1•Микроэкономиканың зерттеу пәні, объектісі мен субъектісі


Ақпарат асимметриясы және нарықтық тиімділік. Ақпараттың асимметриялығын төмендету механизмі



бет6/33
Дата25.05.2022
өлшемі1,78 Mb.
#145034
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
1,2 блок ответы (2)

Ақпарат асимметриясы және нарықтық тиімділік. Ақпараттың асимметриялығын төмендету механизмі

Ақпараттың асимметриялылығы дегеніміз – нарықтың жекелеген қатысушыларының маңызды ақпараттарға ие болу жағдайы, ал басқа субъектілердің мұндай маңызды ақпараттарға ие болмауы, яғни ақпараттардың субъектілер арасында тең бөлінбеуі немесе дұрыс қамтылмау жағдайы. Белгісіздік құбылысы – болашақтағы ықтимал оқиғалардың болуы жөніндегі ақпараттардың жетіспеушілігінен туындайды. Ақпарат асимметриясының екі типі бар. Жасырын сипаттамалары бойынша ақпарат асимметриясы – нарықтық келісімге қатысушы бір тұлғаның екінші бір тұлғаға қарағанда аса толық ақпараттарға ие болуынан болатын жағдайлар. Жасырын іс-әрекеттері бойынша ақпарат асимметриясы – аса толық ақпараттарға ие болушы тұлға ақпараттармен аз қамтылған екінші бір тұлғаға оған білінбейтіндей жасырын әрекеттерге баруын сипаттайтын жағдайлар. Асимметриялық ақпараттар тауарлар мен қызметтер нарығында ғана емес, сондай-ақ, еңбек нарығында да, сақтандыру қызметінің нарығында да, инвестициялық ресурстар нарығында да және басқа да нарықтарда орын алады. Ақпараттың асимметриялылығын төмендетудің аса көп тараған әдістерінің бірі болып нарықтық сигналдар табылады. Нарықтық сигналдар дегеніміз – сатушының сатып алушының мекенжайына экономикалық игілік туралы беретін ақпараттары. Нарықтық сигналдар концепциясының авторы 2001 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты, американдық экономист Майкл Спенс болып табылады. Сонымен, нарықтық механизмнің тиімді жұмыс істеуін бұзатын жетілмеген бәсеке жағдайындағы асимметриялық ақпарат болып табылады. Асимметриялылық деп біз ақпараттардың нарықтық субъектілер арасында дұрыс бөлінбеуін және бұл мәселенің нарықтардың монополизациялануынан туындайтындығын түсінеміз. Ақпарат асимметриясы трансакциондық шығындардың жоғарылауына, сонымен қатар белгілі бір тауарлардың шектен тыс өндірілуіне, ал енді бір тауарлардың кем өндірілуіне алып келеді.




Сыртқы әсерлер: табиғаты, пайда болу формалары және олардан туындайтын себептер. Сыртқы әсерлерді реттеу мәселесі. Коуз теоремасы.
Сыртқы әсерлер (экстерналия) - бүл бағада кӛрініс
таппаған нарықтық мәмілелерден алынған шығындар немесе
пайда. Олар «сыртқы» деп аталады, ӛйткені тек экономикалық
агенттердің аталған операцияға қатысушыларына ғана емес,
алайда үшінші тұлғаларға да қатыстыКоуз теоремасы – бұл экономист Рональд Коуз жасаған меншік құқығына қатысты заңды және экономикалық теория, онда мәміле шығындары жоқ және тиімді кіріс пен шығыс жиынтығы жоқ толық бәсекелі нарықтар болған кезде оңтайлы шешім таңдалады.Негізгі ерекшеліктері:
Үшінші тұлғалардың әл-ауқатына әсер етеді.
Сыртқы әсерді жасау немесе тұтыну төленбейді.
Жеке, сыртқы және қоғамдық шығындарды ажыратады:
Жеке шығындар-бағаға енгізілетін өндірушінің шығындары.
Сыртқы шығындар — бұл үшінші тұлғалардың шығындары.
Қоғамдық шығындар — жеке және сыртқы шығындардың сомасы.
Жеке, сыртқы және қоғамдық пайданы ажыратады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет