1 сабақ Тақырыбы: Жүйке жүйесінің патофизиологиясы



бет18/31
Дата09.02.2023
өлшемі143,23 Kb.
#168127
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31
Байланысты:
1 саба Та ырыбы Ж йке ж йесіні патофизиологиясы

Жағдайлық есеп
56 жастағы науқас дене массасын жоғалтқанға, қойыртпақты үлкен дәретке шағымданады. Тексеру мезетінде ішінде ауыру сезімі жоқ, бірақ тарихынан белгілісі мынау: осыдан екі ай бұрын науқас іші ауырғанын, оның жотасына таралғанын атап көрсетеді. Осындай ауыру сезімі, шамамен жеті күнге созылып, соңғы бес жылда жүйелі түрде, жылына екі рет болатынын айтады. Үлкен дәреті, әдетте, қойыртпақты, кейде майлы. Ауыру сезімі кезінде науқаста қан кету, қызба және қалтырау болмаған. Науқастың тәбеті жақсы, емдәм ұстанбайды. Бірнеше жыл бұрын қантқа төзімділіктің бұзылуы анықталған. Дәріні тұрақты қабылдамайды. Үйленген, меншік фирмасында жұмыс істейді, соңғы 20 жылда күніне бір қорап сигарет шегеді. Тамақ ішкенде күн сайын бір стақан шарап және демалыс күндері 200 мл виски, 6 банкі сыра ішеді. Айғақтар: науқас біршама арықтау, самай аймағында майдың және бұлшықет көлемінің азаюы байқалады, шеткері лимфа түйіндері үлкеймеген. Жүрек және өкпені тексеруде өзгерістер анықталмады. Қолмен сипағанда іші жұмсақ, кебімеген. Бауыр аздап үлкейген, шеті тегіс.
Зерттеуханалық зерттеулер деректері:
Электролиттер қалыпты, қант деңгейі – 7 ммоль/л, АСТ – 800 ХБ/л, АЛТ – 600 ХБ/л (қалыпты жағдайда 400 ХБ/л); билирубин қалыпты; амилаза және липаза мөлшері жоғарылаған, альбуминдер – 30 г/л, Нв – 130 г/л, эритроциттер көлемі ұлғайған, тромбоциттер 135х109
Сұрақтар

  1. Науқаста қандай ауру бар екенін ойлауға болады?

  2. Ауру дамуының мүмкіндік себебі қандай?

  3. Клиникалық көріністердің патогенезін түсіндіріңіз.

10 сабақ
1. Тақырыбы: Бүйрек патофизиологиясы. Шумақтар және түтікшелердің қызметінің бұзылыстары.
2. Мақсаты:Бүйрек қызметі бұзылуының патогенезін, этиологиясын меңгеру
3. Оқыту міндеттері:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет