Мақсат қою (проблемалық жағдай). (Ұ) Педагог балаларға əліппе-дəптердегі 1-тапсырмадағы
суретке қарауды жəне ойыншықтардың қайда тұрғанынайтуды ұсынады.
Жаңалық ашу. (Ұ) Проблемалық жағдайды шешу үшін балалар заттыңкеңістікте орналасуын сипаттайтын ұғымдарды білуі керек.
Педагог балалардан:
–Қандай шылаулар мен көмекші сөздер заттың орналасқанжерін сипаттауға мүмкіндік береді?– деп сұрайды.
(Үстінде, астында, алдында, жанында, астында, бұрышта,ортасында жəне т.б.)
Беттің төменгі жағында ойыншықтар қойылған сөребейнеленген. Педагог балаларға бейнеленгенойыншықтарды бөлмеден тауып, олардың қайда
орналасқанын айтуды ұсынады. Тапсырманыкүрделендіруге болады: педагог ойыншықтардыңорналасуын сипаттайды, ал балалар педагог қандайойыншық туралы айтқанын табады.
Сергіту сəті. Педагогтің қалауы бойынша. (Əдістемелік нұсқаудыңсоңғы бетінде сергіту сəтінің нұсқалары берілген