1 Ұйымның техника-экономикалық сипаттамасы


Халықаралық стандарттарға көшудегі негізгі құралдарды есепке алуды ұйымдастыру ерекшеліктері



бет3/7
Дата28.01.2018
өлшемі1,23 Mb.
#34533
1   2   3   4   5   6   7

2 Халықаралық стандарттарға көшудегі негізгі құралдарды есепке алуды ұйымдастыру ерекшеліктері

2.1 Халықаралық стандарттаудың мәні, маңызы және ерекшеліктері
Стандарттар деген сөз ағылшын тілінен аударғанда норма, үлгі деген мағынан береді. Бухгалтерлік есепте стандарттар деген түсінікті екі көзқараста қарастыруға болады. Біріншіден, ол – белгіленген қызметті реттеуші принциптер мен ережелер, екіншіден, әр түрлі принциптер мен ережелерді бекітетін нормативтік құжаттар. Бұл жағдайда есепті жүргізудің құжатпен ресімделген ережелерінің кешені (нормалар, үлгілер) белгіленген терминологияға, әдістерге, белгіленген деректі көрсету кезінде шаруашылық операциялардың мәнісіне сәйкес келуі тиіс.

Есепті стандарттау термині дегеніміз есепті жүргізу мақсатында субъектілер қызметін реттеу мақсатында заңнамамен бекітілген процедуралардың жиынтығын қолдану.

Халықаралық бухгалтерлік стандарттардың пайда болуы ең алдымен мынандай объективтік алғышарттармен байланысқан:

1) интеграция, әлемдік экономиканың өзара тәуелділігі, өзара байланыстылығы, және қаржылық әрі инвестициялық нарықтардың жан-жақты қажеттілігі;

2) трансұлттық корпорациялардың , интеграцияланған бірлескен кәсіпорындардың , корпорациялардың кеңеюі және әр түрлі елдердің капиталдарының өзара кірігуі;

3) әлемдік өндіргіш күштердің жаппай, жаһандық және интернационалдық деңгейге дейін дамуы;

4) жетекші елдердің валюталарының еркін конвертациялануы, сонымен бірге ортақ еуропалық валюталардың енгізілуі;

5) әлеуметтік, экономикалық, қаржылық салаларда ұлтаралық бағдарламаларды жүзеге асыруда және экономикалық үрдістерді басқаруда біріздендіру және стандарттау сияқты ортақ тәсілдемелердің қажеттілігі;

6) ұлттық қағидалар мен ережелер шеңберінде қалудың мүмкінсіздігі;

7) халықаралық ережелерге немесе серіктес елдің ұлттық нормаларымен сәйкес есептілікті жүргізу үшін едәуір қаржыларды жұмсамай-ақ дұрыс шешімдерді қабылдау үшін салыстырмалы, түсінікті ақпаратты иелену тілегі.

ҚЕХС-ның айырықша ерекшелігі есептік мәселелерді шешуге қатысты тәсілдемелердің көп варианттылығы. Мұның мысалы ретінде негізгі құралдардың амортизациясын (тозуын) есептеудің, запастардың, инвестициялардың есебін жүргізудің балама әдістерін пайдалану мүмкіндігі қарастырылады. Көптеген себептерге байланысты ҚЕХС әр түрлі елдерде, әсіресе АҚШ-тағы есепті енгізу тәжірибесінің ықпалында тұрады.

Айтылғанға байланысты, халықаралық стандарттар кәсіпорындардың іс жүзінде барлық аспектілерін регламенттей отырып, оның әрекет етуінің жеткілікті кең салаларын қамти алмайды. Сондықтан да ҚЕХС-ын зерттей отырып, оларды қолдану кәсіпорынға өте кең қолданылатын жалпы қабылданған нұсқаларын таңдауына мүмкіндік береді.

ҚЕХС-ын сәйкес қалыптасатын есептік және есептілік ақпараттың артықшылықтары мен кемшіліктері бар, оларды біз төмендегі 1-кестеде топтастырдық.

1-кесте - ҚЕХС –ның артықшылықтары мен кемшіліктері




Артықшылықтары

Кемшіліктері

  • Капиталдың халықаралық нарықтарына тартуға арналған мүмкіндіктерін кеңейту;

  • Негізделген шешімдерді пайдаланушының қабылдауына көмектесетін ақпараттың пайдалылығы және қарастырылатын көлемнің регламенттелуі;

  • Уақыт пен басқа шығындарды, соның ішінде материалдық шығындарды қысқарту;

  • Жауапкершілікті көтеру және республика экономикасының тұрақты өсуіне арналған есептің ақиқаттылығы мен маңыздылығын арттыруға қабілетті бухгалтерлердің білімдерін, машықтарын және өкілеттіктерін кеңейту;

  • Ақпараттың ашықтығы, тәуекелдіктердітөмендету және сенімділікті арттыру арқылы басқа елдермен ынтымақтастықты дамыту;

  • Сапалы салыстырмалы қаржылық ақпаратты қалыптастыру негізінде әр түрлі елдер экономикаларының бірігуі;

  • Экономикалық интеграцияны жақындату және есеп пен есептілікті үйлестіру.

  • Стандарттың жалпылама сипаттары;

  • Есеп әдістерінің жеткілікті үлкен көлемдегі алуан түрлілігі

  • Нақты жағдайларға қатысты нақты түсіндірулердің жоқтығы;

  • әр түрлі елдердің даму деңгейлеріндегі айырмашылықтар;

  • экономиканың ұлттық ерекшеліктерін және дәстүрлерін ескеретін ережелер мен реттің болмауы;

  • ұлттық есеп жүйесіне ҚЕХС-ын бейімдеу қажеттілігі және жекелеген жағдайларда жұмыстың үлкен көлемде болуы;

  • бухгалтерлердің білімдері мен машықтарының жеткіліксіздігі, сондай-ақ оқытудың жүйелі түрдегі қажеттілігі;

  • аударудың дұрыс болмауына байланысты кейбір терминологияны түсінудің қиындығы;

  • жекелеген пәндер бойынша нормативтік-құқықтық жүйенің сәйкессіздігі.

Сәйкесінше, мынаны айтуға болады, яғни ақпараттық базаның негізі ретіндегі ҚЕХС-ын бухгалтерлік есептің отандық жүйесіне енгізудің мақсаты – есептіліктің ұлттық айырмашылықтарын азайту және әр түрлі пайдаланушылар шешімдерді қабылдау үшін ақпараттың сенімділігін қамтамасыз ету.

Есептік жүйені стандарттау – бұл әр түрлі елдердегі есеп жүйесін зерттеу, жіктеу және топтастыру және де есеп пен есептілікті жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу.Бұл жағдайда әрбір елде есептің өзіндік ұлттық жүйесі қабылданған, ол белгіленген дәрежеде жалпы қағидаларға бағытталған.
2.2 Халықаралық стандарттарға сәйкес негізгі құралдарды

жіктеу және бағалау
Есеп саясатының бұл бөлімінде шаруашылық субъектісін материалдық активтерді негізгі құралдарға апаруға критерилерін анықтап алу керек. Негізгі құралдардың есебі, бухгалтерлік есептің маңызды да күрделі бөлімдерінің бірі болып табылады және ол халықаралық қаржылық есептіліктің 16 «Негізгі құралдар» стандартымен реттеледі. 16 ХҚЕС қолданылатын келесідей негізгі құралдар өндірістік қызметте қолданылса да 16 ХҚЕС бойынша есебі жүргізілмейді: орманды жерлер және басқа табиғатты пайдалануды қалпына келтіруші басқа да объектілері, минералды қазбалар мен басқа да осыған ұқсас орны толтырылмайтын табиғи ресурстар, оларды іздеу және өндіру (16 ХҚЕС 2.б).

16 «Негізгі құралдар» ХҚЕС сәйкес, негізгі құралдарға, бір мерзімнен артық уақыт ішінде компания өндіріс немесе тауарлармен қызметтерді жеткізу үшін, басқа компанияларға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсатта қолданатын активтер жатады. Ол үшін активтерді негізгі құрал ретінде бухгалтердің тануы жеткіліксіз.

Негізгі құрал тану дегеніміз, оларды бухгалтерлік баланс қосу үшін есепке қабылдауды білдіреді.

Негізгі құралдардың объект актив ретінде тану бір мезгілде екі шартты орындауды білдіреді (16 ХҚЕС 7.б).

Неізгі құралдар – материалдық активтер олар:

А) компания немесе тауарлы – материалдық қорларды жабдықтау және қызмет атқару үшін, басқа компанияларға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін қолданылатын;

Ә) әрбір кезеңнен астам уақыт ішінде қолданылуды болжайды.

Негізгі қаражаттың объектілері үшін пайдалы қолдану мерзімі белгіленеді, бұл:

А) компания активтік пайдалану болжанып, күтілетін (есептік) кезең;

Ә) компания активті пайдаланып, жасауды көздейтін бұйымның саны. Басқаша айтсақ, негізгі құралдарды пайдаланудың экономикалық пайдасын алу болжанатын кезең.

Негізгі құралдардың объектісі актив ретінде мынандай жағдайларда пайда алады деп сендіруге болатын болса:

А) компания активке байланысты болашақ экономикалық пайда алады деп сендіруге болатын болса;

Ә) активтің өзіндік құны сенімді бағаланса.

Негізгі құралдар дегеніміз – ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) материалды өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде іс - әрекет ететін материалдық активтер ұлттық комиссиясы.

2-ҰҚЕС-ның 16 - «Негізгі құралдар» бөлімінде негізгі құралдарға келесідей анықтама беріледі:

«Негізгі құралдар – бұл:



  1. өндірісте қолдануға немесе әкімшілік мақсаттар үшін немесе басқа тұлғаларға жалға өткізу үшін тауарларды және қызмет көрсетулерді жеткізуге арналған;

  2. күтілетіндей, бір жылдан артық қолданылатын материалдық активтер».

Ұсынылған анықтамалардан үш негізгі белгі айырықшаланады:

  1. материалдық нысанының болуы;

  2. кәсіпорынның қалыпты қызмет процесінде мақсатты сипатының қолданылуы (сату үшін арналмаған);

  3. қолданылуының ұзақ мерзімі (кем дегенде бір айналымнан артық).

2-ҰҚЕС - ның 1 - параграфы 3 – тармағы 1 – тармақшасына сәйкес актив – бұл өткен оқиғалар нәтижесінде болашақ пайда алу күтілетін ұйымдармен немесе жеке кәсіпкерлермен бақыланатын ресурс.

Осылайша, ұлттық стандарттар принциптеріне сәйкес кәсіпорын активтермен байланысты болашақ экономикалық пайда алатынын жоғары деңгейдегі ықтималдылығын бекітуге болатын жағдайда негізгі құралдардың объектісі актив ретінде танылады.

Халықаралық стандарттарға ұқсастық бойынша, болашақ экономикалық пайда алу ұйымның:


  1. активке байланысты игілік алатынына;

  2. өз мойнына сәйкесінше тәуекелдерді алатынына қатысты анықтылығын білдіреді.

Егер актив экономикалық пайда әкелмейтін болса, онда оны сатып алуға кеткен шығындар есепті кезең шығыстарына есептен шығарылады.

Халықаралық стандарттарда және 2-ҰҚЕС – нда активті қолданудан болашақ экономикалық пайда алу міндеттеленеді, сондықтан 6 – «Негізгі құралдардың есебі» ҚБЕС бойынша негізгі құралдар объектілерін тану принциптері бойынша негізгі айырмашылық болып осы жағдай табылады.

Материалдық активтерді негізгі құралдар деп танитын тұста бағалауға бірыңғай қарау қажетті шарт болып табылады. 6 «Негізгі құралдар есебі» БЕС мен 16 «Негізгі құралдар» ҚЕБХС – на сәйкес негізгі құралдар мыналар бойынша бағаланады:


  • Бастапқы құн немесе өзіндік құнмен – активті немесе ғимаратты алуға сол сәтінде берілген, басқа өтелген әділ бағаның немесе төленген ақшалай қаражаттың немесе оның баламасының сомасы;

  • Ағымдағы құнмен белгілі бір күнде қолданыста жүрген нарықтық баға бойынша негізгі қаражаттық құны;

  • Өткізу құнымен (әділ бағаның) – мәмілеге дайын және жақсы хабардар тәуелсіз тараптар арасында жасалған операциялар кезінде активті ауыстыруға болатын сома;

  • Жойылу құны – шыққан шығынды тастап пайдаланылған мерзім соңында субъект актив алатын деп үміттенетін таза сома немесе сынған қалдықтардың қосалқы бөлшектерінің көзделетін бағасы;

  • Амортизациялық құнмен – жойылу құнын алып тастағандағы өзіндік құнның орнына есеп беруде көрсетілген басқа сома мен активтің өзіндік құны;

  • Баланстық құнмен – жинақталған тозу және баға түсуден жинақталған залал сомасын алып тастағанда бухгалтер баланста актив мойындалатын сома. Баға түсуден болатын залал – активтің баланстық құны оның орнын толтыратын құннан артқан сома.

Негізгі құралдарды бастапқы құнына келтіру мақсатымен шаруашылық жүргізуші субъект басшылығы кейбір кезде іс жүзіндегі бағаларға сәйкес. Бухгалтерлік есепте қайта бағалау сомасы негізгі құралдардың 2- ҰҚЕС-ның 16 - «Негізгі құралдар» бөлімшесінің тиісті баланстық шоты бойынша тікелей бастапқы құнын арттырады және қатар бір мезгілде 5320 «Негізгі құралдарды қайта бағалаудан болатын қосымша төленбеген капитал» 54 бөлікшенің баланстық шоты бойынша көрсетілді.

Осы қатынас хатқа сәйкес, жазу мерзімі аса көп емес, сондай – ақ едәуір тозу дәрежесі бар негізгі құрал объектілерінің бастапқы индекстерін белгілегенде негізгі құралдардың қызмет ету мерзіміне байланысты индексті көшендету әдістемесі қолданылады. Бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша тозу дәрежесі бар негізгі құрылғылардың құнын ұлғайтушы алынған бастапқы индекстері 1 графасынан 30% - кем, 31-50% тозу дәрежесі 2 графадан, 51- ден 64% - іне дейінгі тозу дәрежесі 3 графадан, 65- тен 79% - ке дейінгі тозу дәрежесі – 4 графадан, 80- нен жоғары тозу дәрежесі 5 графадан.


2.3 Негізгі құралдар, оларды жіктеу және бағалау
Неізгі құралдар – материалдық активтер олар:

А) компания немесе тауарлы – материалдық қорларды жабдықтау және қызмет атқару үшін, басқа компанияларға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін қолданылатын;

Ә) әрбір кезеңнен астам уақыт ішінде қолданылуды болжайды.

Негізгі қаражаттың объектілері үшін пайдалы қолдану мерзімі белгіленеді, бұл:

А) компания активтік пайдалану болжанып, күтілетін (есептік) кезең;

Ә) компания активті пайдаланып, жасауды көздейтін бұйымның саны. Басқаша айтсақ, негізгі құралдарды пайдаланудың экономикалық пайдасын алу болжанатын кезең.

Негізгі құралдардың объектісі актив ретінде мынандай жағдайларда пайда алады деп сендіруге болатын болса:

А) компания активке байланысты болашақ экономикалық пайда алады деп сендіруге болатын болса;

Ә) активтің өзіндік құны сенімді бағаланса.

Негізгі құралдар дегеніміз – ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) материалды өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде іс - әрекет ететін материалдық активтер ұлттық комиссиясы.

Негізгі құралдар есебі Қазақстан Республикасының бухгалтер есеп жөніндегі 1996 ж. 13 қарашадағы Қаулысымен бекітілген 2-ҰҚЕС-ның 16 - «Негізгі құралдар есебі» бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес іске асырылады.

Мақсаттық белгілеуіне және орындалатын іс – қызмет аясына байланысты, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық бухгалтерлік есеп бойынша 1996 ж. 18 қарашадағы № 6 қаулысымен бекітілген қаржы – шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебі шоттарының Бас жоспарына сәйкес негізгі құрамдар мынандай топтар бойынша мақсатты белгілеу мен орындалатын іс – қызмет аясына байланысты жіктеледі.



  1. Жер – субъектінің меншік құқығымен алынған жерінің саны мен бағасы.

  2. Үйлер – еңбек етуге, тұруға, халыққа әлеуметтік – мәдени қызмет көрсету және материалдық қорларды сақтауға жағдай жасау үшін белгіленген архитектуралық – құрылыс объектілері. Әрбір жеке тұрған үй түгендеу объектісі болып саналады.

  3. Ғимараттар – еңбекке керек – жарақтардың емес (зат скважиналар, көпірлер және т.б.) өзгеруіне байланысты емес міндетті іс – қызмет аясын атқару жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік – құрылыстық объектілер.

  4. Машиналар мен жабдықтар - әрбір машина егер ол басқа мүліктік объектінің бөлігі болмаса, құрамындағы тетік, құрал – аспаптармен, қоршаулармен, тірек – тұғырымен мүліктік объект болып табылады. Негізгі құралдардың бұл тобы 5 топшадан тұрады:

  • Күш қуатты машиналар мен жабдықтар – жылу және электр қуатын өндіретін машина – генераторлар; әр түрлі энергияны механикалық, яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын машина – двигательдер (тракторлар және өзі жүретін шассилер, бу двигательдері, трубиналар, электр двигательдері және т.б.);

  • Жұмыс машиналары мен жабдықтары – еңбек өнімін жасау процесінде керек – жараққа механикалық, термиялық және химиялық әсер ету үшін арналған машиналар, аппараттар мен жабдықтар (токарлық – винт, бұранда жасайтын станоктар, ағаш тілетін рамалар, насостар, электромоторлар, экскаваторлар, грейдерлер (жол құрылысына пайдаланылатын машиналар және т.б.);

  • Өлшеуіш және реттегіш құрал – аспаптар (приборлар, құрылғылар мен керек – жарақтар, лабороториялық жабдықтар) - өндірістік процестерді өлшеу, реттеу үшін құрал – аспаптар, құрылғылар мен керек – жарақтар (дозаторлар, амперметрлар, микроскоптар, су өлшеуіштер және басқалары);

  • Есептегіш техника – процестерді түзету мен автоматтандыруға арналған машиналар, құрылғы, керек – жарақтар, құрал – аспаптар (компьютерлер мен басқа есептегіш техника);

  • Басқа да машиналар мен жабдықтар – машиналар, аппараттар және басқа жабдық (телефон станцияларының, радио тораптарының жабдықтары, өрт сөндіру машиналары).

  1. Табыстау қондырғылары – электр, механикалық және жылу энергиясы (электр беру желісі, тұрба құбыры) қондырғылары.

  2. Көлік құралдары – адамдарды, жүктерді тасуға арналған (теміржол, су, әуе автомобиль көлігі, арба көлігі) тасымал құралдары.

  3. Басқа да негізгі құралдар:

  • Аспап – қол еңбегінің механикаландырылған және механикаландырылмаған немесе металь, ағаш және т.б. өңдеуге арналған, машинаға бекітілген керек – жарақтар (кескіш, соққыгер, езуші, тығыздап нығайтылған – электр қол бұрғылар, бояу сыр пульттары, вибраторлар, қысқыштар):

  • Өндіріс мүлік пен олардың керек – жарақтары - өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет етуге арналған заттар – жұмыс үстелдері, шкафтар, верстактар (ағаш ұсталарының ағаш шабатын, кесетінұзынша үстелі);

  • Шаруашылық мүлкі – кеңселік және шаруашылық мүлік (үстелдер, шкафтар, кілемдер және т.б.);

  • Жұмыс малы және өсімтал мал. Жұмыс малы – аттар, өгіз, түйе және тағы басқа жұмыс малы. Өсімтал мал – ірі қара мал, тұқымдық айғырлар және тұқымдық бие; тұқымдық нар мен аруана, бұғы, марал, ұрғашылары мен еркектері, қабан шошқа, ешкі, саулық және қошқар. Мүліктік объект - әрбір үлкен мал.

  • Көпжылдық көшет егістері – қолдан егілген, жасына қарамайтын көпжылдық егістер (жеміс – жидек беретін, жүзімдік, көпжылдық егістері, роза плантациясы, бұтадан (өсімдіктен) жасалған қоршау, қаша, танапты қорғайтын егістер). Жас қасиеттер әбден толысқан (жеміс беру басы, ағаштың ұшар басының түйісуі);

  • Жерді (ғимаратсыз) жақсарту жөніндегі күрделі шығындар – ауыл шаруашылығына пайдаланатын жердің бетін көркейту жөніндегі мүліктік сипаттағы шығындар (жер учаскесін жоспарлап, жүйелеу, алаңды егіндікке арнап тамырмен жұлу, жерді тастан тазарту);

  • Басқа да негізгі құралдар – кітапхана қорлары, спорттық мүлік, мұражай құндылықтары.

  1. Бітпеген құрылыс.

Қолда бар негізгі құралдар алынған сәтінен бастап үнемі қолданылмайды, өйткені олар:

  • Тоқтатылып қойылады (жұмыс жасамайды) – уақытша қолданылмайды;

  • Қоймада тұрады (қорда) – жөнделген, жоқтатылған, апат жағдайында қолда ныстағы негізгі құралдарды ауыстыру үшін қор құрайды;

  • Жалға берілген немесе алынған – басқа ұйым тапсырған немесе басқа ұйымнан алынған жал мерзімі шартпен белгіленген негізгі құралдар.

Материалдық активтерді негізгі құралдар деп танитын тұста бағалауға бірыңғай қарау қажетті шарт болып табылады. 6 «Негізгі құралдар есебі» БЕС мен 16 «Негізгі құралдар» ҚЕБХС – на сәйкес негізгі құралдар мыналар бойынша бағаланады:

  • Бастапқы құн немесе өзіндік құнмен – активті немесе ғимаратты алуға сол сәтінде берілген, басқа өтелген әділ бағаның немесе төленген ақшалай қаражаттың немесе оның баламасының сомасы;

  • Ағымдағы құнмен белгілі бір күнде қолданыста жүрген нарықтық баға бойынша негізгі қаражаттық құны;

  • Өткізу құнымен (әділ бағаның) – мәмілеге дайын және жақсы хабардар тәуелсіз тараптар арасында жасалған операциялар кезінде активті ауыстыруға болатын сома;

  • Жойылу құны – шыққан шығынды тастап пайдаланылған мерзім соңында субъект актив алатын деп үміттенетін таза сома немесе сынған қалдықтардың қосалқы бөлшектерінің көзделетін бағасы;

  • Амортизациялық құнмен – жойылу құнын алып тастағандағы өзіндік құнның орнына есеп беруде көрсетілген басқа сома мен активтің өзіндік құны;

  • Баланстық құнмен – жинақталған тозу және баға түсуден жинақталған залал сомасын алып тастағанда бухгалтер баланста актив мойындалатын сома. Баға түсуден болатын залал – активтің баланстық құны оның орнын толтыратын құннан артқан сома.

Негізгі құралдарды бастапқы құнына келтіру мақсатымен шаруашылық жүргізуші субъект басшылығы кейбір кезде іс жүзіндегі бағаларға сәйкес.. Бухгалтерлік есепте қайта бағалау сомасы негізгі құралдардың 2-ҰҚЕС-ның 16- «Негізгі құралдар» бөлімшесінің тиісті баланстық шоты бойынша тікелей бастапқы құнын арттырады және қатар бір мезгілде 5320 «Негізгі құралдарды қайта бағалаудан болатын қосымша төленбеген капитал». Осы қатынас хатқа сәйкес, жазу мерзімі аса көп емес, сондай – ақ едәуір тозу дәрежесі бар негізгі құрал объектілерінің бастапқы индекстерін белгілегенде негізгі құралдардың қызмет ету мерзіміне байланысты индексті көшендету әдістемесі қолданылады. Бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша тозу дәрежесі бар негізгі құрылғылардың құнын ұлғайтушы алынған бастапқы индекстері 1 графасынан 30% - кем, 31-50% тозу дәрежесі 2 графадан, 51- ден 64% - іне дейінгі тозу дәрежесі 3 графадан, 65- тен 79% - ке дейінгі тозу дәрежесі – 4 графадан, 80- нен жоғары тозу дәрежесі 5 графадан.

2.4 Негізгі құралдар қозғалысының есебі
Субъектінің шаруашылық іс - әрекетінде белгілеу бойынша пайдалану мақсатымен алынған негізгі құралдар құрамына көрсетіледі. Алып – сату мақсатымен алынған негізгі қорлар – тауарлық – материалдық қорлар құрамында, ал субъектінің өзі пайдалану үшін емес, ұзақ уақытқа қаржы салу мақсатымен алынатын негізгі құралдар қаржылық инвестиция ретінде көрсетіледі. Негізгі құралдарды есептеу үшін 2-ҰҚЕС-ның 16 - «Негізгі құралдар» бөлімшесінің синтетикалық шоты қолданылады.

Негізгі құралдар міқұралына объектілердің есепке алу пайдаланудың нормативтік мерзі көрсетіледі. Негізгі құралдарды қабылдау – тапсыру актісімен ресімделеді. Субъектілер пайдалы қызмет ету мерзімін (негізгі құралдарды қолданудан экономикалық пайда алу көзделетін кезең нормативті қызмет мерзімін (субъект белгіленген нормаларға сәйкес негізгі құралдардың тозуы есептелетін кезең) және жойылу құнын (пайдалы қызметі мерзімі біткен соң, күтілген шығыны істен шыққан соң есептен шығарылып, негізгі құралдарды жоюда пайда болатын қалдықтар, қосалқы бөлшектердің болжанатын бағасы) өз бетінше белгілейді.

Негізгі құралдарды қабылдау – тапсыру (ауыстыру) актісі негізінде бухгалтерия да мүліктік карточка ашылып, негізгі құралдардың таңдамалы есебі жүргізіледі. Негізгі құралдардың әрбір объектісіне мүліктік нөмір беріледі. Нөмірлеу әдетте реттік нөмір беріледі. Нөмірлеу әдетте реттік – сериялық жүйе бойынша жасалады. Мысалы, үй үшін 0001-ден 0299 дейінгі нөмірлер, ал ғимараттар үшін 0300-ден 0399-ға дейін және т.б. нөмірлер бөлінеді. Мүліктік нөмір негізгі құралдарды қабылдау – тапсыру актісінде келтіріледі және ол пайдалануда тұрған уақыт бойы объектіде сақталады, ал істен шыққанда қайта түскен объектіге ұзақ уақыт бойы (бес жылға дейін) берілмейді. Толтырылған мүлік карточкалары әрбір жіктеуші топ бойынша бір данада жүргізілетін «Негізгі құралдарды есептеу мүлік түгендеу карточкаларының тізімдемелерінде» тіркеледі. Істен шыққан негізгі құралдар бойынша категорияларды «Архив» картотекасы бөліміне қояды.

Негізгі құралдарды тұрғызу, салу немесе алу жөніндегі барлық нақты болған қажетті шығындар, соның ішінде сатып алынғанда өтелмеген салықтар мен алымдарды төлеу (үйлер мен жаңа автомобильдерді алу кезінде төленген ҚҚС, сатып алу келісімшартты жасаған кезде төленетін мемлекеттік баж салығы және т.б.), жеткізу, монтаж, пайдалануға беру, құрылыс кезінде берілген кредит үшін проценттер, белгілеуі бойынша қолдану үшін жұмыс істейтін жағдайға келтіруге тікелей байланысты басқа да кез келген шығындар кіретін бастапқы баға бойынша кіріске алу сәтінде негізгі құрал – жабдықтар кіріске алынады.

Жер учаскесінің бастапқы құнына шотта көрсетілген сатып алу бағасы, жылжымайтын мүлік бойынша агенттерге комиссиялық сыйақылар, сатып алу – сату шартын ресімдеу жөніндегі заңгерлердің қызметіне төлеу, мұндайда туындайтын салықтар мен алымдар, жерді мақсатты пайдалану үшін дайындауға кететін шығындар (үйді бұзу кезінде алынған материалдарды өткізуден түскен кірістерді шығарып, шегеріп, ескі үйлерді бұзу, тазалау, тегістеу және т.б.) кіреді; сатып алынған жабдықтың бастапқы құнына алу бағасы, тасу шығындары, соның ішінде тасымал кезіндегі сақтандыру, монтаж, пайдалануға берілетін жабдықтың жорамдылығын тексеру мақсатымен сынақ өткізу кіреді, үйлер мен ғимараттарды салғанда бастапқы құнға құрылыс жөніндегі шығындар: материалдар, еңбекті төлеу, қосымша шығындардың тиісті үлесі, архитекторлардың, заңгерлердің қызметіне төлеу, құрылыс кезінде сақтандыруға жұмсалатын шығындар, құрылысқа берілетін кредиттер бойынша проценттер, құрылысқа рұқсат алу үшін шығатын шығындар.

Қажетті болып саналмайтын шығындар (тасымал кезінде алынған зиянды жоюға кеткен шығындар, монтаж кезінде жабдықты бүлдіру салдарынан жасалған жөндеу және т.б.) бастапқы құнға кірмейді, ал ағымдық шоттағы шығындар ретінде ескеріледі.

Негізгі құрал объектілерінің бастапқы құны былайша белгіленеді:


Шаруашылық операциялаңрыны мазмұны

Дебет

Кредит

Сома

  • Құрылтайшылардың жарғы капиталына олардың салымдары есебіне негізгі құрал-жабдықтарды серіктестіктерге қатысушылар арасында келісілген бағамен салған кезінде;

а) жарияланған жарғы капиталы сомасына



5020 «Төленбеген капитал»



5010 «Жарғы капиталына салымдар мен пайлар»



1 000 000



ә) негізгі құралдар салымы

2412-2416 «Негізгі құралдар»

5020 «Төленбеген капитал»

600 000


  • субъектінің өзі негізгі құрал жабдықтарды дайындаған немесе оларға төлеп алғанда – нақты шығын сомасы бойынша

2412-2416 «Негізгі құралдар»

4110 «Төленуге тиісті шоттар»

324 000

  • басқа заңды немесе жеке тұлғалардан объектіні өтеусіз алғанда (бағалау эксперттік жолмен немесе қабылдау-тапсыру актісінің мәліметтері бойынша жүргізілді)

2412-2416 «Негізгі құралдар»

6280 «Басқадай» қосымша қызметтен түскен табыс

127 800

  • алынған (тапсырылған) ақшалай қаражат сомасы түзетіліп, берілгендердің ағымдағы құнына тең алынған активтердің құны айырбас операциясы нәтижесіне өлшенеді

2412-2416 «Негізгі құралдар»

4110 «Төленуге тиісті шоттар»

300 000

Негізгі құралдар қоймада резерв ретінде тұрады, белгіленген тәртіппен тоқтатылып қойылады. Баланста саналатын негізгі құралдар тәртібін іс жүзіндегі заңдарға сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектінің басшысы белгілейді және бекітеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет