Күтілетін нәтиже: Қазақстан Республикасының рәміздерін білу.
Білуі тиіс: туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Түсінігі: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің мән-мағынасын тұсіну.
Көрсете білуі: рәміздер туралы өлең, мақал-мәтелдерді жатқа айту.
6-сабақ
Экология негіздері.
Тақырыбы: Алтын күз.
Мақсаты:
Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту. "Ерте" және "кеш" түсетін күз туралы түсінік беру. Ағаштардың, бұталардың жапырақтарына, бұтақтары мен жемістеріне қарай бір-бірінен ажырата білуге үйрету.
Күз мезгілінің астық, жеміс-жидек көкөністерді жинау мезгілі екенін, күздегі ауылшаруашылық еңбек түрлері жөнінде түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Ересектердің еңбегін құрметтеп, олардың еңбегінің нәтижесіне қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Күзгі табиғаттың әсемдігін сезініп, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: ерте күз, қоңыр күз, жыл кұсы.
1с-әрекет бөлімдері
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Балалардың іс- әрекеті
|
Ынталандыру. Сезімді ояту
|
Шаттық шеңберіне дөңгелене тұрғызып, өлең жолдарын әндетіп айтқызады.
Армысың, ардақты Аспан ата! Армысың, мейірімді Жер-ана! Армысың, шұғылалы алтын күн! Күліп шықты күн бүгін.
|
Бәрі бірге қайталайды.
|
Кіріспе әңгіме:
Орманда, тоғайларда жаз мезгіліндегідей емес. Құстардың шуылы азайған. Өйткені кұстардың көпшілігі жылы жаққа ұшып кетті. Аққайың мен емендердің жапырақтары өзгеріп, сары түске енген. Гүлдер мен шөптер солып, қурай бастады.
Сұрақтар:
Бұл жылдың қай мезгілі деп ойлайсыңдар?
Күз мезгілі екенін қайдан білдіңдер?
Күздің келуімен орманда қандай өзгерістер болады?
Күздің бірінші айы - қыркүйек «Алтын күз» деп аталады. Бұл кезде біз бау-бақшадағы жеміс-жидектерімізді жинап аламыз. Сондай-ақ «қоңыр күз» деп күздің ауа райы жанға жайлы кезін айтады. Күздің екінші айы - қазанды халық желді, ылғалды, жапырақтар көп түсетін кез деп атайды.
Күздің ең соңғы айы - қарашаны «Жартылай қыс» немесе «Мұз ұстасы» деп атайды.
Кейбір құстар күннің суытуына байланысты жылы жаққа ұшып кетеді. Бозторғай, сары шымшық - қыстап қалатын кұстар. Құстар мен жануарларға қамқор болып жүру - ұлкен парыз.
Сергіту жаттығуын орындату.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
Қ. Шаңғытбаевтың «Алтын күз» өлеңін жаттатады.
Күзгі жапырақтарды боятады.
Табиғи материалдардың маңызы туралы айтып, олардан түрлі заттар жасауға болатындығын түсіндіру. Моншақ тізуге нұсқау береді.
Табиғаттағы ең негізгі ережелермен таныстыру.
Балалар тыңдайды.
Балалар түсінгендерін қайталап айтады, сұрақтарға жауап береді.
Педагогтің әңгімесін тыңдайды. Суретке қарап әңгіме құрастырады. Сұрақтарға жауап береді.
Өлең жолдарын қайталап, бірнеше рет қайталап жатқа оқиды. Дәптердегі жапырақтарды бояйды. Табиғи
материалдардан моншақ жасайды.
Күтілетін нәтиже: Қазақстан Республикасының рәміздерін білу.
Білуі тиіс: туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Түсінігі: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің мән-мағынасын тұсіну.
Көрсете білуі: рәміздер туралы өлең, мақал-мәтелдерді жатқа айту.
7-сабақ
Қоршаған дүниемен таныстыру.
Тақырыбы: Бағдаршам және көлік түрлері.
Мақсаты: 1. Бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру.
Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын, зейіндерін дамыту.Жолда жүру ережелерін меңгерту.
Сөздік жұмыс: бағдаршам, жол тәртібін реттеуші, көше қиылысы.
Іс-әрекет бөлімдері
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Балалардың іс - әрекеті
|
Ынталандыру. Сезімді ояту
|
Балаларды шеңбер құрғызып тұрғызу.Кел балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік! Күлкі көңіл ашады, Күліп өмір сүрейік.
|
Өлеңді бәрі бірге қайталайды.
|
Бағдаршамы бар көше мен бұрылыстарға саяхат жасату. Ауыл педагогтері бағдаршамы бар үлкен даңғыл бейнеленген плакатты пайдаланады. Балалардың назарлары бағдаршамның жұмысына, машиналардың арлы-берлі жүруіне, жаяу жүргіншілердің іс-әрекеттеріне назар аударылады. Жол жүру ережелерімен таныстырады. Жол белгілерінің суреттерін көрсетеді, олардың көлік қозғалысын реттеп, көлік жүргізуші мен жаяу жүргіншінің маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер екенін айтып түсіндіреді.
Ә.Табылдының «Бағдаршам» деген өлеңін оқу.
«Көлік түрлері қайда?» дидактикалық ойыны.
Жол түрлерімен (машина жүретін жол, жаяу жүргінші жүретін жол, екі бағытқа бөлінетін жол, екі көшенің түйіскен жерімен) таныстырады, суреттерін көрсетеді. Егер бағдаршам жоқ болса, жол тәртібін реттеушіге бағыну қажеттігі айтылады. Жолда жүру ережелерін сақтау, үйрену арқылы бала өзінің өмірін және денсаулығын сақтайтындығы түсіндіріледі. Дәптермен жұмыс:
Сурет бойынша жолда жүру ережелерін еске түсірту, қайталату.
Суреттегі көлік түрлерін ұш топқа (ауадағы, судағы, жердегі) бөліп атау.
«Суретте не артық?» дидактикалық ойынын жүргізу.
Суреттегі көлік түрлерін бір - бірімен салыстырту.
Балалар жол ережелерін тыңдап, қайталап айтыпбереді.
Тапсырманы орындайды.
Суретке қарап, жолда жүру ережелерін құрастырады.
Жолда жүру
Ережелерін қайталайды, сұрақтарға жауап береді,тапсырмаларды орындайды.
Қорытындылау.
|
Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта
|
Сұрақтарға жауап
|
Өзін-өзі бағалау
|
алған білімдерін қорытындылайды.
|
береді, өздері
|
|
Сұрақтар:
|
қорытынды пікір
|
|
1. Жаяу жүргіншілер қай жермен
|
жасайды. Мысалы:
|
|
жүру керек?
|
Жолда жүру
|
|
2. Жаяу жүргіншілер көшенің қай
|
ережесін сақтау
|
|
жерінен қиып өте алады?
|
керек. Сонда көлік
|
|
3. Өзің тұратын жерде қандай көлік
|
қозғалысына да,
|
|
түрлері жүреді?
|
көлік жүргізушіге
|
|
|
де кедергі
|
|
|
жасамайсың.
|
|
|
Өміріңді
|
|
|
сақтайсың.
|
8-сабақ
Экология негіздері.
Тақырыбы: Күз сыйы.
Мақсаты:
Табиғаттағы өзгерістер туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру.
Күн мен түннің ұзақтығы, ауаның температурасының өзгеруі, жа- пырақтардың түсінің өзгеруі, жемістердің пісуі туралы және т.б. білім не- гіздерін меңгерте отырып, есте сақтау қабілетін, зейіндерін дамыту.
Өсімдіктерді күтіп-баптауға және табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: бұтақтар, жемістер, тұқымдар, табиғат құбылыстары.
Іс-әрекет бөлімдері
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Ынталандыру.
|
Қуаныш шеңберін ұйымдастыру.
|
Балалар жақсы
|
Сезімді ояту.
|
- Армысыз, алтын Күн!
|
көңіл күйімен
|
|
Армысыз, қайырымды Аспан - ата!
|
сәлемдеседі.
|
|
Армысыз, мейірімді Жер-ана!
|
|
|
Күліп шықты күн бүгін!
|
|
|
Қуанайық, шаттанайық бәріміз.
|
|
Ізденістер. Ұйымдастыру
Саябаққа, алаңқайға табиғи материалдар жинау мақсатымен серуен ұйымдастыру.
Б. Жақыптың «Күзде» өлеңінің мазмұнын ашу:
жемістер;
көкөністер;
жидектердің пайдасын, оларды жинау туралы әңгімелеу.
Балаларға «Табиғат сыйы» деген ұғымның мағынасын түсіндіру, табиғаттың шексіз байлығы болып саналатын күз мезгілінің ерекшелігін, алуан тұсті жапырақтар, табиғи материалдар туралы түсіндіру. Балалар табиғи материалдарды жинап, күзгі жапырақтардың түстеріне, пішініне, ауаның температурасына, күн мен түннің ұзақтығына назар аударады.
Сергіту сәтін өткізу.
Орнымыздан тұрайық,
Құстай канат қағайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
Күзгі бактағы еңбек
Күзгі бақшадағы еңбек туралы түсіндіру.
Жарты алманың екінші бөлігін тапқызу.
Жеміс пен жидек сөзіне сөздік жұмысын жүргізіп, оларға не жататынын айту, айырмашылықтарын түсіндіру.
Жеміс - жеміс беретін ағаштар мен сабақты өсімдіктер басына шығатын шырынды мәуе. Жидек - таңқурай, бүлдірген, құлпынай өсімдіктері жемісінің жалпы атауы.
Серуенде табиғатты тамашалайды.
Өлең жолдарын тыңдайды, түсінеді.
Серуенде балалар табиғи материалдарды жинап, олардан өздерінің қиялдарынан «Күзгі орман» композициясын құрастырады.
Өлең мазмұнына қарай қимылдар жасайды.
Тапсырмаларды ынтамен орындайды.
Сабақты қорытындылау
Тақырыпты бекіту үшін «Сен жасыр, біз табамыз» деген дидактикалық ойын ұйымдастырылады. Шарты: балалар көздерін жұмып отырады. Педагогтің белгісімен бір бала жеміс, көкөністердің муляждары салынған табақтан біреуін алып, артына тығып тұрады. Бала өзі жасырған жеміс не көкөністің атын айтпай сипаттайды. Балалар жасырған жеміс не көкөністің атын айтулары тиіс.
Дидактикалық ойынға балалар белсене катысады
Күтілетін нәтиже: табиғаттағы күзгі өзгерістерді бақылап, ол туралы өз ойларын жеткізе білуі.
Білуі тиіс: күз мезгілінің ерекше сыйын түсініп, бағалай білуі.
Түсінігі: ауаның температурасының өзгеруін тұсіну.
Көрсете білуі: табиғи материалдардан композиция жасай білу.
9-сабақ
Қоршаған дүниемен таныстыру.
Тақырыбы: Ақпарат құралдары.
Мақсаты: 1.Ақпарат қызметі түрлерімен таныстырып олардың атауларын меңгерту.
Балалардың жас шамасына қарай компьютер туралы қарапайым түсінік беру, оны пайдалану ережелерімен таныстыру, бастаған ісін аяғына дейін тыңғылықты аяқтауға, зейінді, шыдамды болуға тәрбиелеу.
Адамдардың пайдалы іс-әрекеттерін бағалап, оған құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: байланысшы, хат тасушы, телеграмма қабылдаушы, компьютер.
Іс-әрекет бөлімдері
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Балалардың іс- әрекеті
|
Ынталандыру. Сезімді ояту
|
Балаларды шеңбер бойына тұрғызып, төмендегі өлең жолдарын айтқызады:
Армысың, асыл күн! Армысың, көк аспан! Армысың, жан досым! Жылуыма жылу қос, Міне, менің қолым.
|
Балалар бір- бірінің қолын ұстап, жылу сезімдерін білдіреді.
|
Ізденістер. Ұйымдастыру
|
Ақпарат құралдары жайлы түсінік беру:
- Телефон, факс, хат, кұттықтау хаттары, сәлемдеме байланыс түрлеріне жатады. Байланыс қызметінің бұл аталған түрлерінің бәрі адамдардың тұрмысына өте қажет. Компьютер де байланыс қызметі түрлерінің қатарына жатады. Компьютермен әлемнің барлық жерлерінен әртүрлі хабарлар алынады және жіберіледі. Қазіргі кезде мектептер мен балабақшалар да компьютермен толық қамтамасыз етілген.
Пошта - хат, телеграмма, ақша, газет-журнал, сәлемдеме сияқты заттарды бір жерден екінші жерге жеткізумен айналысатын мекеме. Бұл мекемеде байланыс қызметкерлері - хат, телегерамма, т.б. қабылдаушы-операторлар, хат тасушылар жұмыс істейді.
Сергіту сәтін өткізу.
|
Балаларға тақырыпқа қызығушылықпен жауап береді.
Компьютер, телефон сияқты байланыс құралдары туралы білетіндерін айтады.
|
|
Біздер тату баламыз Гүл-гүл жайнап аламыз. Жаттығулар жасайық, Жақсы сергіп қаламыз.
|
Өлең мазмұнына қарай қимыл - қозғалыстар жасайды.
|
|
3. Әліппе-дәптермен жұмыс.
Суреттегі байланыс құралдарынататып, олардың атқаратын
жұмыстары жөнінде әнгімелету.
Мысалы:
Факс – фотокөшірмелердітелефон желілері арқылы беру
құралы.
Сәлемдеме - пошта арқылыжіберілген сәлем-сауқат.
4. «Телефон» дидактикалықойыны. Шарты: екі бала ойыншық
телефон тұтқасымен бір-біріменсөйлеседі. Мысалы:
- Сәлеметсің бе, Алма?
- Сәлеметсің бе, Аружан?
- Ертең мен анамменхайуанаттар багына барамын.
Сен бізбен барасың ба?- Анам рұқсат берсе, барамын...
5. Дәптердегі тапсырмалардыорындату.
|
Сурет бойыншабайланыс
Құралдарыныңатқаратын
Қызметінәңгімелейді.
Балалар бір-бірімен
ойыншык телефонарқылы сөйлеседі.Сұрактарга
жауап береді, тапсырмаларды
орындайды.
|
Қорытындылау.
Өзін-өзі бағалау
|
6. Сабақты қорытындылау.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Байланыс қызметінің түрлеріната.
2. Компьютер байланыс құралынажата ма?
3. Сәлемдемемен не жіберугеболады?
4. Құттықтау хаттарын кімдергежәне не үшін жазады?
|
Балалар байланысқұралдары меноның қажеттілігінайтады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |