1. Оқытушы туралы мәліметтер


Сұрақтар: Ауа райын қалыптастыратын факторлар



бет13/29
Дата18.10.2022
өлшемі2,43 Mb.
#153672
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29
Байланысты:
1- oak meteorologiya -2022

Сұрақтар:

  1. Ауа райын қалыптастыратын факторлар

  2. Агротехникатәсілдерініңагрометеорологиялықнегіздері




Әдебиеттер тізімі

  1. Жұмағұлов И.И. Агрометеорология практикумы, Астана, 2019. - 110б

  2. Т. А. Атақұлов, К. М. Ержанова. Агрометеорология - Алматы : Эверо, 2018. - 272б

  3. М. А. Глухих. Агрометеорология СПб.: Лань, 2015. - 208 с.

  4. Шмидт И. С.; Кузнецова С. Н.. Агрометеорология Тверская государственнаясельскохозяйственнаяакадемия. 2019. -160стр

  5. КузьминаС.П..АгрометеорологияОмскийгосударственныйаграрныйуниверситетимениП.А.Столыпина2017 .-79стр.

  6. http://znanium.com/catalog/product/551578

  7. http://znanium.com/catalog/product/488075
  8. http://znanium.com/catalog/product/553936

  9. http://znanium.com/catalog/product/1055051


  10. АгрометерологияпәнініңТиптікоқубағдарламасы,Алматы,2003

  11. ЧирковЮ.ИАгрометеорология/учебник/,Ленинград,Гидрометеоиздат,1986.

9.Ауа массалары. Ауа массаларының циркуляциясының (айналуы) түрлері.
Дәрістің мақсаты:
Ендік (аймақтық) және меридиан бойынша айналуы.
Әуе фронттары.
Циклон және антициклондағы ауа райы.
Ауа райын болжау. Синоптикалық карта. Жергілікті ауа райының көрсеткіштері.


Ауа массалары – тропосфераның көлбеу бағытта біртұтас болып қозғалатын ірі, біртекті бөліктері. Белдемдік орнына байланысты: арктикалық (Оңт. жарты шарда – антарктикалық), қоңыржай белдеулік, тропиктік және экваторлық болып негізгі 4 түрге бөлінеді. Әрқайсысының өзіне тән температурасы, ылғалдылығы, көріну қашықтығы, т.б. ерекшеліктері болады. Бұлардың өзі теңіздік және құрлықтық болып екіге бөлінеді. Термодинамик. сипатына қарай салқын, жылы және жергілікті болып аталады. Салқын тұрақты ауа массалары құрлық үстінде, қыста үлкен антициклон жүйесінде, жер бетінің радиациялық салқындауы нәтижесінде пайда болады. Оған Сібір антициклонында қалыптасатын Саха (Якутия) үстіндегі құрлықтық ауа массасы жатады. Ол Қазақстан климатына (әсіресе қыста) елеулі ықпал жасайды. Қыс кезінде Сібір антициклонының әсерінен ауаның жоғарыдан төмен қозғалуына байланысты бұлт азайып, жер беті суып, аязды ауа райы қалыптасады. Сондықтан оны «Сібір қысы» деп атайды. Жазда Орт. Азия аумағы үстінде орнығатын тропиктік ауа массасы температурасы жоғары, өте құрғақ ауа райын қалыптастырады. Оны «Азиялық жаз» деп атайды.
Ауа массалары - белгілі бір жалпы қасиеттері бар және материктер мен мұхиттардың үлкен бөліктері бойынша влшенетін тропосфераның біртекті бөлігі; біртекті төселме беттің үстінде біртекті радиациялық жағдайда қалыптасады. Атмосфераның жалпы циркуляциясындағы ағыстардың бірінде тұтасымен орын ауыстырады және бір-бірінен атмосфералық Шептермен бөлініп тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет