1. Фармакологияның пәні, мақсаттары мен міндеттері, оның жалпы медициналық білім беру жүйесіндегі маңызы


Қатты дәрілік қалыптардың анықтамасы, жіктелуі, рецепт бойынша жазу ережелері



бет2/12
Дата07.12.2022
өлшемі2,5 Mb.
#161796
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
1. Фармакологияны п ні, ма саттары мен міндеттері, оны жалпы м
5а реф есеп Г, Басқару психологиясы 10 семинар, Документ Microsoft Word (3), аааа, 2 қосымша (1), 2-сын 1БЖБ қазақ т, мат 1БЖБ 2-тоқ, Тақырып негіздемесін қараймыз, Pedagogika, Диктант Респ. күніне, ереже 1-4 сын, Gxp рк2, жеңіл атлетика жоспары 5-9 сыныптарға, Сабақ тақырыбы Гимнастикалық жиынтықтың негізін құру 6 класс.
4. Қатты дәрілік қалыптардың анықтамасы, жіктелуі, рецепт бойынша жазу ережелері.
Қатты дәрілік қалыптар - қатты қасиетінің арқасында көлемі мен геометриялық формасы тұрақты болып табылатын дәрілік қалып түрі. Қатты дәрілік қалыптарға гранулалар, драже, капсулалар, қарындаштар, микрокапсулалар, ұнтақтар, таблеткалар жатады.

  • Драже – қосымша заттардың микробөлшектеріне қантты шәрбаттарды қоса отырып, дәрілік затты қабаттармен жағып дайындалатын дозаланған қатты дәрілік қалып түрі.




  • Брикет – дәрілік затқа немесе ұсақталған дәрілік өсімдік шикізатына (немесе әртүрлі өсімдік шикізаттарының жинағына) қосымша заттар қоспай престеліп дайындалатын, ерітінді, тұндырма (тұндырмаға арналған брикет) және қайнатпа (қайнатпаға арналған брикет) дайындауға арналған дозаланған қатты дәрілік қалып.



  • Таблеткалар – қосымша заттар қосылып немесе қосымша заттарсыз, бір немесе бірнеше дәрілік заттардан тұратын, ұнтақтар мен гранулаларды престеу арқылы алынатын дозаланған қатты дәрілік қалып түрі.



  • Капсулалар – дәрілік заттың қабықшамен қапталған дозаланған дәрілік қабық.



  • Ұнтақ — бір немесе бірнеше ұсақталған заттардан тұратын дәрілік қалыптар.

Қатты дәрілік қалыптар өндірісінің процесін төрт негізгі кезеңге бөлуге болады: ұнтақтар дайындау кезеңі;дәрілік қалып массасын алу кезеңі;дайын дәрілік қалып алу кезеңі; қаптау және орау кезеңі.


Таблеткаларды рецеттерде жазу ережесі:
1. «Rp.:» Tabulettam дәрілік қалыптың аты жазылады,дәрілік заттың аты ілік септігінде бас әріппен және 1 таблетканың дозасы граммен жазылады D.t.d N…одан кейін S.
Мысалы: Rp.:Tabulettam Analgini 0,5
D.t.d N10
S.1 таблеткадан бас ауырғанда.


5. Жұмсақ дәрілік қалыптардың анықтамасы, жіктелуі, рецепт бойынша жазу ережелері.
Жұмсақ дәрілік формалар - теріге жағатын дәрінің бір түрі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет