Тығыз сүйек қоршай орналасқан сүйек пластинкаларынан құралған көптеген цилиндрлерден тұрады. Әрбір цилиндрдің ортасында Гаверс каналы болады. Осы каналдар арқылы қан тамырлары өтеді. Ортасында Гаверс каналы бар пластинкалардың барлық жүйесін Гаверс жүйесінемесеостеондейді. Остеон — сүйектің тығыз затының құрылымдық бірлігі. Жілік сүйегі бір-біріне жанаса орналасқан остеондардың көптеген санынан тұрады. Сүйекте қан тамырлары көп болады. Сүйек пластинкаларының арасында сүйектің тірі жасушалары остеобластлар орналасқан қуыстар болады.
Остеобластлар жасуша аралық зат бөліп сүйек ұлпасын түзеді. Гаверс каналында борпылдақ дәнекер ұлпасына оралған жүйке мен лимфалық тамырлар орналасады. Остеондар арасында қалған кеңістікті, аралық пластинкалар алып жатады. Сыртқы негізгі пластинкалар жүйесі, жілік сүйегін сыртынан қаптап тұрады. Сүйек қуысының ішкі бетін, ішкі негізгі пластинкалар астарлайды. Оны жұқа дәнекер қабықша — эндост қаптап тұрады.
Дентинді сүйекмықты және берік ұлпа, тіс мойнының, сауытының, түбірінің негізін құрайды. Даму барысында тіс дентині эмаль мен цементтен бұрын қалыптасады. Дентин құрылысы бойынша сүйек ұлпасына ұқсас, бірақ одан айырмашылығы, оның меншікті жасушалық элементтері мен қан тамырлары болмайды. Дентиннің құрамында 28% органикалық зат – коллаген, 72% бейорганикалық заттар – кальций фосфаты, магний мен кальций фториді болады. Дентиннің органикалық заттарын құрастырушылар І типтегі коллагендер. Дентин құрылысы бойынша шоғырланған коллаген талшықтарынан тұрад
Дентин ұлпасында жасушалардың - одонтобластардың (дентинобластар) тек ғана талшықтары орналасады. Жасушалардың денесі дентиннен тыс, тіс пульпасында орналасқан. Бұл жасушалардың пішіні сопақша, мөлшері 6х30 мкм, апикальді жағынан тармақталған ұзын талшықтар тарайды. Одонтобластардың ядросы базальді мембранаға жақын орналасқан, цитоплазмасы базофильді, ұсақ түйіршікті болып келген. Цитоплазмасында түйіршікті эндоплазмалық тор, митохондриялар, Гольджи комплексінің элементтері жақсы жетілген. Одонтобластардың синтездейтін өнімдері коллаген, одан дентиннің коллагенді талшықтары түзіледі.