№11 Дәріс Тақырыбы: Шеміршек және сүйек ұлпалары Жоспар



бет3/8
Дата19.11.2022
өлшемі3,58 Mb.
#158964
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
№ 11 Шеміршек, сүйек ұлпасы

Перихондрдың екі қабатын ажыратады: 1. Тығыз талшықты дәнекер ұлпадан тұратын сыртқы – фиброзды қабат; 2. Құрамында хондробластар бар ішкі – хондрогендік қабат. Бұл қабаттар шеміршектің өсуі мен қоректенуін қамтамасыз етіп, оның тіршілік барысында маңызды рөл атқарады. Перихондрдың жасушалары митоздық бөліну қабілетін сақтайды, шеміршектің өсуін және зақымданған кезде қалпына келуін қамтамасыз етеді.


Гиалинді шеміршек
1- шеміршек үстінің жабындысы
2- хондробластар
3- негізгі аралық заттар
4- хондроциттер
5- хондроциттердің
капсуласы
6- изогенді топтар
7- шеміршек
жасушаларының
айналасындағы негізгі
заттың базафильді
қабаты
(И.В.Алмазов, Л.С.Стулов, 1978)
1
2
3
4
5
6
7

Эластинді немесе серпілмелі шеміршек ұлпасы адам мен сүтқоректілердің құлақ қалқаншасында, сыртқы есту жолында, көмекей үсті шеміршекте және көмекейдің кейбір шеміршектері – мүйіз және сына тәрізділерінде кездеседі. Құрылысы гиалинді шеміршек ұлпасына ұқсас. Түсі сарғыш, мөлдір емес. Бұл шеміршек те перихондриймен қапталған, жасушалары изогенді топтар құрайды. Айырмашылығы жасуша аралық затында жіңішке коллагендік талшықтардан басқа жуан эластиндік талшықтар торы болады.


Эластинді шеміршек
1- изогенді топтар
2- эластинді талшықтар
(anatomy/tkani.shtml)
1
2

Эластинді немесе серпілмелі шеміршек ұлпасында гиалиндік шеміршекке қарағанда жасушалардың изогендік топтары аз болады. Эластинді шеміршек ешқашан известелінбейді, өйткені аралық затында хондратин сульфаттары мен гликоген, липидтер аз болады, кальций тұздары байқалмайды.

Талшықты шеміршек ұлпасы адам мен сүтқоректілердің омыртқа аралық дискілерінде, санның жұмыр сіңірінде, жамбастың шат сүйектерімен байланысқан жерінде, төменгі жақ буынында кездеседі . Талшықты шеміршектің құрылысы гиалинді шеміршекке ұқсас, айырмашылығы коллаген талшықтарының шоғырлары параллель орналасқан. Ал, шеміршек жасушалары коллаген талшықтырынан тұратын шоғырлар қатарларына, параллель орналасады. Коллагенді талшықтар бірте-бірте сиреп, гиалинді шеміршекке өтеді. Жасушалары хондроциттер жеке және топтасып та орналасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет