14 дәріс . Кептірілген картоп,көкөністер мен жемістер
Жоспар
1. Кептіру әдістері мен тәсілдері
2. Картоп, көкөністер мен жемістерді кептіру технологиясы
1.Кептіру әдістері мен тәсілдері
Материалды ылғалдылықты анықтау әдістері. Материалдардың ылғалдылығын анықтауға тікелей және жанама әдістер қолданылады. Тікелей әдістерге ылғалды материал ылғал құрғақ бөлікке бөлінеді, ал жанама әдістерінде материал ылғалымен функционалды байланысқан біршаманы анықтайды.
Тікелей әдістер:
1. Кептіру- материал салмағын өлшейді, кептіреді, қайта өлшейді, кептіреді. Кептіруді материал салмағы өзгермегенше жүргізеді. Тәжірибе алдындағы мен соңындағы салмақтың айырмашылығы ылғал мөлшерін береді.
2. дистиляциялы әдіс-өнімді сосудқа салып , үстіне еріткіш затты құяды (толуал, ксилол, изооктон). Сомудты қыздырады. Өнімдегі ылғал еріткіш затпен буланып сұйылтқышта сұйылып, өлшенетін сосудта жиналады
3. экстракциялы әдіс майдаланған қатты паста түріндегі өнімдерге пайдаланылады. Өнім су сіңіретін сұйықтармен араластырылады (диоксин, ацетон, этил спирті). Бұл сұйықтар экстракция арқылы өнімнен ылғалды тартып алады. 2 сағаттан кейін ерітіндіні ылғал мөлшеріне анықтайды (қайнау немесе мұздау температурасын, тығыздығын, кедергісін және т.б.)
4. химиялық әдіс-ылғалмен химиялық реагентті (SO2+I2) арасындағы химиялық реакциясында негізделген. Нәтижеде иодты сутегі газ
(Н I) пайда болады. Газ мөлшері бойынша материалдың ылғалдылығын анықтайды.
Жанама әдістер
1. электрофизикалық әдісте өнімнің электр кедергісінің немесе диэлестрикалық өзгеруінен металл ылғалдылығын анықтайды
2. радиоактивті әдіс- өніммен β немесе Ј сәулелерін өткізеді. Сәулелердің әлсізденуінен өнімнің ылғалдылығын анықтайды
Достарыңызбен бөлісу: |