1-мәтін Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты



бет98/100
Дата10.10.2023
өлшемі410,03 Kb.
#184605
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   100
Байланысты:
мәтіндер КАЗ 2

15.Баланы өлімнен құтқарған құс
Көлеңкеде қаннен- қаперсіз ұйықтап жатқан жеті- сегіз жасар балаға қарай айыр тілін сумаңдатып, улы жылан жақындап келеді.Баланың жанында ешкім жоқ.Күтпеген жерден, қайдан шыға келгені белгісіз, бір құс бала мен жыланның арасына түсіп, кес-кестей берді.Жылан да атылуға айналғандай шиыршық атып, айбат шегіп, ысқырып жіберді. Бірақ құс аяғын санап басып, жақындай түсті.Бала жайына қалды.Осы кезде екі түз тағысының адам үшін шайқасы басталып та кетті.Жылан шабуылды үдете түсті.Бірақ құс та тез жалтарып,оның улы тісін бойына дарытатын емес.Міне, жылан тағы да шап берді.Құс құйрығымен жер тіреп,жалтара берді де,жылан басын қайтарып тартып аламын дегенше, өткір тұмсығымен оны төбесінен шоқып-шоқып алды. Жылан жан сауғалап, жиырыла кейін шегінді. Бірақ ашулы құс шаңқылдап, үсті –үстіне шоқи берді, шоқи берді.
Кенет бала оянып кетті. Ол қимылсыз бауыры жалтыраған улы жыланды, оның жанында ауыр дем алып жатқан құсты көріп, таң қалды. Мұның екеуін бірдей кім өлтіріп кеткенін білмей, аңырып, жан-жағына қарады. Жүрегі әлсіз ғана соғып жатқан мына кішкене құстың өзі үшін мерт болғанын бала түсінбеді. ( 170 сөз)


1-мәтін
Ұшақпен сапар шегу қолайлы
Менің қаламда әуежай бар. Әуежай қаланың сыртында орналасқан. Біз анам екеуіміз жазғы демалыста ұшақпен Алматы қаласына ұштық. Алматы қаласына дейін 1500 шақырым екен. Біз онда бір жарым сағатта жетіп бардық. Ұшақпен сапар шегу өте қолайлы. Ұшақта жолсеріктері ыстық шай, тоқаш, сонымен қатар, газет-журналдар әкеліп берді. Алматы қаласына тез жеткеніміз соншалықты, газет бетіндегі мақалаларды да оқып, аяқтай алмадым. Көзді ашып-жұмғанша Алматы қаласына жетіп қалғаныма қайран қалдым. Бұл – менің ұшақпен бірінші ұшуым еді.


2-мәтін
Көкпар
Бұл қауіпті спорттың түрі. Мұнда ептілік, қайсарлық, салт атты мен аттың шеберлігі сынға түседі. Бұл өнердің атауы «көк бөрі» - бөрібасар деген сөзге сәйкес келеді. ..... болар, ойын барысында нағыз аңдық сезімдер оянады, себебі бүкіл жылдамдықпен шауып келе жатқанда, нысанды іліп әкетіп, сағатына шамамен 70-80 км жылдамдықпен ілестіру керек. Бұл ретте өзге тап беретіндерден қорғап қалу қаупі тағы баршылық.
Көкпар – көпшілік қатысатын ойын. Бұл жерде барлығы да ешкіні ептілікпен қармау мен қарсыластың «қазанына» дәл түсіру үшін алаңға шығады.
3-мәтін
Бір ауылда халықты әрдайым жаман сөзімен ренжітетін бір жігіт болған екен. Ауылдың жасы үлкен қариясы бір күні ..... қасына шақырады.
- Сен өзіңнің орынсыз сөздеріңмен халықтың тыныштығын бұзады екенсің? Осы айтқаным рас па? - дейді.
- Оны мойындаймын. Сөзбен ренжіткен кездерім болды. Алайда мен олардан кешірім сұраймын ғой.
- Олай болса, сен мынаны жаса. Мына тақтайға осы уақытқа дейін қанша адамды ренжітсең, сонша шеге қақ, - дейді.
Жас жігіт тақтайға бірнеше шеге қағады.
- Ал енді осылардың қаншасынан кешірім сұрадың? Сұрамағандарыңнан кешірім сұра. Әрбір кешірім сұраған сайын, бір шегені жұлып таста, - дейді.
Көп ұзамай тақтайда шеге қалмайды. Қария кісі ол жігітті шақырып алып былай дейді:
- Жарайсың! Барлығынан кешірім сұрадың. Тақтайда шеге қалмады. Бірақ шегенің орнында қалған қара дақтарды көрдің бе? Адамдардан кешірім сұрасаң да, олардың жүрегінде реніштің іздері қалады ол дақтар ешқашан кетпейді.
- Сондықтан бұдан былай сөздеріңе абай бол, - деді.
4-мәтін
«Қазақ жеріндегі ең алғашқы коллекционер – Шоқан Уәлиханов. Шоқанның бай кітапханасы болған. Мәскеудің ғалымдары ол кітапханаға «дүние жүзінің бай кітапханасы» деген баға берген. Сонымен қатар, Шоқанның биология коллекциясы болған. Сирек кездесетін қымбат тастарды жинап, кейіннен оларды Германияның Дрездинг қаласына сыйға тартыпты. Ол тағы «орнитология», яғни құстар коллекциясы мен этнографиялық ескі музыкалық аспаптарды жинаған. (Ш.Сарыбаев)


5-мәтін
Ең алғашқы жылқы осыдан 50 млн. жыл бұрын өмір сүрген және оның дене тұрқы мысықтай ғана болған. Оны зоогипус деп атаған. Кейіннен сыртқы ортаның әсерінен түр тұлғасы сомдалып, дене бітімі, аяғы өсіп, қазіргі жылқыға ұқсай бастаған. Қазіргі жылқының атасы осыдан 15-20 млн. жыл бұрын өмір сүріп, ол плиогиппус деп аталған. Жылқыны ең алғаш қолға үйреткен шығыс елдері (Монғолия, Қазақстан) оны шанаға, арбаға, малға жегеді, салт та мінеді.
6-мәтін
– Жазғы демалыс кезінде не істегенді ұнатасың?
Мен басқа қалаларға, басқа елдерге сапар шеккенді, саяхат жасағанды өте ұнатамын.
– Сен жиі сапар шегесің бе? Көп елдерде болдың ба?
– Иә, әке-шешеммен, кейде ағаммен бірге көп елдерді араладым.
– Біздің елімізде де тарихи орындар, көрікті жерлер өте көп қой.
– Иә, дұрыс айтасың, өте көп. Демалыста сынып жетекшімізбен қаламыз бойынша саяхат жасадық.

7-мәтін
Қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан жеті ішекті шертпелі музыка аспабы. Аспап ағаштан құрастырылып жасалады. Құрылысы өте қарапайым. Аспаптың үні өте нәзік, құлаққа жағымды. Ел арасында аспаптың шығуы жайында көптеген аңыздар айтылады. Сол бір аңыздың бірінде: өткен заманда өмір сүрген бір қарияның жеті баласынан айрылған қасіретті қайғысынан туындаған әуен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет