0.2.4.3.Шартты өлшемнің көмегімен заттарды ұзындығы/салмағы
бойынша салыстыру.
Күтілетін нәтижелер
Барлық тəрбиеленушілер: - заттарды салмағы бойынша салыстырады;
-заттарды саны бойынша салыстырып, олардың реттік нөмірін атайды;
-көрнекіліктің негізінде қарапайым мысалдар мен есептерді шешеді.
Көптеген тəрбиеленушілер: -шартты өлшемнің көмегімен заттарды салмағы бойынша салыстырады.
Кейбір тəрбиеленушілер: -салмақты анықтау үшін өлшемді таңдайды.
Тілдік мақсаттар
Дағдыларын дамыту: -шартты өлшемнің көмегімен заттарды салмағы бойынша
-салыстыру алгоритмін құра алады;
-заттың көлемі мен өмірлік тəжірибенің нəтижесінде салмақ туралы болжамдарын жасай алады.
Пəндік лексика жəне терминология: -ауыр, жеңіл.
Пікір алмасуға арналған сұрақтар: – Қандай зат ауырырақ екенін қалай білуге болады?
– Салмақты өлшеу үшін қандай аспап керек?
– Екі затты салмағы бойынша қалай салыстыруға болады?
– Егер зат үлкен болса, оны ауыр деп айтуға бола ма?
– Қандай зат екінші заттан ауырырақ екенін қалай білуге болады?
– Қандай зат жеңілірек екенін қалай анықтауға болады?
– Екі затты өлшемнің көмегімен қалай салыстыруға болады?
– Қалай ойлайсың, өлшемдер бірдей болу керек пе?