30. Қазақтардың эпикалық мәдениеті.
Қазақтардың XV-XVII ғасырлардағы мәдениет XV-XVII ғасырларда Қазақстанның мәдениеті өткен кезеңдегі мәдениеттің өткен кезеңдегі мәдениеттің барлық ерекшеліктерін бойына сіңірді.Солай бола тұра, ұлттық өзіндік болмыс жасалып, материалдық және рухани мәдениеттің белгілірі орныға бастады. XV-XVII ғасырларда Қазақ мемлекетінің аумағы Орта Азияның отырықшы аудандарын қамтығанымен, оның мәдениетінің ерекшелігі бәрінен бұрын көшпелі өмір салтымен анықталады. Үй-жай,киім үлгісі, қоршаған табиғат туралы түсініктері, халық ауыз әдебиеті мен өнерінде көрініс тапты. Қазақ халқының тұрғын үйі материалдық мәдениеттің тамаша ескерткіші. Үй мен оның ішкі жабдығы қазақтардың көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтымен үйлесім тапты. Киіз үй ағаш пен киізден құрастырылады. Ол кереге ,шаңырақ, уықтардан тұрады.Киіз үйдің көлемі қанаттарының санына байланысты болады. Он екі қанатты киіз үйдің аумағы 100-120 шаршы метрге жетті.XV-XVII ғасырларда Қазақстанға сондай-ақ жартылай отырықшы және отырықшы тұрақты үйлер де тән. Мұндай үйлердің .(жер үй, шошала. қақыра)көпшілігі Қазақстанның оңтүстігінен табылған. Қазақтардың өмірінде олардың басты қыстақ тұрақтары орналасқан Сырдария, Талас және Шу өзендерінің аңғарлары мен Торғай, Есіл және Ертіс өзендерінің маңызы зор болды. Қазақтардың ұлттық киімінде этникалық, экономикалық және климаттық жағдаиларына байланысты ежелгі дәстүрлер көрініс тапты. Киім шұға, жүн және жібек маталардың, киіз бен теріден дайндалды. Қазақтарда қасқырдың, түлкінің, жолбарыстың және құндыздың, бұлғынның, күзеннің терілері аса қымбат бағаланды. Терілерден сәнді тондар тігілді. Бағалы аңдардың терісінен тігілген тондар <<ішкі>> деп аталды. Қазақтардың қару-жарағы да әр түрлі болды. Ерекше балқытылған болаттан қайқы қылыштар, селебе, семсер жасалған. Сапы, қанжар, <<жеке ауыз>> - ұзын пышақтар кеңінен қолданылады. Садақ пен жебе, найза мен қылыш неғұрлым кең тараған қару болды.
Мылтықтар
XVII ғасырдың аяғынан бастап кейде Орта Азия қалаларынан сатып алынған, ішінара қазақтардың өздері жасаған мылтық та пайдаланыл а бастады.Мылтықтың бірнеше түрі болады: білтесі бар және күміс серіппелі немесе серіппесіз қысқа ауызды мылтықтар.Жалпы <<шиті мылтық>> деп аталғанымен от қару түрлерінің бірнеше атаулары белгілі. Солардың ішінде оқпаны сегіз қырлы және жезбен нақышталған мылтықтар, Хиуа ұсталары жасаған ұзын оқпанды мылтықтар , тағы басқалары бар. Қысқа ауызды алысқа ататын мылтықтар <<қозы көш>> деп аталды. Оқ-дәріні қазақтар өздері даярлады, кейде көршілерінен сатып алды. Осылайша қазақтардың материалдық мәдениеті өзіндік төлтумалылығымен ерекшеленді, Халықтың шаруашылық өмірінің ерекшеліктерінің бейнеледі, дала малшылары бабаларынаң мәдени дәстүрлеріне сүйенді. Қазақтардың шаруашылық-экономикалық өмір салты, олардың тағамы, киімі өздері өмір сүрген клматтық жағдайларға неғұрлым ыңғайлы келеді.
Қазақтардың діни салт-дәстүр
Бұл кезеңдегі қазақ қоғамының ең басты мерекесі <<ұлыстың ұлы күні>>- Наурыз саналды. Наурызды қазақтар жылдың басы ретінде мерекеледі. Халық мерекелері әсем сазбен және ақындардың аитысымен жалғасын тапты.
Достарыңызбен бөлісу: |