1-СҰРАҚ. Абайдың өскен ортасы,алған білімі: діни,қоғамдық-саяси шығармалары арқылы дәлелде


-СҰРАҚ.Абайдың философиялық, дүниетанымдық көзқарасына қатысты зерттеулерге шолу жаса



бет11/39
Дата03.06.2022
өлшемі129,29 Kb.
#145883
түріӨмірбаяны
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39
Байланысты:
Әмренов Финал

14-СҰРАҚ.Абайдың философиялық, дүниетанымдық көзқарасына қатысты зерттеулерге шолу жаса.
15-СҰРАҚ. Қайым Мұхаметхановтың абайтанудағы орны: текстология, ақындық мектеп
Қайым Мұхамедхановтың шығармалар жинағының бесінші томына 1945-1997 жылдар арасындағы әдебиет тарихы мен текстология мәселесіне арналған зерттеулері, Абай Әуезовтің шығармашылық өмірі жөніндегі ғылыми очерктері хронологиялық тәртіппен енгізілді. Абайдың өмірі мен шығармаларының жазылу тарихы, сондай-ақ ұлы акын поэзиясының текстологиясы жайында жарты ғасыр бойы қалам тарткан мақалалары мақсатты түрде топтастырылып берілді. Бесінші томдағы қазақ әдебиетінің көкейкесті мәселелерін қамтитын бұл еңбектер жалпы окырман кауым мен ғылыми ортаның назарын ерекше аударатыны анық.
Ғалым, әдебиет сыншысы, драматург Қайым Мұхамедхановтын көп томдык шығармалар жинағынын тоғызыншы томына әдебиет тарихы, өнер, театр жайлы жазған зерттеулері мен мақалалары және Абай өлендерiне жазған ғылыми түсініктемелері еніп отыр. Қ. Мұхамедханов жаңа құрылып, қалыптасып келе жаткан театр жұмысына белсене араласып, сыни мақалалар жариялап отырған. Абайдың өлеңдері мен поэмаларынын мәтiндерiне ғылыми түсiнiктемелер жазу ғалымның ұзақ жылғы табанды енбегiнiң жемiсi. Ғалым терең энциклопедиялык бiлiммен және текстология ғылымының канондық негiздерiн басшылыққа ала отырып, Абай шығармаларының мәтін жеріне жеткізе зерттеп, бір ізге түсіруге ұмтылған. Аталған енбек көптеген жылдар бойы дұрыс оқылмай, өзгеріске ұшырап жүрген Абай өлендерiнiң түпкі мағынасы мен мәнiн ашуға негіз болган.

16-СҰРАҚ. Абайдың қарасөздерінің зерттелуі: М.Әуезов, С.Мұқанов, Х.Сүйінішәлиев
Қарасөз туралы теориялық түсінік беру.Қарасөз (проза) – көркем әдебиеттің үлкен бір саласы. Өлең сөзден бір айырмашылығы – онда сөз ырғағы еркін, өлеңдегідей қандай да бір белгілі өлшемдер болмайды. Қарасөздер саясат, публицистика, философия тұрғысында жазыла береді. Қара сөзбен жазылған көркем шығармада өмір құбылыстарын, әр түрлі уақиғаларды баяндау тәсілі айрықша болады.Ал Мұхтар Әуезов қарасөз туралы: «Жалпы алғанда Абайдың қарасөз дейтін мұралары көркем прозаның өзінен бөлек, бір алуаны болып қалыптасады. Бұлар сюжетті шығармалар емес. Стиль, мазмұн жағынан алғанда осы шығармалар Абайдың өзі тапқан, бір алуаны көркем сөз түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбінше адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді» [М. Әуезов. 20 томдық шығармалар жинағы 20 - т., 218 - 219] деп пікір айтқан. Демек, Абайдың қарасөздерінің өзіндік ерекшелігі – олар нақыл, өсиет түрінде келеді. 1956 жылы Абайдың қарасөздерін алғаш жеке зерттеу обьектісі ретінде қарастырып, оны ХІХ ғасырдағы жазба әдебиетте үлкен орны бар прозалық шығарма деп бағалаған – Х. Сүйінішәлиев. Бұдан бөлек С. Мұқанов, Қ. Бейсенбиев, Т. Әлімқұловтардың зерттеу еңбектері бар. Ұлы ақынның бұл философиялық мұраларын шет тілдеріне аударған Ғ. Мұқанов, С. Санбаев. 1933 жылы М. Әуезов қарасөздердің мағынасына қарай өзінше жүйелеп орналастырған.С.Мұқановтың “Абай Құнанбаев» монографиясына жазған пікірінен байқауға болады. Ол “адам мен адамгершілік, ұждан, мораль философиясына төтелей қатынасы бар, толып жатқан бөлек-бөлек бір көлемді, әрі сапалы ойшылдық пікірлері бар екені даусыз” деген. Жалпы ақын көзқарасына байланысты пікірін ол “Абай діні - өзінің заманы мен ортасына бір жағынан, сырттай баж бере отырса да, негізінде және де ақылдың, адамгершіліктің діні болады” деп түйіндейді.Абайдың қара сөздерін қа­лай атау турасында пікір ай­тушының бірі Х.Сүйінш­әлиев: «…Дұрысында Абайдың қара сөздерінің бәрін бір алып қарап, бәріне ортақ прозаның бір түрін атауға болмайды. Сондай-ақ, оларды бір атпен атап, не ғақ­лия, не изречение, не әңгіме т.б. деуге болмайды… Бәрін қара сөз демей әр сөзін бөлек аттармен атаса, өте ыңғайлы болар еді» – дейді (Абайдың қара сөздері». – Алматы, 1956 жыл). Автордың 38-ші сөзді бірде «тасдих», бірде «ғақлия» деуі, енді бірде, оны «китаб тарих» деп бұрмалауы, 9-шы, 10-шы сөздердің орнын шатыстыруы, 1-ші, 7-ші, 8-ші, 23-ші сөздерге байланысты үстіртін пікірлері тек оның өзіне ғана емес, оған дейінгі және кейінгі бір қауым зерттеушілерге де қатысты кемшіліктер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет