№11 Дәріс Тақырыбы: Шеміршек және сүйек ұлпалары Жоспар


Сүйек ұлпасының жасушалары остеобластар, остеоциттер және остеокластар



бет7/8
Дата19.11.2022
өлшемі3,58 Mb.
#158964
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
№ 11 Шеміршек, сүйек ұлпасы

Сүйек ұлпасының жасушалары остеобластар, остеоциттер және остеокластар.


А Б
117 – сурет. Сүйек жасушалары
А - остеобласт: 1 – ядро, 2 – цитоплазма, 3 - остеоид, 4 – дамыған түйіршікті эндоплазмалық тор; Б – остеоцит: 1 – өсінділері, 2 - түйіршікті эндоплазмалық тор, 3 – ядро, 4 - шала жіктелген Гольджи комплексі, 5 – митохондрия, 6 – остеоцит орналасқан қуысты шектеп жатқан сүйектің остеоидты заттары. (В.Г.Елисеев бойынша, 1970).

Остеобластар сүйек ұлпасының негізін түзетін жасушалар. Сүйек қабы астында, қуыстарда және сүйектің регенерацияланатын жерінде орналасады. Қуыстар өзара жіңішке түтікшелермен жалғасады, осы түтікшелер арқылы қан тамырлары өтеді. Остеобластар бөлініп көбею қасиетіне ие, сүйектің сынған жерінде көбейіп, сүйек балкасын түзеді. Бұл жасушалардың пішіндері әртүрлі: куб тәрізді, пирамида сияқты, кейде көп бұрышты болып келеді, мөлшері 15-20 мкм. Ядросының пішіні дөңгелек немесе сопақша цитоплазмада эксцентрлі орналасқан, жақсы жетілген ТЭТ, митохондриялар, Гольджи комплексі бар. РНҚ көп. Остеобластардың негізгі функциясы сүйектің органикалық матриксін синтездеу. Остеобластар жіктеліп остеоциттерге айналады.

Остеоциттер сүйектің дефинитивті (тұрақты) жасушалары, пішіні жұлдыз тәрізді, көп өсінділі . Қалыптасқан ұлпада остеоциттер бөліну қабілетінен айырылған, жоғары дәрежеде мамандалған жасушалар. Құрамында ірі ядросы мен әлсіз базафильді боялған цитоплазмасы бар. Цитоплазмасында митохондрия саны аз және шала жіктелген Гольджи комплексі орналасқан. Негізгі затының тығыз болуына байланысты остиоциттер, өз пішіндеріне ұқсас ерекше қуыстарда орналасады. Қуыстардың ұзындығы 22-25 мкм, ені 6-14 мкм және олардың іші сұйықтыққа толы болады. Қуыстардан түтікшелер тарайды. Көршілес жасушалардың түтікшелері бір-біріне ұласып, жалғасып жатады. Остеоциттер мен сүйек түтікшелері капсуламен қоршалған. Капсула жіңішке коллаген талшықтарынан және белокпен қосылған полисахаридтен тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет