1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы


Сағат саны:2 Тақырыптың негізгі жоспары



бет11/59
Дата02.01.2022
өлшемі1,09 Mb.
#108109
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   59
Байланысты:
Силлабус 1 (2), 1 (3)Жеңіл атлетика оқыту әдістемесімен

Сағат саны:2

Тақырыптың негізгі жоспары 1. Жүгіру кезіндегі дене салмағы орта нүктесінің жолы. 2. Төменгі сөреде қысқа қашықтықта жүгіру ережелері. 3. Жоғары сөреде орташа және ұзақ қашықтықта жүгіру ережелері. 4. Тыныс алу жүйесi.

Дәріс тезисіЖүгiру техникасының бөлшектерi: сөре, сөреден шығу, қашықтыққа жүгiру, мәреден өту, мәреден өткеннен кейiн тоқтау.

Жылдамдық – қысқа қашықтыққа жүгiрудегi негiзгi қабiлет. Жүгiрушiнiң анатомиялық-мофологиялық ерекшелiктерi. Жүгiрушiнiң жүгiрудегi қадамының ұзындығы мен жиiлiгi. Арнайы төзiмдiлік, күш дайындығы. Техникалық дайындық. Жаттығу әдiстерi. Жарыстық дайындық. Жүгiрушiсiнiң техникасы. Жаттығу процесiн басқару.

Төзiмдiлiктi қажет ететiн жүгiру түрлерi. Төзiмдiлiктiң физиологиялық және биомеханикалық көрсеткiштерi. Салыстырмалы қуаттық зоналар. Төзiмдiлiктi дамыту әдiстерi. Арнайы және жалпы төзiмдiлiктiң педагогикалық түсiнiктемесi. Төзiмдiлiктi көрсетудi қамтамасыз ететiн шарттар. Жаттығу жүктемесiнiң көлемi және жиiлiгi деген түсiнiктеме, өзара байланысы, өзара әсерi, өлшеуi. Спорттық көрсеткiш – даму қабiлеттерi, моралдiк, тактикалық дайындықтардың жалпы көрсеткiштерi. Төзiмдiлiктi дамыту әдiстемесi. Аэробты және анаэробты мөлшерiн дамыту. Орта, ұзақ және өте ұзақ қашықтыққа жүгiрушiлердiң жаттығу әдiстемесiнiң ұқсастығы мен айырмашылығы. 3000м тосқауыл мен марафонға жүгiрудегi жаттығу процесiнiң ерекшелiктерi.

Қысқа қашықтық. Әдетте, жүгірудің әдісін білетін спортшылар төменгі сөреден шығудың әдісін жақсы меңгерген болса жылдамдықтан көп ұтады. Бұл деген жүгіріс әдісін меңгерді деген сөз. Сөреде жылдам шығу үшін қалыптарын пайдаланады. Алдынғы қалып сөре сызығынан 1,5 табан қашықтыққа, ал артқа қалып алдынғы қалыптан 1,5 табан қашықтыққа қойылады. Жайпауыт немесе аласалау бұрышты қалып әр уақытта алдынғы аяққа, ал бұрышты тіктеуі артқы аяққа қойылады. Шапшаңдықтың артуы мен адамның ұзаруына байланысты кеуденің ілгері қарай еңкеюі бірте-бірте азайып, ал тікелей жағдайына ауысады. Қысқа қашықтыққа жүгіру кезінде аяқтың ұшы бірнеше болып тиеді, өкше жерге тиер тимес жағдайда болады. Аяққа бас жағында шекесі бар аяқ киім киіп жүгірген жақсы. Жүгіру уақыты жақсы болады.

Жоғары сөре – орташа және ұзақ қашықтыққа жүгіру үшін қолданылады. Жоғары сөреге бір адым алда, итерілетін аяқты артқа қойып сәл алдыға еңкейіп тұрады. Бұл жерде мынадай сұрақ туындайды – қай аяқты алдыға, қай аяқты артқа қою керек.Адамның табиғи жағдайда бір аяғы сілтейтін де, екінші аяғы итерілетін болып қалыптасады. Бұл жағдай тек сөреде тұрғанда емес, секіргенде, лақтырғанда, демек жеңіл атлетиканың барлық жаттығуларын дерлік орындағанда қолданылады. Ал жоғары сөре жүгіріс әдіс-тәсілін меңгеруге айтарлықтай әсер ете қоймайды. Бірақ орта және ұзақ қашықтыққа жүгіргенде аяқты көтеріп алып, алға соза басудың өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен, біреу қысқа адымдайды, енді біреу жүгіргенде адымын ашады. Жүгірушінің жылдамдығы, міне, негізінен осы жағдайдың орындалуына байланысты. Осыған орай мынандай жаттығуларды орындауға болады: Жоғары сөреден жүгіретін кезде жүгірушінің кеудесі сәл еңкіш немесе қатты еңкіш және ілгері шыққан қалыпта болады. Сілтенетін аяқ серпілетін аяқтан кейін тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет