1 ші деңгей: Патологиялық анатомия, оның мазмұны, мiндеттерi, объектiлерi, зерттеу әдiстерi мен деңгейлерi. Патологиялық анатомия



бет19/35
Дата01.03.2023
өлшемі77,52 Kb.
#170600
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35
Байланысты:
1 ø³ äå?ãåé Ïàòîëîãèÿëû? àíàòîìèÿ, îíû? ìàçì?íû, ìiíäåòòåði, îá

Веналық жергілікті толыққандылық мүшедегі немесе дененің бір жеріндегі венаның саңылауы бітелгенде (тромб, эмбол) немесе ол сыртынан кысылганда (ісік, дэнекер тін өскенде) веналық қанның әкетілуі қиындауы себепті дамиды. Мысалы, кақпалық венада тромб қалыптасқанда асқазан-ішек жолында дамыған веналық толыккандылық өте айқын бейнелі болады .
Бүйректің цианоздық индурациясына бүйрек венасының тромбозы себеп болуы мүмкін. Ал, егер коллатеральдық қан айналымы жеткіліксіз болса, аяқ пен қолга веналық қан іркіліп, тіні суланып ісінеді, тромбоз дамиды.
веналық магистралдар арқылы қанның ағысы қиындағанда немесе тоқтағанда қалыптасқан веналық коллатералдарда да дамуы мүмкін.


18.Iрiңдi қабыну. Анықтамасы. Жекеленген түрлерiнiң морфологиялық сипаттамасы (флегмона, абсцесс, эмпиема).
Іріңді қабыну - экссудаттың құрамында лейкоциттердің көп мөлшерде болуымен сипатталады. Сол жердегі тірі жəне өлі лейкоциттер макрофагтар, микроорганизмдер, белокқа бай экссудат, ыдыраған жергілікті тін, барлығы қосылып іріңді құрайды. Ыдырау үдерісінде лейкоциттер майлы дистрофияға ұшырағандықтан, ірің сары түске енеді. Іріңді қабынудың түрі, нəтижесі негізінен оларды қоздырушы микроорганизмдердің биологиялық қасиеттерімен анықталады
Этиология
Іріңді қабынуды пиогенді бактериялар: стафилококктар, стрептококктар, гонококктар, менингококктар, френкель диплококктары, іш сүзегі таяқшалары және т.б.
Іріңді қабынудың- флегмона, абсцесс, эмпиема деген түрлері бар
Флегмона - жайылған іріңді қабыну. Флегмона пайда болғанда экссудат жергілікті тіннің немесе ағзаның барлық қабаттарына бірдей сіңіп, оны некрозға шалдықтырады немесе іріңдетеді . Некрозға ұшыраған флегмона қатты флегмона деп аталады. Ірің тінге біртегіс сіңгенде жұмсақ флегмона дамиды. Флегмона көбінесе теріасты жəне шырышты қабық астындағы шелде кездеседі.
Абсцесс- деп шекараланған іріңді қабынуды атайды. Сол аймақта некрозданған тінде көп мөлшерде лейкоциттер жиналады, олардың белокты ерітуші (протеолиздік) ферменттері өлген тінді ыдыратып, іріңге толы қуыс пайда болады. Оның айналасы іріңді қабықпен (пиогенді мембрана) оралған. Алғашқыда іріңді мембрана майда қан тамырынан, моноцит, макрофаг жəне басқа да жасушалардан тұратын грануляциялық қабықпен, кейін дəнекер тіннен тұратын қабықпен (капсуламен) қоршалады.
Эмпиема - бұл ағып кетудің бітелуіне байланысты қуысты мүшелерде немесе дене қуысында іріңнің айтарлықтай жиналуы. Оларға плевра эмпиемасы, өт қалтасының эмпиемасы жəне т.б. жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет