№11 Дәріс Тақырыбы: Шеміршек және сүйек ұлпалары Жоспар



бет2/8
Дата19.11.2022
өлшемі3,58 Mb.
#158964
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
№ 11 Шеміршек, сүйек ұлпасы

Хондробластар шеміршек бастамасы, жас жасушалар, пішіні жалпақ, жіп тәрізді, пролиферациялық қасиетке ие, шеміршектің аралық затын (протеогликандарды) синтездейді. Бұлар фибробластардың бір түрі болып саналады. Цитоплазмасы базофильді боялған, РНҚ-на өте бай. Цитоплазмасында жақсы дамыған түйіршікті, түйіршіксіз эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты бар – жасушалар. Хондробластар шеміршек ұлпасының өсуіне қатысады және даму барысында хондроциттерге айналады.


Шеміршек ұлпасының ұйымдасу құрылымының сызба нұсқасы
Фибробласт
Перихондрий
Хондробласт
Шеміршек
Жасуша аралық матрикс
Хондроцит
Жасуша матриксі

Хондроциттер – шеміршектің ең негізгі жасушалары. Пішіні сопақша, көп бұрышты, аралық затта жеке, кейде топтаса орналасады. Топтаса орналасқан хондроциттерді «изогенді топтағы» шеміршек жасушаларына жатқызады, олар бір ғана хондроциттің бөлінуінен пайда болған топ. Изогенді топтағы хондроциттердің үш түрі бар: 1. изогенді топты түзетіндер, 2. протеогликандар мен гликозаминогликандардың синтездейтіндер, 3. белок синтезі мен оның секрециясына қатысатындар.


Изогенді топтар

Шеміршектің жіктелуі оның құрылыс-қызметінің ерекшелігіне және құрамындағы талшықтарының ара қатысына байланысты жүргізіліп, үш түрге ажыратылған: 1. гиалиндік, 2. эластинді 3. талшықты


Изогенді топтар
Гиалинді Эластинді Талшықты

Гиалинді (гректің гиалос — әйнек) шеміршек ұлпасы - гиалин шеміршегін құрайды, түсі мөлдір. Ол шеміршек ұлпасының ең көп тараған түрі. Адам мен сүтқоректілер ұрығының қанқасы шеміршектің осы түрінен тұрады, ал ересек организмдерде сүйектердің буын беттерін қаптайды, кеңірдек пен ірі бронхтардың қабырғасында, қабырға ұштарында, мұрын пернесінде кездеседі. Шеміршектердің ішіндегі қаттысы ГШ, жалпы шеміршек ұлпасы хондробластар мен хондрициттерден, жасуша аралық аморфты және талшықты заттан тұрады. Гиалинді шеміршекті, шеміршек қабықшасы немесе перихондр деп аталатын тығыз дәнекер ұлпасы қаптап тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет