1•Микроэкономиканың зерттеу пәні, объектісі мен субъектісі


) масштаб өсуінің (өндіріс ауқымының) оң тиімділігі - онім шығару көлемі ресурстар шығынынан гөрі көбірек дәрежеде оскенде орын алады



бет5/33
Дата25.05.2022
өлшемі1,78 Mb.
#145034
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
1,2 блок ответы (2)
stud.kz 430648
1) масштаб өсуінің (өндіріс ауқымының) оң тиімділігі - онім шығару көлемі ресурстар шығынынан гөрі көбірек дәрежеде оскенде орын алады;
2) масштаб осуінің (өндіріс ауқымының) тұрақты тиімділігі
- өнім шығару көлемі ресурстар шығындарымен бірдей пропорция- да өседі;
3) масштаб өсуінің (өндіріс аукымынын) теріс тиімділігі -
өнім шығару көлемі ресурстар шығынынан гөрі азырақ дэрежеде оскенде орын алады.
өндіріс шығындары - бүл өнімді өндіруге кететін шыгындар. Экономист пен бухгалтер оларды эр түрлі есептейді. Бух­ галтер - шыгындарды фирманың өндіріс факторларын сатып алуга кететін нақты шығындары ретінде анықтайды. Олар бухгалтерлік қүжаттарда көрсетіліп айқын түрге ие болады. Айқын шыгындар (бухгалтерлік немесе сыртқы) - бүл сырттан алынған ресурстар үшін төленетін ақшалай төлемдер. Бүған кіретіндер: жалдамалы жүмысшыларға төленетін еңбекақы, шикізаттар мен материалдарды төлеу, көліктік, қаржылық жэне заң қызметтері үшін төлемдер.
Шығындар түрлері:


Тұрақты шыгындар (FC) - өнім шығару көлеміне байланысты емес тәуелсіз шығындар.
Өзгермелі шығындар (VC) - өнім көлемі өзгергенде өзгеріп отыратын шығындар.
Жалпы шыгындар (ТС) - фирманьщ өнімді өндіруге және оны сатуға жұмсайтын барлық шығындарының жиынтығы: TC=FC+VC.
9. Пайда тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатудан түскен табыстың осы тауарларды өндіру мен сатуға немесе қызмет көрсетуге жұмсалған шығыннан асып түсуі. Пайда – кәсіпорын мен кәсіпкерлердің шаруашылық қызметі қаржылық нәтижелерінің аса маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ол шаруашылық қызметтің өнімін сатудан түскен ақшалай түсім мен өндіріс факторларының осы қызметке ақшалай жұмсалған шығындарының сомасы.
Қысқа мерзімдегі өндіріс шығындарының түрлері - Өндіріс шығындарының құны экономикалық ресурстардың құнына байланысты. Біршама шартты түрде өндірісте қолданылатын барлық ресурстарды екі үлкен топқа бөлуге болады: құны өте тез өзгеретін ресурстар (мысалы, шикізаттың, материалдардың, энергияның, жалдау жұмысының және т.б. шығындар) және ресурстар жеткілікті ұзақ мерзімге ғана мүмкін болатын пайдалану көлемін өзгерту (жаңа өндіріс объектісін салу).

10. Ұзақ мерзімде өндіріс динамикасы табыстардың басқа да түрлерімен, мүлікпен жəне баға деңгейімен байланысты болып келеді. АD-ны талдау негізі- нен, нақты тұтыну факторларына (бағалар индексіне бөлінген тұтынудың номиналды құнына) жүгінеді. Тұтыну шығындары əдетте, АD-ның басқа құрауыштарына қарағанда, тұрақты əрі баяу өзгеретін компонент болады.


Изокост- өндірістің ақшалай шығындарына ресурстарды біріктіруді шектейтін сызық, сондықтан оны жиі тең шығындар сызығы деп атайды. біргеоның көмегі өндірушінің бюджеттік мүмкіндіктерін анықтайды.
11. Нарық - тауар өндірісі мен айналымы заңдары бойынша ұйымдастырылатын айырбасты сипаттайтын тауар қатынастарының жиынтығын білдіреді. Басқаша айтқанда, нарық — нақты тауар сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт немесе механизм.
Жетілген бәсеке нарығы – кез келген ұқсас (бір-бірін ауыстыратын) тауарларды сататын сатушылар мен сатып алушылардың көптеген құрамынан туады. Бірде бір сатып алушы мен сатушы жеке дара сұранысты, нарыққа тауардың түсуін немесе оның бағасын бақылай алмайды. Сатушы бағаны нарықтық бағадан жоғары қоюға дәрмені жетпейді. Себебі, сатып алушы өзіне қажетті мөлшерде тауарды нарықтық бағамен еркін ала алады. Әрбір сатушы бір ғана тауар өнімін сатады. Бұл нарыққа кіру де шығу да жеңіл.
12. Жетілген бәсекелестік бір кәсіпорынның тауар өндірісінің ең аз экономикалық тиімді ауқымы осы тауарға нарықтық сұраныстың шамасынан едәуір аз болатын нарықтарда туындайды. Бұл жағдайда нарық көптеген кәсіпорындардың болуына жол береді. Кәсіпорын өндірісінің ең аз экономикалық тиімді ауқымы - ұзақ мерзімді перспективада өнімнің өзіндік құны ең аз өнім шығарудың көлемі. Бәсекелестік жағдайында әрбір кәсіпорын әдетте бірегей тауарды шығарады, сондықтан тұтынушыларға бұл тауарды кімнен сатып алу маңызды емес.
Жетілген бәсекелес фирманың қысқа мерзімдік ұсынысы Жетілген бәсекелестік нарықта бағаны қабылдаушылар болады ( Price Takers): - Жетілген бәсекелестік кезінде өнім өндіруші кәсіпорындар нарық белгілеген бағаны алушылар болып табылады. Баға алушы-тауардың нарықтық бағасына әсер ете алмайтын, берілген бағаны мөлшер ретінде қабылдайтын сатушы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет