1 Тақырыбы: Балабақша және мектеп. Мақсаты



бет5/11
Дата20.06.2018
өлшемі203,67 Kb.
#43859
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


33



Күтілетін нәтиже: ормандағы андардың қысқы тіршілігін ұғыну.

Білуі тиіс: табиғатқа деген қызығушылығын білдіру.

Түсінігі: туған өлкенің жануарларын қамқорлыққа алу сезімін ояту.

Көрсете білуі: сурет бойынша әңгімелеу.



16-оқу іс-әрекеті

Қоршаған дүниемен таныстыру.

Тақырыбы: Жаңа жыл келді. Қыс қызығы.

Мақсаты: 1. Балалардың қыс мезгілінің белгілері туралы түсініктерін арттыру.



            1. Қыста ойналатын ойындар қыс қызығын арттыра түсетінін түсіндіру.

            2. Қысқы ойындардың пайдасын түсіндіру арқылы спортты сүюге баулу.

Сөздік жұмыс: қар кесегі, аққала.

Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту

«Сырғанақ» өлеңі оқылады.

Сырғанаққа мығымбыз, Шыныққанбыз, шымырмыз. Таудан төмен сырғанап, Біз тебеміз сырғанақ.

Балалар бірге қосылып айтады.

Ізденістер. Ұйымдастыру

  1. Педагогтің тапсырмасы:

- Аспанды сұр бұлт қаптап, жерді ақ ұлпа қар басты. Өзендерде мұз қатып, айнала ертегідегідей тыныштыққа бөленді. Күннің суығына қарамастан балалар шана, коньки теуіп, кар атысып ойнап жүр. Қай мезгіл туралы айтылды?

  1. Педагог қыс мезгілінде болатын құбылыстарға тоқталады. Әр айдың ерекшелігін айта келе, қысқы ойындар туралы түсінік береді.

Балалар қысқызығынөз

беттерінше әңгімелейді.




Мысалы:

- Қаңтар мен ақпан айларында ауа райы суық болады. Қаңтар - қыс шатыры. Қыстың үш айы қандай суық болған күнде де адамдар мұзайдында коньки мен сырғанайды, шаңғы, шана тебеді. Қар кесектерін домалатып, аққала жасайды.

              1. «Қысқы ойындар» дидактикалық ойыны. Шарты: балалар бір-бірден қоржын ішінен суреттерді алады. Суреттердің ішінен қысқы ойын түрлері бейнеленген суретті тауып, оны тақтаға жапсырады. Сонан соң сурет бойынша қысқы ойын түрлері туралы әңгімелейді.

              2. Сергіту сәтін өткізу.

Боран соғар оң жақтан, Боран соғар сол жақтан. Қар лақтырып ойнасақ, Суық өтер қолғаптан.

              1. Қысқы мереке туралы әңгіме өткізу:

  • Жаңа жыл мерекесі.

  • Шыршаны безендіру.

    1. Жұмбақ шешу.

Қыста шыны боп қатады, Жылыда су боп жатады.

(Мұз)




Қыс мезгілі туралы пікірлерін айтады.

Сурет бойынша әңгімелейді.

Өлең жолдарын қайталап, жаттығу жасайды.

Сұрақтарға жауап береді. Шыршаны ойыншықтармен безендіреді.

Жұмбақтың жауабын айтады.


Қорытындылау


Пысықтауға арналған Сұрақтар мен
тапсырмалар:


      1. Қыс мезгілінің айларын ата.

      2. Қыс мезгілінің ерекшеліктерін
        атап бер.


      3. Қандай қысқы ойындарды
        білесіңдер?


      4. Қыс мезгілін не үшін жақсы
        көресіңдер? Пікірлеріңді
        білдіріңдер.





Балалар қыстың

ерекшелігіне

тоқталады.



39

Күтілетін нәтиже: қыс мезгілінің ерекшелігін білуі.

Білуі тиіс: жаңа жыл мерекесі туралы білімдерін толықтыру. Қардың
қайдан пайда болғанын білу.

Түсінігі: табиғатты аялау, қорғау керектігін түсіну.

Көрсете білуі: суретке қарап әңгімеқұрай білу.

17-оқу іс-әрекеті

Қоршаған дүниемен таныстыру.

Тақырыбы: Қысқы еңбек.

Мақсаты: 1. Балалардың қыс мезгілінде орындалатын еңбек


түрлері туралы түсініктерін толықтыру.

        1. Қысқы еңбек түрлерінің пайдасын түсіндіру.

        2. Қысқы еңбектің пайдасын түсіндіру арқылы еңбексүйгіштікке
          баулу.


Сөздік жұмыс: карды күреу, кар тоқтату, құрғақшылық, ылғал.

Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту

1. Шеңбер жасап тұрып, музыканың сүйемелдеуімен «кар күреу» жаттығуын орындатады.

Жаттығуды би қимылына келтіріп орындайды.

Ұйымдастыру. Сезімді оя гу

2. Педагогтің жаңа сабақты түсіндіруі.

Қысқы еңбек түрлерімен таныстырады және оларды кімдер атқаратынын айтып түсіндіреді. - Қыстыгүні көше мен аулалардың қарын күреп тазалау, ал ауылда егістік алқаптарында қар тоқтату жұмыстары жүргізіледі. Қала көшелерінде машиналардың жеңіл әрі жылдам жүруі үшін адамдар арнайы машиналармен қарды күреп тазалайды. Құрғақшылық жиі кездесетін аймақтарда қар тоқтату әдісі қолданылады. Қар тоқтату - топырақта ылғалдық біршама қорын жинап, егіс өнімділігін арттыратын жұмыс түрі.

Мұқият тыңдайды, түсінбегендері бойынша сұрақтар қояды, сұрақтарға жауап береді. Сурет бойынша қысқы еңбек - қар күреу, ауылда малды күту жұмыстары жайлы әңгімелейді. Дәптерден еңбек құралдарын тауып, оларды қоршап сызады.




  1. Сурет бойынша «Қысқы еңбек» тақырыбында балаларды қатыстырып, әңгіме жүргізеді.

  2. Сурет бойынша малды күтіп-баптау жұмыстары туралы түсіндіреді.

  3. «Артығын тап» дидактикалық ойыны. Шарты: суреттен еңбек құралдарын тауып, оларды қоршап сызады. Артық заттарды тауып айтады: шана, шаңғы, малақай.

Сурет бойынша қысқы еңбек түрлері туралы әңгімелейді, Сұрақтарға жауап береді.

Заттардың не үшін артық болып қалғанын айтып дәлелдейді.


Қорытындылау

Сабақта алған білімдерін пысықтайды.

Қысқы еңбек туралы қойылған Сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже: қыс мерзімінде атқарылатын жұмыс түрлерін білуі.

Білуі тиіс: қысқы еңбек түрлерін атап беруі тиіс.

Түсінігі: қысқы еңбектің пайдасын білу.

Көрсете білуі: ауланың қарын күреу, үй жануарларына қамқорлық жасау.



18-оқу іс-әрекеті

Экология негіздері.

Тақырыбы: Қызыл кітап құпиясы.

Мақсаты: 1. Қызыл кітап туралы түсінік беріп, қоршаған ортаны қорғау, оған қамқорлық жасау дағдыларын қалыптастыру.



          1. Жануарлар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғатын себептерді түсіндіру.

          2. Табиғатты аялауға баулу.

Сөздік жұмыс: сындырылған ағаш, саны сиреп бара жатқан жануарлар, өсімдіктер.

Іс-әрекет

Бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту

Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

- Армысыз, қайырлы Күн!

- Армысыз, Аспан ата!

- Армысыз, мейірімді Жер-Ана!

- Армысыз, шұғылалы Алтын күн!

Балалар өлең

жолдарын

қайталап, бір-бірімен амандасады.

Ізденістер.

Ұйымдастыру

1. Қызыл кітап туралы түсінік беру:

- Қызыл кітапқа сирек кездесетін,

жылдан-жылға азайып не жойылып

бара жатқан, сондықтан да айрықша

қорғауды қажет ететін жануарлар

мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі.

Жойылу қаупі төнген (саны сиреп

бара жатқан) түрлерді сақтап қалу

үшін оларды зоологиялық парктерде

қолдан өсіріп, көбейту шаралары

қолға алынған. Біздің елімізде

жойылып бара жатқан жануарлар

мыналар: барыс, ілбіс, қоңыр аю,

бүркіт, дегелек, т.б. Ал өсімдіктерден

қызғалдақ, сексеуіл, т.б.

Адамдар көбінесе кейде түсінбей,

кейде салақтықтан табиғатты

қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт

қажет болатынын ойламастан,

оған қалай болса солай қарайды.

Сыңсыған орманның орнындағы

жанған түбірлер, су шайып өткен

тау беткейлеріндегі жыртылған

жерлер, ағаш ағызу кезінде

ластанған өзендер - осының бәрі

сирек кездесетін көптеген бағалы

аңдар мен өсімдіктердің құруына

әкеп соғады. Қаскерлердің қолынан

қаншамасы қырылып жатыр.

2. Сергіту сәтін өткізу.

Көбелек те , гүл де бір

Қызыл-жасыл күллі өңір.

Аспан төрі ақша бұлт,

Бау-бақшада барша жұрт.

Саңқылдаған саз әні,

Көлде құстың базары.

Педагогтің

әңгімесін тыңдайды,

Сұрақтар қояды.

Слайдтардан

жойылу қаупі төніп

тұрған жануарлар

мен өсімдіктерді

көреді.

Өлеңге қосылып,

сергіту жаттығуын

орындайды.




3. Әліппе-дәптермен жұмыс.

Дәптерде бейнеленген Қызыл кітапқа енген жануарлардың аттарын атайды.

Қызыл кітапқа енген құстарды тапқыздырып, оларды бояту.

Қызыл кітапқа енген жануарларды: арқар, барыс, қарақұйрық, жабайы мысық, үкі, бүркіт, аққу және тырнаның суреттерін бояйды.

Қорытындылау

  1. «Қызыл кітап» дидактикалық ойыны. Шарты: тақтаға бүркіт, қызғылт қаз, т.б. жануарлардың суреттері ілінеді. Балаларға оларды қорғау шараларын айтқызады.

  2. Педагог Сұрақ-жауап және көрнекілік әдістері арқылы балалардың сабақта алған білімдерін пысықтайды.

- Туған өлке табиғатында барлық нәрсе өзара тығыз байланыста болады. Адамды табиғаттан, табиғатты адамнан бөліп қарауға болмайды. Табиғаттың жері мен суы, орманы мен тасы, жануарлары мен өсімдіктері адам үшін тіршілік етудің басты көзі болын табылады. Сол себепті өлкеміздің табиғатын туған анамыздай ардақтап, күте білуіміз керек. Аяусыз сындырылған ағаш, жұлынған гүлдер, үясы бұзылған құстар, жазықсыз өлтірілген жәндіктер, қоқыс-қалдық салынған лас сулар көбейіп барады. Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау - әрбір адамның тікелей парызы.

Балалардың үлгі жауабы:

- Бүркіт құсының саны азайып барады. Сондықтан оны қорғауға алу керек. Бүркітті атуға, оның ұясын бұзуға болмайды...


Күтілетін нәтиже: туған өлке табиғаты туралы түсініктерін жетілдіру.

Білуі тиіс: табиғат жанашыры туралы ұғымы болуы.

Түсінігі: жануарлар мен өсімдіктерді қорғау.

Көрсете білуі: өз өлкелерінде мекендейтін жануарларға қамқорлықкөрсету, өсімдіктерді күтіп-баптау.


19-оқу іс-әрекеті

Қоршаған дүниемен таныстыру.

Тақырыбы: Нан дастарқанға қалай келеді?

Мақсаты:

            1. Диқаншылардың еңбегі туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру. Жердің үнемі қамқорлықты қажет ететінін әңгімелеу.

            2. Өсімдікке өсіп-өну үшін ауа, су, жарық жылу қажеттігін түсіндіру арқылы зейіндерін дамыту.

            3. Диқан еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.


Сөздік жұмыс: егін, қырман, диірмен, комбайн.

Іс-әрекет

бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту

Әрқашан аман болайық,

Елімізде тыныштық болсын,

Бейбітшілік болсын,

Нанымыз коп болсын.

Балалар жақсы

тілекпен

амандасады.

Ізденістер.

Ұйымдастыру

1. Ә. Ахметовтің нан тауарлы

өлеңін оқиды, мазмұнын

түсіндіреді.

2. Нанның дастарқанға дейін келу

жолын әңгімелеу. Бүл жерде диқан,

егістік, элеватор сөздеріне сөздік

жұмысы жүргізіледі.

3. Сергіту сәтін өткізу.

Музыка әуенімен «шайқалады

егістік, шайқалады нұр дала» деп

әндетіп, би қимылдарын жасау.

4. Нан туралы мақалдардың

мағынасын түсіндіру.

Нан - тамақтың атасы.

Ынтымақ - көптің батасы.

Педагогтың

әңгімесін

тыңдайды,

сұрақтар қояды.

Би қимылдарын

орындайды.

Мақалдардың

мағынасын қалай

түсінгендерін

әңгімелейді.




5. Дәптермен жұмыс:

  • Сурет бойынша нанның дастарқанға келу жолын әңгімелеу.

  • Тыйым сөздерді оқып, оларды тәрбиелік мағынасын түсіндіру.

  • Жұмбақтың шешуін тапқызу. Шешуі: бидай.

Жұмбақтың шешуі - бидайдың

суретін салғызу.

Нанның

дастарқанға келу жолын цифрмен белгілейді, бидайдың суретін салады.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

Сабақта алған білімдерін төмендегі Сұрақтардың көмегімен пысықтау:

  1. Нан дастарқанға қалай келеді?

  2. Нанды не үшін қастерлеу керек?

  3. Нан туралы қандай мақалдар білесіңдер?

Нан туралы өлең,

мақал-мәтел

айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет