17 .Веналық толыққандылық, жалпы және жергiлiктi, жедел және созылмалы түрлерi, этиологиясы. Веналық гиперемия деп қанның жүрекке қарай ағуының қиындауына байланысты ағзаларда вена қанының көп жиналып қалуын атаймыз, ол кезде қанның ағып келу мөлшері бірқалыпта болады немесе азаяды. Веналық толыққандылықтың жалпы және жергілікті , жедел және созылмалы түрлері кездеседі .
Этиологиясы 1.Тромбоз және веноздық эмболия
2.Үлкен веналарда қысымның жоғарылауы (артериовенозды айырмашылық жеткіліксіз)
3. Веналардың қысылуы
Дене белсенділігінің жеткіліксіздігі, т.б. бұлшықет белсенділігі тамырлардағы қан ағымының маңызды факторы болып табылады
Веналық жалпы жедел толыққандылық — жүрек қызметінің жедел жеткіліксіздігі деп аталатын синдромның (миокардтың инфарктіден жиырылу қабілетінің жеткіліксіздігі, жедел миокардит) бейнесі. Нэтижесінде, тін-қанаралық (гистогематикалық) бөгет гипоксиядан зақымдалып, капиллярлардың өткізгіштігі күрт артады да, плазма сіңген тіндер суланып ісінеді, диапедездік канды дақтар пайда болады, паренхималық мүшелерде дистрофиялық жэне некроздық өзгерістер өрістейді.
Веналық қан жедел іркілген мүшенің құрылым әрекеттік ерекшелігіне қарай, сулы-плазмаррагиялық, геморрагиялық немесе дистрофиялық пен некроздық өзгерістердің бірі басым болады
Веналық жалпы созылмалы толықандылық жүректің бірқатар созылмалы ауруларының (кемістік, жүректің ишемиялық ауруы, созылмалы миокардит, эндокард фиброэластозы, т.б.) асқынулық зардабы — жүрек қызметінің созылмалы (жүрек-кан тамыры) жеткіліксіздігі синдромына тэн. Оның даму барысында мүшелер мен тіндерде ауыр жэне қайтымсыз өзгерістер қалыптасады. Гипоксия үзақ мерзімді болгандықтан, плазмаррагия, суланып ісіну, стаз, қан дақтары дамып қана қоймай, атрофиялық және склероздъқ үдерістер өрістейді.
Бауыр веналық қан ұзақ іркілген кезде үлғайып, қатаяды, жиегі доғал, сарғыш реңді кесіндісі қоңыр-қызыл дақты, мускат жаңғағы сияқты тарғыл болады; сондықтан бұндай бауырды мускат бауыры деп атайды. Микроскоппен зерттегенде үлесшелердің гепатоциттері зақымдалған орталық аймағы ғана көрінеді мүшенің кесіндісінде ол жерлер қошқыл қызыл реңді. Бауыр бөлікшесінің майлы дистрофия жайлаған шет жағы бозғылт реңді болады.