Талшықты шеміршек 1- изогенді топтар, 2- коллагенді талшықтар. (anatomia.ucoz.com) 1
2
Шеміршектегі өзгерістерде немесе жарақаттарда изогенді топтағы жасушалар - хондроциттердің алатын орны ерекше. Біріншіден, олар бөлініп, жойылған шеміршектің орнын толтырады. Екіншіден, регенерациялық қызмет атқаратын шеміршектің камбиальді жасушалары – субхондриальді сүйек ұлпасы болып саналады. Шеміршек ұлпалары тіршілік барысында өсіп, қалыңдайды. Бұл процесс екі бағытта жүреді: 1. Аппозициялық – шеміршектің сыртынан ішке қарай өсуі, бұл процесс шеміршек қабындағы хондробластардың бөлінуі арқылы жүзеге асырылады; 2. Интерстициальді – шеміршектің іш жағынан сыртқа қарай өсуі, бұл процесс изогенді топтағы хондроциттердің көбеюі арқылы жүзеге асырылады.
Сүйек ұлпасы - дәнекер ұлпалар ішіндегі жоғары маманданған, аралық заты минералданған ұлпаға жатады. Тірек функциясын атқарады, минералдық заттардың алмасуына қатысады. Сүйектің қызыл кемігінде қанның пішіндік элементтері түзіледі. Сүйектің тамыры мен қызыл кемігінде макрофагтарға айнала алатын жасушалар болады, сондықтан қорғаныш қызметін де атқарады. Сүйек — жасушалар мен қатты негізгі заттан тұратын известелген дәнекер ұлпа. Негізгі затының 30% жуығы коллаген талшықтар түріндегі органикалық қосылыстардан, ал қалған 70% бейорганикалық заттардан тұрады.
Сүйектің жалпы құрылысы. 1 – сүйек қабы, 2 – сүйек жасушалары, 3- сүйектің тығыз заттары, 4 – кеуекті заттар, 5 – қан тамырлары, 6 – сүйек кемігінің қуысы, 7 – кеуекті заттың сүйек перделері. 4 1 3 2 5 6 7
Сүйектің негізгі бейорганикалық компоненттері гидроксиаппатит, сонымен бірге түрлі мөлшерде натрий, магний, калий, хлор, фтор, карбонаттар мен нитраттар. Сүйекте минералдық тұздардың көп болуы оның мықтылығын ғана арттырып қоймайды, сонымен бірге қан мен басқа мүшелердегі кальций мен фосфордың қалыпты мөлшерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жануарлардың сүйек ұлпасында ағзада болатын барлық кальцийдің 97% дейінгісі жиналған, осыған байланысты оны ағзадағы кальцийдің депосы деп атайды.