Остеокластар – көп ядролы ірі жасушалар, диаметрі 90 мкм. Атқаратын қызметі шеміршек пен сүйекті бұзып, ыдырату. Остеокластар макрофагтар қатарына жатады және көптеген жасушалардың қосылуынан пайда болады. Цитоплазмасында Гольджи аппараты мен лизосомалар жақсы дамыған. Митохондриялары көп болады . Остеокластың сүйекке жанасатын жағы қатпарланып тұрады. Қатпарланған аймағының шетінде көптеген майда көпіршіктер мен вакуольдар орналасады.
Жалпы остеокластар өзін қоршаған ортаға көмір қышқыл газын бөліп шығарады, карболгидраза ферментінің әсерінен Н2СО3 түзіліп, сүйектің құрамындағы органикалық матриксті және кальций» тұздарын ерітіп ыдыратады.