1 ші деңгей: Патологиялық анатомия, оның мазмұны, мiндеттерi, объектiлерi, зерттеу әдiстерi мен деңгейлерi. Патологиялық анатомия


Өлiм, өлiм белгiлерi. өлiм себептерi



бет13/35
Дата01.03.2023
өлшемі77,52 Kb.
#170600
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35
Байланысты:
1 ø³ äå?ãåé Ïàòîëîãèÿëû? àíàòîìèÿ, îíû? ìàçì?íû, ìiíäåòòåði, îá

.Өлiм, өлiм белгiлерi. өлiм себептерi.

Өлу заңдылықтарын, оның себептерін жəне өлімнен кейінгі өзгерістерді зерттейтін ілімді танатология деп атайды. Өлу үдерісі өте күрделі болып, бірнеше сатылардан тұрады. Оларға: жанталасалды күйі, жанталас (агония) жəне клиникалық өлім түсініктері кіреді. Өлімнің əрбір сатысының ұзақтық мерзімі əр түрлі, мысалы, агония бірнеше минуттан бірнеше сағатқа немесе тəулікке созылуы мүмкін.
Клиникалық өлім əдетте 5-6 минуттан соң биологиялық өлімге өтеді. Бұл кезде орталық нерв жүйесінде, кейінірек басқа ағзаларда қайтымсыз өзгерістер дамиды. Осы кезден бастап қана организмді мəйіт деп атауға болады.
Табиғи өлім адам əбден қартайып, ағза қызметтерінің бірте-бірте əлсіреп барып, тоқтауымен, сөнуімен байланысты. Адам өмірінің ұзақтығы ғалымдардың болжауы бойынша 160-180 жас, бірақ көптеген себептерге байланыс бұл жасқа осы күндері жекелеген адамдар ғана жетіп отыр. Биологиялық өлімнен кейін біршама уақыттан соң өлімнің морфологиялық белгілері жəне өлімнен кейінгі өзгерістер дамиды. Бұл өзгерістерді анық білу жəне зерттеу, кейбір жағдайда кездесетін жалған өлімді анықтауда аса қажет. Сол үшін мəйітті клиникада кемінде екі сағат сақтап, өлімнің алғашқы белгілері байқалғанда ғана патологиялық анатомия бөлімдеріне көшіреді. Өлімнің алғашқы белгілеріне: 1) мəйіттің сууы; 2) мəйіттің сіресіп қалуы; 3) мəйіттің кебуі; 4) қанның қайта бөлінуі; 5) мəйіт дақтары кіреді.
Мəйіттің сууы өлгеннен соң организмдегі зат алмасу үдерісінің тоқтауына байланысты. Дене жылуы бірте-бірте азайып, айналадағы температурадан 0,5-1оС төменірек дəрежеге дейін түседі.
Мəйіттің сіресіп қалуы дене бұлшықеттерінің қатайып, тартылып қалуына байланысты. Бұл өзгерістердің негізіндегі биохимиялық үдерістер жатады.
Мəйіттің кебуі – өлгеннен кейін денедегі сұйықтықтардың құрғап жəне буланып кетуінің нəтижесі. Қанның қайта бөлінуі. Өлгеннен соң артерия қан тамырының қысқаруы нəтижесінде қан вена тамырларға өтеді жəне өзінің салмағына байланысты дененің төменде жайғасқан бөліктерінде жинала бастайды.
Мəйіт дақтары өлгеннен соң 2-4 сағаттан кейін пайда болады. Олар мəйіттің төменгі бөліктерінде көкала-қызыл немесе қоңыр-күлгін түсте көрінеді. Қолмен басқанда олардың реңі ақтаңдақтанып барып аз ғана уақыттан соң өз реңіне қайта кіреді.
Өлімнің кейінгі белгілеріне аутолиз жəне шіру үдерістері кіреді. Аутолиз үдерісі гидролиздеуші ферменттерің белсенділігінің күшеюімен байланысты. Сол үшін аутолиз ферменттер көп өндірілетін ағзалардан басталады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет