0.2.1.1. 20 көлеміндегі сандарды тура жəне кері санау.
0.2.1.2. Заттарды саны бойынша салыстырып, олардың реттік
нөмірін атау.
Күтілетіннəтижелер
Барлық тəрбиеленушілер: -10 көлеміндегі сандарды тура жəне кері санайды.
Көптеген тəрбиеленушілер: -заттарды саны бойынша салыстырып, олардың реттік нөмірінатайды
Кейбір тəрбиеленушілер: -заттарды саны бойынша салыстырып, ара-арасынан олардың
реттік нөмірін атайды
Тілдік мақсаттар
Дағдыларын дамыту: -өзінің сұрақтарын қойғанда жəне педагог пен тəрбиеленушілердің
сұрақтарына жауап берген кезде сөйлемде лексика мен
терминологияны пайдалана алады. Пəндік лексика жəне терминология: -бірінші, екінші, ..., оныншы.
Пікір алмасуға арналған сұрақтар: –Кері тəртіппен қалай санау керек екенін түсіндір?
–Қалай ойлайсың, реттік санау кезінде сандарды тастап кетуге болама?
–Сандарды жазудың қандай түрлерін білесің?
Жазу: -түрлі түсті қарындаштармен бояу..
Алдыңғы білім
Заттардың сандық ұғымы туралы түсінік, геометриялық фигуралар
мен денелердің атауы
Жоспар
Жоспарланғануақыт
Жоспарланған іс-əрекет
Ресурстар
Басталуы 0–5 минут
Ынталандыру. Педагог балаларды «Мен велосипед тепкенді ұнатамын»
деген сұхбатқа тартады.
- Сендерде велосипед бар ма?
- Оны қай жерде тебесіңдер?
- Кіммен бірге?
Өзектендіру. «Осыншама санды көрсет» Ойын үшін қималы материал - цифрлар, заттардың əртүрлі
сандары бейнеленген карточкалар қолданылады.
Педагог балаларға цифрлар бейнеленген карточкаларды
көрсетеді, ал балалар өздеріндегі осындай заттардың саны
бейнеленген карточкаларды тауып, санды атап, өз
таңдауын түсіндіреді.
Əліппе-дəптер.
Жиынтық
полотно.
Үлестірмелі
материалдар.
Ортасы
6–15
Мақсат қою (проблемалық жағдай). Əліппе-дəптердегі 1- тапсырманың суретіне қарауды
ұсынады.
– Жарысқа қанша бала қатысқан?–деп сұрайды.
Əрі қарай жиынтық полотнода карточкаларды 1-ден 10-ға
дейін қатар қойып шығуды ұсынады. Хормен тура жəне
кері тəртіппен санайды. Сандарды сəйкестендіру бойынша
ойындар ұйымдастырады. Мысалы, жиынтық полотнодағы
немесе үлестірмелі материалдағы ойындар – сандық
домино, мұнда сандары жазылған карточкаларды тиісті
суретпен келтіреді.
(Ұ) Педагог 1- тапсырмадағы суретке қайтып оралуды
жəне кім бірінші, екінші жəне т.с.с. келе жатқанын айтуды
ұсынады.
Бірінші, екінші, үшінші деген сандық ұғымды білдіретін
сөздерге балалардың назарын аударады. Мұндай сөздерді
біз:
– Саны бойынша нешінші? деген сұраққа жауап беру үшін
пайдаланамыз.
Бүгінгі ҰОҚ-де біз реттік сандар туралы үйренеміз.
Жаңалық ашу. (Ұ ) Педагог балалардан реттік сандары бар қандай өлең
білетіндерін сұрайды. Педагог бейнежазбадағы əнге
қосылуларына болатынын айтады. Əрі қарай балаларға
сұрақтар құруды ұсынады.
Сергіту сəті. Педагогтің қалауы бойынша. (Əдістемелік нұсқаудың соңын қараңыз)
Əліппе-дəптер.
Әліппе-дəптер.
Компакт-
дискідегі əндер
қосымшасы.
III. Тақырып бойынша жұмыс 16–25
Жаңаны қолдану. (Т) Балалар реттік санауды үйрену үшін оларды қатарға (10
адам) тұрғызып, санаудың қажетті бағытын көрсетіп,
ретімен санауды сұраңыз.
Содан кейін жиынтық полотнода осыған ұқсас жағдайды
орындайды. Заттарды немесе балаларды оңнан солға қарай
жəне кері бағытта санауды ұсынады.
Содан соң педагог 1-ден 10-ға дейінгі сандар жазылған
карточкаларды шығарып, тура жəне кері тəртіппен хормен
сандық санау жүргізеді.
Педагог балаларды кейінгі жəне алдыңғы санды анықтауға
жаттықтырады.
«Көрші сандар» ойыны əртүрлі ұйымдастырылуы мүмкін:
1-нұсқа: Бала көршілерін атайды, ал балалар санның өзін
көрсетеді.
2-нұсқа: Бала санды атайды, ал балалар көршілерін
көрсетеді.