Ноқат ұнының химиялық құрамы
Зерттеу барысында қабатар арасына жағылатын «Пампушка» маргарины АҚСТ АҚСТ 33397-002-2006 стандартына сай және дайын жартылай фабрикатты қуыруға кететін «Маслозавод № 1» өсімдік майы СТ АО 00393287-001-2007 стандартына сай алынды.
Кесте 34 - «Маслозавод № 1» өсімдік майының сапа көрсеткіштері
Көрсеткіштері
|
Рафинирленген
|
|
Мөлдірлігі
|
Тұнбасы жоқ мөлдір
|
|
Иісі және дәмі
|
Иісі жоқ, дәмі өзіне тән
|
|
Йодтың саны, көп емес
|
10 – 12
|
|
Қышқылдық саны, көп емес
|
0,4
|
|
Ылғалдылық және ұшатын заттар мөлшері, % көп емес
|
0,1
|
|
Майлыемесқоспалар (тұнба), % массасынанкөпемес
|
Жоқ
|
Кесте 35 - «Пампушка» маргариннің сапа көрсеткіштері
Көрсеткіштері
|
Рафинирленген
|
Түрі, түсі
|
Сарғыштан, ашық сары
|
Иісі және дәмі
|
иісі, дәмі өзіне тән
|
Майлылығы, көп емес, %
|
82
|
Қышқылдық саны, көп емес
|
0,3
|
Ылғалдылық және ұшатын заттар мөлшері, % көп емес
|
16-17
|
Еру температурасы, °С
|
27-36
|
Нан шаруашылығында тұздың сапасы МЕМСТ 1575 – 2000 стандартына сай болды. Тұз өзінің сапасына қарай экстра, жоғарғы, бірінші және екінші сұрыпты деп бөлінеді. Біз қамырға бірінші сұрыпты тұзды пайдаланамыз. Оның ылғалдылығы 5% және 6%, натрий хлориді 97,7; 97,70%. Суда ерімейтін заттардың мөлшері 0,45 және 0,85%-дан аспады.
Технологиялық және тұрмыстық мақсаттарда пайдаланатын судың сапасы МЕМСТ 1180-2003 стандарты бойынша,барлық ауыз суға қойылатын талаптарға сай болды [27].
2.2 Зерттеу әдістері
2.2.1 Ұнның сапа көрсеткіштерін анықтау әдістері
Ұнның сапасы көзмөлшерлік және физика-химиялық көрсеткіштер бойынша анықталады. Стандартқа сәйкес ұнның көзмөлшерлік бағасы: иісі мен дәмі, түсі, қышырлығы және физика – химиялық көрсеткіштері бойынша: ылғалдылығы, қышқылдылығы, күлділігі, ірілігі, желімшесінің саны мен сапасы, құлау саны, газ бөліп шығару қабілеті анықталады [28].
Ұнның түсі, дәмі, иісі МЕМСТ 27558-87 сәйкес анықталады [29,30].
Ұнның ылғалдылығын анықтаудың екі әдісі бар: тұрақты массаға дейін кептіру және тездетілген. МЕМСТ 9404-88 стандарты бойынша.
Достарыңызбен бөлісу: |