ІІ. Жаңа сабақ
15 мин
|
Сабақтың тақырыбын ашу. «Галлереяда ой шарлау» әдісі
Суреттерде не бейнеленген?
Оларды сендер қалай түсінесіңдер?
Ия, дұрыс айтасыңдар, бұл бұйымдар. Қандай бұйымдар?
Қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдары.
Сонымен бүгінгі сабағымыдың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
Дұрыс айтасыңдар, бүгінгі біздің сабағымыдың тақырыбы «Қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдары.»
Сабағымыдың мақсатымен танысайық.
Сабақтың мақсаты:
Сен:
Қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдармен танысасың;
Зергерлік бұйымдарды жасауды үйренесің.
Жарайсыңдар, оқушылар! Берілген мақсатқа жету үшін сабаққа жақсы атсалысайық!
Жаңа сабақты түсіндіру. Ынталандыру. Мұражайға барып, саяхаттау
Оқушылар, қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдарымен танысу үшін мұражайға саяхатқа аттанайық.
(Оқушыларды екі екіден сапқа тұрғызып, мұражайға бару. Мұражайда тұрған зергерлік бұйымдарымен таныстыру)
Қазақтың зергерлік өнері – ертеден келе жатқан дәстүрлі мәдениеттің саласы. Зергерлік – бұл киелі де қасиетті өнер. Асыл тастардан, алтыннан, күмістен түрлі әшекей бұйымдар да жасаған. Зергерлердің аса көп жасайтыны – әйелдердің әшекей бұйымдары. Қазақ әйелдері кеуделеріне алқа, құлақтарына сырға, шаштарына шолпы, білектеріне білезік, саусақтарына жүзік пен сақина таққан. Зергерлік әшекей бұйымдарының сипаттамасы:
Алқа – омырауға тағатын, көбіне күмістен соғылатын әйелдердің сәндік, әсемдік бұйымы.
Білезік – білекке салатын, күмістен, алтыннан соғылатын әйел бұйымы. Білезіктер жасалуына қарай алтын білезік, күміс білезік, құйма білезік, сағат білезік, тоспалы білезік, бұрама білезік, қос білезік деп көптеген түрге бөлінеді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |