І. Басталуы.
0–5 мин
II.Ортасы 6–15мин.
III. Тақырып бойынша жұмыс
16–25
IV. ҰОҚның қорытындысы.
Рефлексия.
26-30 мин.
|
Ынталандыру.
Педагог балалармен санай білудің өмірде өте қажет екені туралы əңгімелеседі.
Өзектендіру.
Жиынтық полотнода (немесе кесілген материалда) педагог 1-ден 5-ке дейінгі цифрлары бар карточкаларды көрсетеді. Балалар жиынтық полотноны немесе кесілген жиынтықты пайдалана отырып, өздерінің алдына заттардың тиісті санын қоюы керек.
Үлестірмелі материалды пайдаланып – «Карточкаларды сандармен біріктір» ойынын ұйымдастыруға болады. Балаларға қима материалынан жинақтар беріледі, оларкарточкаларды бейнеленген заттардың саны бойынша жалғайды.
Мақсат қою (проблемалық жағдай).
(Ұ) Педагог сұхбат ұйымдастырады:
(Ұ) – Бүгін біз 5-ке дейін қаншалықты жақсы санап үйренгенімізді білеміз жəне «қанша?» деген сұраққа жауап беретін боламыз.
Конструктордан бұйым жасау үшін ұл балалар түсі мен саны бойынша əртүрлі бөлшектерді жасауы тиіс. Біз оларға бөлшектерді санауға көмектесуіміз керек.
Жаңаны ашу.
1-тапсырманың екінші бөлігінде педагог балаларға көрсетілген заттарды өз бетінше санауды, нүктелер мен цифрлардың керекті санын жапсыруды ұсынады.
Балалар №1 тапсырмаға арналған суретті қарайды.
Педагог сұхбат ұйымдастырады:
Балалар не істеп отыр?
Олар қандай бөлшектерді пайдаланады?
Одан кейін бөлшектерді түстері бойынша санап, нүктелері бар карточкаларды жапсыруды ұсынады.
«Неше» сөзін қолданып сұрақ қойып, оған «бір», «екі» деген сөзбен жауап беруге болатынын айтады.
Бөлшектерді санап, цифрлар мен нүктелерді жапсыруды тапсырады.
|