32-оқу іс-әрекеті
Экология негіздері.
Тақырыбы: Экологиялық соқпақ.
Мақсаты: 1. Балалардың санасына экология деген түсінікті қалыптастыру.
Қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау керектігін түсіндіру арқылы эстетикалық талғамдарын дамыту.
Табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: саяхат, соқпақтар, шартты белгілер.
Іс-әрекет
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Балалардың
|
бөлімдері
|
|
іс-әрекеті
|
Ынталандыру.
|
Қуаныш шеңберін ұйымдастыру.
|
Өлең жолдарын
|
Сезімді ояту
|
Табиғатым тамаша,
|
айтып шеңберде
|
|
Көз тоймайды қараса.
|
бір-біріне қуана
|
|
Табиғатты аялап,
|
қарайды.
|
|
Жүрейікші жараса.
|
|
Ізденістер.
|
Экологиялық соқпақ - дегеніміз
|
|
Ұйымдастыру
|
арнайы таңдалған бағытпен табиғат
|
|
|
аясында, табиғатты қорғауға
|
|
|
байланысты ұйымдастырылатын іс-
|
|
|
шара.
|
|
|
Ә.Дүйсенбиевтің «Жорық жыры»
|
Балалар
|
|
өлеңі оқылады.
|
өлеңді мұқият
|
|
|
зейін қойып
|
|
Ауласында бақшаның
|
тыңдайды.
|
|
Айналада - нұрлы өмір.
|
|
|
Дала бүгін тым жақсы,
|
|
|
Тым тамаша гүлді өңір.
|
|
|
Көкте күліп күміс күн,
|
|
|
Қуанышқа кенелдік.
|
|
|
Әнге бөлеп жер бетін
|
|
|
Жорыққа біз жөнелдік.
|
|
|
Балалармен қайыңның белгісі
|
Балалар бағыт
|
|
көрсетілген аялдамаға келу, қайыңды
|
бойынша
|
|
суреттеу.
|
аялдамаларды
|
|
Одан кейін ескірген құлап жатқан
|
аралап жүреді,
|
|
ағашқа келу, оның қуысындағы
|
кездескен
|
|
көптеген жәндіктердің тіршілігін
|
табиғаттың
|
|
бақылау. Балалардың танымын одан
|
бөлшектеріне
|
|
эрі дамыту мақсатында экологиялық
|
түсіністікпен
|
|
нысандарды өзгертіп отыру керек.
|
қарап, керек
|
|
|
жерінде көмек
|
|
Сергіту жаттығуын өткізу.
|
көрсетеді.
|
|
Орнымыздан тұрайық,
|
Өлең жолдарын
|
|
Құстай қанат қағайық.
|
айтып, қимыл
|
|
Бір отырып, бір тұрып,
|
қозғалысын
|
|
Біз тынығып алайық.
|
жасайды.
|
|
Әліппе-дәптердегі тапсырмаларды
|
Әліппе-дәптер-
|
|
орындатады.
|
мен жұмыс
|
|
|
жасайды.
|
|
«Саяхат» дидактикалық ойыны.
|
|
|
Мақсаты: Таныс өсімдіктердің атауы
|
Ойынға барлық
|
|
бойынша соқпақты табу. Кейбір
|
бала белсене
|
|
ағаштар мен бұтақтарды сыртқы
|
қатысады.
|
|
көріністеріне қарап ажырату
|
|
Қорытындылау
|
Балабақшада, мектепте экологиялық
|
Экологиялық
|
|
соқпақ ұйымдастыру. Ағаштар, гүлдер
|
соқпақтардың
|
|
отырғызу, құмырсқаның илеуін қорғау,
|
мақсатын
|
|
т.б.
|
түсінеді.
|
Күтілетін нәтиже: балалардың экологиялық соқпақтар туралы түсініктерін қалыптастыру.
Білуі тиіс: экологиялық саяхаттың мақсатын білу.
Түсінігі: соқпақтағы шартты белгілерді түсіну.
Көрсете білуі: дидактикалық ойында ағаштарды , бұтақтарды дұрыс ажыратып көрсету.
Оқу іс-әрекетінде пайдалануға болатын қосымша материалдар
Қазақстан Республикасы (қысқартылған атауы - ҚР).
Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-ыншы орын алады (2 724 900 км2). Батысы Орталық Азияда орналасқан, батыстан шығысқа, яғни Еділдің төменгі ағысынан, шығысында Алтай тауларының етегіне дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі Батыс-Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 600 км-ге созылып жатыр. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан ең үлкені.
Бес мемлекетпен көршілес, солтүстігінде Ресеймен, оңтүстігінде Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстан, ал шығысында Қытаймен шектеседі. Батыста Каспий теңізімен, оңтүстікте Арал теңізімен шайылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы - Қазақстан Республикасының мемлекеттік негізгі рәміздердің бірі. Мемлекеттік ту көгілдір түсті тік бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннің астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекітілген тұста - ұлттық оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек - алтын түсті. Тудың ені ұзындығының жартысына тең.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гербі
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының негізі - шаңырақ. Шаңырақ мемлекеттің түп-негізі - отбасының бейнесі. Шаңырақ - киіз үйдің күмбезі - көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың, отбасының бейнесі. Тұлпар - дала дүлділі, ер-азаматтың сайгүлігі, желдей ескен жүйрік аты, жеңіске деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Қанатты тұлпар - қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құш- тарлықтың кейпі. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңістікті біріктіреді. Ол - өлмес өмірдің бейнесі. Бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүретін
73
Қазақстан халқының өсіп-өркендеуін, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесін паш етеді. Бес бұрышты жұлдыз гербтің тәжі іспетті. Әрбір адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар.
Әнұран (гимн) туралы
Әнұран - бұл дыбыстық рәміз, әлеуметтік-саяси бірігуде және еліміздегі азаматтарды этномәдени біртұрпаттылықта айтарлықтай мағына береді. «Гимн» терминінің өзі гректің «гимнео» сөзінен алғанда «салтанатты ән» дегенді білдіреді.
Кез келген халықтың тарихында музыкалық шығармалар бар, ол тарихтың белгілі бір уақытында халықтың гимні болған. Осындай ән қазақ халқында да бар. Ол Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі қазақ халқының ауыр тауқыметін көрсетуге арналған «Елім-ай» әні, оны XVIII ғасырдың атақты батыры, ақын-сазгер Қожаберген жырау Толыбайұлы жазған.
2006 жылы жаңа Мемлекеттік әнұран қабылданды.
Жаңа әнұранның негізі өткен ғасырдың екінші жартысының елуінші жылдарындағы бақытты өмірді жырлаған, халыққа танымал патриоттық ән - «Менің Қазақстаным». 2006 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Парламенті палаталарының бірлескен отырысында «Мемлекеттік нышандар туралы» Жарлыққа түзетулер енгізілді. Еліміздің жаңа әнұраны болып атақты ән - «Менің Қазақстаным» болды. Әуенін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Жұмекен Нәжімеденов жазған ән ондаған жылдар халық арасында кеңінен таралды. Қазақстан әнұранының сөзін уақыт өлшемімен үндестірген бірлескен автор - еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев.
Елорда тарихы
Астана - Қазақстан Республикасының елордасы. 10 желтоқсан
жылы ҚР-ның Президенті Жарлығымен 1997 жылдың 20 қазаннан бастап ) ҚР-ның қолдауымен Астана қаласы елорда болды. Қазақстанның жаңа елордасы болған Астананың халықаралық ашылуы
жылдың 10-шы маусымында болды.
Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.
Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз «елдің бас қаласы» дегенді білдіреді. Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол «киелі орын», «босаға» деген мағыналарға ие.
Тарихы
Астана 1830 ж. Есіл өзенінің жағасында қазақ-орыстар әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады.
1862 ж. Ақмола қала мәртебесін алды.
1962 ж. қалаға Целиноград атауы берілді.
ж. егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады.
ж. 6 мамыр жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді.
1998 ж. 10 шілде Қазақстанның жаңа елордасы - Астананың халықаралық тұсауы кесілді.
1998 ж. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бүл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым эсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламщардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бүл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әртүрлі елдерінің он екі қаласын басып озды.
Астана өте серпінді дамуда. Астананың ойдағыдай дамып келе жатқанының белгілерін оның халқының жедел өсуінен байқауға болады.
Қаланың дәл жүрегінде орналасқан Бәйтерек мұнарасы жағасындағы паркке ұқсас ашық аланында ұдайы арнайы мерекелер өткізіліп отырады. 2010 жылы осы жерде Әкімшіліктің шақыруымен Берлин қаласынан келген Аюлар достастығы көрмесінің таныстыру мерекесі өткізілді. Осы көрмеде дүниенің 125 елінен 125 өнерпаздар жасап шығарған 125 көркемөнер заттары көрсетілді.
Соңғы жылдары қалада мәдени-ағарту мекемелері желісі едәуір көбейді. 3 театр, 23 кітапхана, 5 музей, 1 клуб мекемесі, 2 кинотеатр, Мемлекеттік филармония, 2 сарай, 3 балалар музыка мектебі, өнер мектебі, көркемөнер мектебі жұмыс істейді.
Халықты спортпен және дене шынықтырумен тұрақты айналысуға тарту мақсатында өткен кезеңде жаңа спорт кешендері ашылды жәнебалалар-жасөспірімдер спорт мектебіне күрделі жөндеу жүргізілді. Халыққа қызмет көрсетуге 25 спорт - сауықтыру кешендері іске қосылды.
Астана қаласының назар аударарлық орындары
• Сулы-Жасыл бульвар - Астана орталығындағы жаңа көше.
Ақ-Орда - Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы.
Бәйтерек - Астананың басты символы.
Тәуелсіздік Сарайы - мемлекеттік ресми іс-шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді, съездерді өткізу орны болып табылады
Бейбітшілік пен келісім сарайы - Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізу үшін арналған ғимарат.
Хан-Шатыр - Астананың ең үлкен ойын-сауық орталығы.
Қазақстанның Қызыл кітабы
Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердің 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай-күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.
Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан-жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Осының нәтижесінде жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу үдерісі басталды.
Ғылыми-техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне эсер ететін күшті құралдар берді. Бүл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады.
Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінше бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы - орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бүл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе-теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бүл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.
Қазақстан жануарлары
Қазақстан жерінде жануарлар әлемі алуан түрлі және саны жағынан өте көп. Тек жәндіктер түрлерінің өзі-ақ 30 мыңнан асады. Қазақстанның солтүстігіндегі орманды далада бұлан, елік, ақ қоян, сүр тышқан, су егеуқұйрығы, орман тышқаны, бұлдырық, ақ кекілік, көл айдындарын су құстары аққу, қаз, үйрек, шағала, тарғақ, қасқалдақ мекендеген. Еділ өзенінің жағалауынан Алтай тауы бөктеріне дейінгі аймақта суыр, дала алақоржыны, сүйірбас сүр тышқан, кәдімгі сүр тышқан, дала тышқаны, саршұнақ, ал құстан - дуадақ, безгелдек, жылқышы, сұңқар, бозторғайлар, қыранқара, дала құладыны кездеседі. Көктемнен күзге дейін бүл жерлерде ақбөкен үйірлері жайылады, олар қысқа қарай шөлді аймаққа ығысады.
Едәуір бөлігін Жайық өзенінің аңғарындағы орман алып жатқан далалық белдемнің батыс бөлігін бұлан, елік жайлаған, мұнда қара күзен, жұпартышқан, орман сусары да кездеседі. Бұдан 200 жыл бұрын түгелдей жойылуға жақын қалған құндыз қайта пайда бола бастады. Қос мекенділерден Жайық, т.б. өзендердің аңғарында тарбақа, орман бақасы, т.б. кездеседі. Мұнда бұлдырық, сүр кекілік, тырна, бозторғай көп. Далалық белдемнің шығысында суыр, дала тышқаны, дала шақылдағы, ақ қоян, сілеусін, елік, арқар мекендеген. Өсімдік жамылғысы әркелкі шөлейт белдемде саршұнақтар мен қосаяқтың, құм тышқаны мен қоянның бірнеше түрі кездеседі. Ақбөкен де, сондай-ақ 20 ғасырдың 40-50 жылдарында қарақұйрық та көптеп кездесетін. Бүл белдемде құстан дуадақ, шіл, қылқұйрық, бозторғай, т.б. бар. Қыста қар тоқтап, көктемде қар суы жиналатын Үстірт пен Маңғыстау жартастарының арасында кездесетін үстірт арқары жұтаң өсімдіктермен қоректеніп, ащы суды қанағат етеді. Үстіртте ұзын инелі кірпі, қарақұйрық, шөл сілеусіні - Қарақал кездеседі.
Сазды және қиыршық тасты шөл дала жануарларынан Қазақстаннан басқа жерде кездеспейтін ерекше тұқымдас өкілі - жалманды атап өткен жөн. Солтүстік Балқаш маңындағы бірнеше жерде ғана тіршілік ететін бес башайлы ергежейлі қосаяқ та ерекше жануар. Мұнда құстан шіл, қылқұйрық, тырна, жек дуадақ кездеседі. Оңтүстік Балқаш құмында осы араға ғана тән сексеуіл жорға торғайы, шөл дала жапалағы тіршілік етеді. Құмайтты шөлде бірқатар кесіртке (жұмырбас, ешкіемер), жылан (оқ жылан, айдаһар, қара шұбар жылан, т.б.) түрлері, дала тасбақасы тараған. Республиканың қиыр оңтүстігіндегі кейбір
жерлерде келес сақталып қалған. Өзен-көл аңғарларындағы орман- тоғайларда елік, жабайы шошқа, құм қояны, қырғауыл, т.б. кездеседі. Балқаш, Сасықкөл, т.б. көлдердің жағалауындағы қалың қамыс арасында бірқазан, жалбағай, ақ құтан, көк құтан, қарақаз, шағала бар. Алакөл айдынын өте сирек кездесетін, Қазақстанның"Қызыл кітабына" енгізілген реликті шағала қоныстайды. Қазақстанның шығысы мен оңтүстігін қоршап жатқан таулардың жануарлар дүниесі де сан алуан. Қылқан жапырақты Алтай ормандарында бұлан, марал, құдыр, сібір таутекесі, арқар, алтай көртышқаны, қоңыр аю, бұлғын, құну, күзен, барыс, тиін, борша тышқан, алтай суыры, құр, шіл, т.б. кездеседі.
Сауыр, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар) Алатауы тауларында марал, елік, арқар, сібір таутекесі, қоңыр аю, сілеусін, барыс, ұзын құйрық саршұнақ мекендейді. Жетісу (Жоңғар), Іле Алатауы мен Талас Алатауында көкшіл суырдың орнына қызыл суыр және өте сирек кездесетін Мензбир суыры жерсіндіріле бастады. Қазақстанның оңтүстік-шығыс тауларында жыртқыш құстардан қозықұмай, тазқара, бүркіт тіршілік етеді.
Өсімдіктер
Қазақстанда өсімдіктердің 15 мыңдай түрі бар.
Қазақстанның жазық бөлігі орманды далалық, дала, шөлейт және шөл белдемдеріне (аймақтарға) ажыратылады. Орманды далалық аймақта жылауық қайың, талдың бірнеше түрлері, бұталардан: итмұрын, тобылғы, далалық шие, т.б. бар. Сондай-ақ қайыңды-теректі және терек ормандары басым.
Далалық аймақта қау (боз), бетеге, тобылғы, қарағай, аласа бадам сияқты өсімдіктер өседі.
Шөлді аймақта жусан, изен, сексеуіл және басқа да бұталы өсімдіктерді кездестіруге болады.
Еліміздің таулы аймағында өсетін шырша, қарағай, самырсын, алмалы, өрікті, қайыңды- теректі ормандарды атап өтуге болады. Сонымен қатар арша, қылша, бетеге, сарыкүйік сияқты өсімдіктер кең тараған.
Қазақстанның өсімдіктер әлемі - пайдалы өсімдіктердің қайнар
көзі.
79
Достарыңызбен бөлісу: |