Автор ойын, көзқарасын білдіретін жолдарды табады

- Анықталған үзінділер негізінде автордың образын талдайды

-Кейіпкерлердің бейнесіне қатысты үзінділерді анықтайды

- Үзіндіде берілген қасиеттерді қазіргі өмірмен салыстыра отырып, көзқарасын білдіреді



Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: Қарасөздің негізгі идеяларын анықтап, талдайды.

Пән лексикасы және терминология:

Ұрлық, өтірік, бекер мал шашпақ



Талқылауға арналған сұрақтар:

Автордың іс-әрекеті дұрыс па?



Құндылықтарға баулу

Оқушыларды қарасөздің пайдасы арқылы еңбексүйгіштікке, еңбекқорлыққа, алдына қойған мақсатқа жете білуге тәрбиелеу

Осыған дейін меңгерілген білім

шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалайды, көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқып, жатқа айтады

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану, технология

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

.

5 мин



- Психологиялық ахуал туғызу.

Компьютерден ұсынылған сурет бойынша «Кроссенс» әдісі арқылы жаңа тақырыпқа шығу

( Бағалау критерийі:

Негізгі ойды анықтайды.



Дескриптор:

1.Суреттердің байланысын табады




Суреттер, интербелсенді тақта, тілектер

Қызығушылығын дамыту


«Ой қозғау» сәті: 
Абай шығармаларындағы ақыл,жүрек,ғылым,қайрат туралы өлең жолдарын жатқа айтқызу. 
1.Ақыл, қайрат,жүректі бірдей ұста, 
Сонда толық боласын елден ерек. 
2.Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба. 
3.Дүние де өзі, мал да өзі, 
Ғылымға көңіл бөлсеңіз. 
4.Махаббат ғадауатпен майдандасқан, 
Қайран менің жүрегім мұз болмай ма? 
Асау жүрек аяғын шалыс басқан
Жерін тауып артқыға сөз болмай ма? 
5.Жүрегіңнің түбіне терең бойла, 
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла. 
6.Жүректе қайрат болмаса, 
Ұйықтаған ойды кім түртпек? 
7.Мал да бар жан мен тән, 
Ақыл,сезім болмаса, 
Тіршіліктің несі сән, 
Тереңге бет қоймаса. 
8. Мұңмен шыққан оралған тәтті күйге, 
Жылы жүрек қайда бар қозғаларлық? 
9.Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, 
Үннің тәтті оралған мәні оятар. 

Абайдың қара сөздерінде айтылған пікірлерін түйіндей келе, адам қандай болу керек деп келгенін топтастырып көрейік

Адам төзімді 
жігерлі 
білімді 
тәрбиелі 
елжанды 
иманды 
адал 
арлы 
зерек 

Бағалау:«Жарайсың», «Жақсы», «Керемет» мадақтау сөздерін айту

Дескриптор:

1.Кейіпкерді анықтайды

2.Кейіпкерге талдау жасайды


Қима қағаздар


Негізгі кезең



1. Талап – 44-қарасөзі 2. Еңбек – 2-қарасөзі 3. Терең ой – 9-қарасөзі 4. Қанағат – 10-қарасөзі 5. Рахым – 17-қарасөзі.

- Міне,бұл бесеуі адамның асық болатын,үйренетін бес асыл іс екенін Абай ата өлеңінде көрсетсе,өзінің қарасөздерінде ой түйіндеп осылар туралы тағы да айтып өтеді.Ал кәнеки осыларға көз жүгіртелік.

44,2,9,10,17-қарасөздерін оқушылар кезектесе оқып,түйінін ашып,өз ойларын айтады.

Дәл осылайша адам баласының аулақ жүретін бес дұшпанын санамалап,оны қарасөздердегі айтылатын ой-түйіндермен жалғастырып талдайды.

Өсек пен өтірік – 2-қарасөзі,мақтаншақ – 38-қарасөзі,еріншек – 38-қарасөзі.

Қарасөздері мен өлеңдегі өмір сүруді үйрететін нақыл сөздердің тәрбиелік мәнін оқушылар өз ойларын айта отырып ашқаннан кейін шығармашылық жұмысқа жұмылдырылады. «Атадан ұл туса игі» тақырыбында ой-толғаныс (эссе) жазғызу.Абайға еліктеп қарасөз жазуларына да болады.



Мәтін бойынша тапсырмалар:


Бағалау: топ бір - бірлерін тәсілі арқылы бағалайды.

Дескриптор:1.Қарасөзден автор ойын табады.

Постер, маркер, мәтін




Сергіту сәті

3 мин

Музыкалық әуен негізінде сергіту сәтіне жаттықтыру

Музыкалық әуен

Бекіту


Бүгінгі өтілген тақырыбымызды 5 жолды өлең стратегиясымен қорытындыласақ. 

Кім?Абай-дана,ойшыл,философ 
Қандай? Абай-ақылды,сауатты,көреген 
Не істеді? Абай-қара сөз жазды. 
Қашан? 1890-1898 жылдары 
Не мақсатпен? Керегіне жаратсын. 
Бағалау: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»тәсілі арқылы бағалайды.

Дескриптор:

.Мәтінді оқиды.

. Ой толғау.
Еңбек адам өмірінде маңызды орын алады. «Еңбектің наны - тәтті, жалқаудың жаны - тәтті» дегендей адамның өз еңбегімен тапқан «наны», «асы» адал болады.


Постер, маркер

Сабақтың соңы

Рефлексия



2 мин

Сабақтың соңында оқушылар өз-өздерін«Рефлексиялық нысана»бағалау әдісі арқылы бағалайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет