2. Пән бойынша оқу бағдарламасы – sillabus


өз бойындағы жаман әдеттерден тазару



бет33/42
Дата20.07.2020
өлшемі0,63 Mb.
#63318
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   42
өз бойындағы жаман әдеттерден тазару;

  • қайырымды, әділ, әдепті, болу; (тән және жан сұлулығын қалыптастыру, өмірдің құндылығын сезіну, денсаулығын сақтап нығайту).

    Оқыту үрдісі –физиологиялық, психологиялық және педагогикалық заңдылықтар негізінде жүзеге асырылатын біртұтас әрекеттерін құрайды. Сондықтан студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың деңгейі осы заңдылықтардың тұтастығын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл көзқарас бойынша оқыту-адамның мәдениетінің білімінің субъектісі болуға, өз өмірінде сергек қарауға үйрету- ол үшін өзіндік тетіктерін табу, іске қосу арқылы өзін-өзі оқытуға, дамытуға ынталандыру болып табылады. Бүгін оқытудың жаңа типі қалыптастыруда. Стандарт жүйесі өзгертілуде. Сабақ барысы компьютерлендірілуде. Соған орай студенттің де жаңа типі қалыптасуда, ол өзіне қажет білімді өзі ала алады, ол үшін пәндік-ғылымдық білім алу – түпкі мақсат емес, әрі қарай дамудың құралы -деп келтіреді Д.М. Джусупалиева өзінің педагогика ғылымдарының докторлық диссертациясында, сонымен қатар қазіргі студент өзіне қажет ақпараттың көбін интернет жүйесі немесе т.б. тәсілдермен оқытушының көмегінсіз де ала алады- деп А.А. Калюжный өз докторлық диссертациясында дәлелдеп отыр.

    Біз зерттеу барысында өзін-өзі тану арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың жолы арқылы бүгінгі білім беру құндылықтарын түсінудің, білімді студентке игертудің субъектілік бағытталған жолдарын іске асырудың мазмұнын, әдіс тәсілдерін айқындау мақсатын көздеген болатынбыз. Өзін-өзі тану арқылы білім беруді жүзеге асырушы субъектінің Ш.А. Амонашвили, В.В. Сериков еңбектерінде тұлға ретінде өзін тану үшін, өз құндылық бағдарын таңдап алуы керек, білім әлеміне ену, ғылыми және өмірлік проблемаларды шешудің шығармашылық тәсілдерін меңгеру оның өзіндік «Мендік» рефлексивтік дүниесін ашуға ықпал етеді делінген. Осыған сәйкес зерттеушілер идеяларына сүйенсек өзін-өзі тану негізінде рухани- адамгершілік құндылықтарын танымдық, әрекет-шығармашылық және тұлғалық компоненттерді қамтуы керек болады:

    -құндылық компонент студенттердің құндылықтар әлеміне бойлап, дербес тұлғалық мәнді құндылықтардың жүйесін таңдап алуына жағдай жасалады;

    - танымдық компонент-студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтарды тани отырып даму негізі ретінде адам, мәдениет, табиғат, ноосфера туралы ғылыми білімдерін қамтамасыз етеді;

    - әрекет-шығармашылық компонент – студенттерде тұлға ретінде өз алдына еңбек етіп, ғылым, көркем өнер және басқа әрекет түрлерінде өз бойындағы құндылықтарды жүзеге асыруына қажетті әртүрлі әрекет тәсілдерін, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады.

    Біз зерттеу барысында студенттердің өзін-өзі тануы негізінде рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру арқылы бүгінгі білім беру құндылықтарын түсінудің, білімді студентке игертуге бағытталған жолдарын іске асырудың мазмұнын, әдіс тәсілдерін айқындау мақсатын көздеген болатынбыз. Рухани- адамгершілік құндылықтарды өзін-өзі тану негізінде қалыптастыруды жүзеге асырушы субъектінің өз тұлғасын дамыту оның белсенді әрекеттерін қажет ететін орта тудыру арқылы мүмкін болады, өйткені қолайлы ортада ғана өзін-өзі тануы ішкі күй өзгерісінің қалпын түсінуі, өз жүрегіне зер салу, жаман мен жақсыны айра алу өмір құндылықтарын игеруге жол ашылады. Студенттің белсенді әрекеті қажеттіктер тудырады, сондықтан адамның өзінің субъектілік позициясы өз қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын және оны керек ететін деңгейдегі жағдай туғызылуы тиіс.

    Рухани-адамгершілік құндылықтарды өзін-өзі тану негізінде қалыптастыру білім беру үрдісіне қатысушылардың интерактивті, субъектаралық қарым-қатынасқа бағытталған әрекеттері арқылы жүргізіледі. Оның бірнеше сипаттарын анықтауға болады. Олар:

    1/ ізгілік сипаты- адамды құрметтеу, оған сенім білдіру, студент пен оқытушыға деген тұтастық көзқарас және оларды дамыту бағытын мықтап ұстану;

    2/ дамытушылық сипаты-университеттің үнемі дамып отыратын әлеуметтік-педагогикалық жүйесін көрсетеді, оны дамытудың басты құралы студенттің өзін өзі тануы; рухани - адамгершілік құндылықтары;

    3/ сенімдік сипаты - оқытудың ізгіліктік және демократиялық болуы педагогикалық ұжым мүшелерінің, студенттердің өз шешімдері үшін жауапкершілігін арттыратын сипат береді;

    4/ құндылық сипаты - университет жағдайына өзінің рухани-адамгершілік құндылықтарын жетілдіруге жағдай жасау, студентке сапалы білім беруге ынталандыру жатады.

    Университетте рухани-адамгершілік құндылықтарын өзін-өзі тану негізінде қалыптастыру педагогикалық – бағдарламалардың мазмұнын да ішнара өзгертеді. Бұл жағдайда сабақта жаңа әдістемелерді /тренинг, ойындар, интерактивті әдістер т.б./ қолданудың мәні мен ерекшеліктері, тереңдігі студенттердің белсенділігін ұйымдастыру арқылы игеріледі. Сондықтан мазмұндық компоненттің студент үшін көкейтестілігіне назар аудару, жаңа талаптар мазмұнының білім беру бағдарламасы, стандарттарымен үйлесімді кірігуін ескеру маңызды мәселе. Студенттің әдістемелік даму деңгейіне, тұлғалық қажеттілігі мен сұранысына негізделе отырып, инновациялық жаңа талаптарға сай тәрбиелеу жүйесі нәтижелі болатыны белгілі.

    Осымен өмірге қадам басқан “Өзін өзі тану” сабағы, философия, мәдениеттану, саясаттану пәндерінен оқытылатын факультативтік, педагогика, психология пәндерінен жүргізілетін арнайы курс, семинарлар жаңа рухани-адамгершілік құндылықтармен ұштасқан, адамгершілік игіліктерге, жалпыадамзаттық пен азаматтықты қалыптастыратын ғылыми негіздер. Негізгі мақсатында – адамның өзін-өзі тануына, танытуға талпыну, өзгелермен бірге болу, өзін-өзі адамгершілік тұрғыдан бағалауға үйренуі адамзаттық рухани құндылықтармен сәйкес келеді. Егер осы күннен жас ұрпақ дағдысына “Өз өмірің -өз қолыңда” деген ұғым-дағдыларға қазірден қалыптастырсақ, бұл адами қалыптағы өмір сүру этикасын меңгерту болып табылады.

    Өйткені, жоғарыда аталған ғылымдар мен зерттеуші ғалымдардың барлығы да рухани –адамгершілік құндылықтарды өзін-өзі тану негізінде қалыптастырудың маңыздылығы туралы көзқарастары мен ой – тұжырымдары біздің ғылыми тұрғыда зерттеуімізге негіз бола алады.

    Осылай, студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтарын өзін-өзі тану негізінде қалыптастырудың төмендегідей педагогикалық ерекшеліктері айқындалды:


    • білім беру үрдісі ізгіліктік және өзін-өзі тану мен өзін-өзі тәрбиелеу заңдылықтарына негізделді;

    • Студенттердің оқуға деген белсенділігі мен рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың тиімділігін арттыруды көздейді;

    • оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігі қажетті құрал-жабдықтарды жаңартудан емес, рухани - адамгершілік құндылықтарды өзін-өзі тану арқылы жаңаша ұйымдастырылуынан көрінеді;

    • тәрбиенің өзін-өзі тану мазмұны білім беру үрдісіндегі тұлғалардың /студент, оқытушы/ өзіндік дамуын қамтамасыз ететін жаңа әдістемелер арқылы жүзеге асырылады.

    14 Дәріс тақырыбы: Қазақстан мектебіндегі тәрбие мақсаты

    1. Қазақстан мектебіндегі тәрбие мақсаты.

    2. Тәрбие мақсатының түрлі құжаттар мен оқу құралдарынан көрініс табуы.

    3. Тәрбие мен білім берудің үйлесімділігі.

    Жеке тұлғаның жан-жүйесі мен сана сезімінің дамуы, айналасы мен қоғамдық өмірге тәуелді. Осындай жағдайда оның дүниетанымы мен сенімі, арманы мен талғамы, кісілігі қалыптасады. Адам тұлға, кісі болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен шектелмей жалпы адамзатты сүю шарт”.

    Жеке тұлғаны қалыптастыру барысында оның өзіне тән ерекшелігін ескере отырып, көзқарасындағы даралықты анықтап, өмірде болып жатқан өзгерістерге, қоғамның дамуына немқұрайлы қарамайтын шын мәнінде өмірдегі өзін қоршаған адамдарға жанашырлықпен, сүйіспеншілікпен, жауапкершілікпен қарау рухани-адамгершілік сезімін бойына сіңіру үлкен абройлы іс. Осы орайда педагогика ғылымдарының докторы Ә. Мұқанбетжанова өзінің «Дүниенің ғылыми бейнесін қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері» - атты монографиясында: «… дүниені қабылдау, тану, сезіну адамның тек тұлға ретіндегі сана мүмкіндігі болып табылады»- деп тұжырымдайды.

    Әрі қарай өзінің монографиясында Ә.Мұқанбетжанова …”тұлға ” ұғымы тек қоғамдық қатынастар жүйесінде, адамның әлеуметтік рөлі туралы ғана айтуға болатын жағдайда емес, әрі оның даралығын сақтауда да мағынаға ие болады- деп тұлғаның өз бойындағы даралық қасиеттерінің өмірдегі маңызына тоқталады. Тұлға тек жай –жеке тұлға ретінде ғана емес, ол - өзін-өзі тану арқылы рухани ішкі дүниесін байыту арқасында жан-жақты жетілгенде ғана дара, шын мәніне ие болатындығын көруге болады.

    Тұлғаның негізгі даму ерекшеліктерін толықтай қарастыра келе, А.В. Петровскийдің “Тұлға” ұғымына жасаған көзқарасын зерттеу негізіне алып бөліп көрсетуге болады:


    1. Тұлға - оның “жеке” дүниесінің мазмұнын құрайтын өзінің мотивтері мен ұмтылыстары жағынан, яғни тұлғалық мағыналарының ерекше жүйесімен, сыртқы әсерленуі мен ішкі толғаныстарын тәртіпке келтірудің жеке өзіндік тәсілдерімен сипатталуы мүмкін.

    2. Тұлға – салыстырмалы тұрақты, сырттай байқалатын даралық, сипаттамалар, яғни субъектінің өзі туралы пікірлерінде , сол сияқты ол туралы басқа адамдар пікірінде сақталатын белгілер жүйесі ретінде қарастырылады.

    3. Тұлға- субъектінің қайраткерлік -әрекеттік “мені” ретінде бастапқы жоспарынан тыс оның мінез-құлқын тәртіпке келтіретін жоспарлар, бағыттар, мағыналық құрылымдар жүйесі ретінде сипатталады.

    4. Тұлға- даралану субъектісі, яғни индивидтің басқа адамдарда өзгеріс тудыратын қасиеттері мен қабілеттері ретінде қарастырылады.

    Тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарының қалыптасу жолын өзін-өзі түсіну мен өзін-өзі тану үрдістерінен бөліп-жарып қарауға болмайды. “Адам жаны өзін-өзі тек өз іс-әрекеттері үстінде ғана тани алады, оның өзі туралы білімі, сыртқы табиғат құбылыстары туралы білік секілді, қадағалаудан құралады”, - деп жазды.

    Бұл жерде гуманист А.Швейцердің өмірді қастерлеу туралы ілімін көрсетіп кетуге болады: “… Адам өзінің ішкі ұмтылысында өмірге қолынан келгенше көмектесуге тырысқанда ғана, кез-келген тірі нәрсеге зиян келтірмеуді ұстанғанда ғана нағыз адамгершілігімен көрінеді”-деп сипаттайды. Бұл ойлардан рухани-адамгершілік құндылықтардың тұлға бойында қалыптасуы адамның ішкі талпынысына, өзін-өзі тануына тікелей байланыстылығын өрнектейді. Адамгершіліктің бастамасы ең алғаш пайда болған моральдық уағыздардың өзі “өзіңе қаламаған нәрсені-өзгеге жасама”,, “өз жақыныңды өзіңді-өзің сүйгендей сүй” – деген ойлардан адамгершілікті дамыту үшін өзінің ішкі дүниесіндегі ізгілікті дамыту керек екендігі айқын көрінеді.

    К.Д. Ушинский, - “Адам жанының өз іс-әрекетттерін осылай қадағалауы неғұрлым жоғары болса, олар да соғұрлым тұрақты да нақты болады, адам бойындағы психологиялық такт неғұрлым толығырақ, дұрысырақ, түзуірек болады”. Сөйтіп, ұлы ғалымның пікірінше, өзінің болашақ мақсатына жетуде өзін-өзі түсіну ғана өз ісінің шебер тұлғасын қалыптастырудың механизмі болып табылады.

    А.С. Макаренко: “Өз мақсатын терең саралай алатын тұлға бойында өзін шығармашылық тұрғыдан байытуға деген қызығушылықтың дамуы, оның осы тұрғыда тереңнен жетілуіне жол ашары сөзсіз”. Ол талантсыз бола тұрып-ақ өз-өзімен шұғылданып, үнемі осы жолда өз-өзін дамытып отырса, көздеген мақсатында шеберлікке қол жеткізуге болатындығын баса көрсетті. Сыртқы оқу-тәрбиелеу үрдісі адамға пайдалы заттарды, өнер туындыларын және ой жүйелерді тудырып адамға тікелей ықпалын тигізгенмен, бұл игіліктің қабылдануы тұлға бойындағы ерекшелікке, өзіндік танымының деңгейіне байланысты. Сондықтан әрбір тұлғаны жетілдіру барысында үнемі тұлға бойындағы табиғи ерекшеліктері мен өзін-өзі тану, түзете алу, қадағалау қабілеттеріне аса көңіл бөлген дұрыс болар еді.

    Бұл жөнінде В.А. Сухомлинский болашақ маман иесінің жеке жұмысының табыстылығы көп жағдайда тұлғаның өз жетістіктері мен кемшіліктерін өз бетімен сараптау әдісін қаншалықты игергендігіне тәуелді екендігі туралы бірнеше рет айтқан болатын.

    Қазақ тарихындағы ғұламалардың ой пікірлері жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға арналады. А.Йассауи, А.Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев, Ы. Алтынсарин, М.Жұмабаев, Ж. Аймауытов, ұлы ғұламалар адамды аса жоғары құндылық ретінде бағалайды, оны табиғаттың, тірі дүние дамуының керемет нәтижесі, сондықтан да ол керемет пен марапатқа әбден лайық деп түсіндіреді. Мысалы А.Йассауи өз еңбегінде «…өзін - өзі танымаған адам, өзгені де тани алмайды». Қазақ ойшылдарының шығармаларындағы адам және қоғам мұраты проблемасын тарихи дамуына орай бірнеше кезеңге бөлуге болады. Оның біріншісі-Асан қайғы, Шалкиіз, Бұқар жырау және тағы басқа да ақын –жыраулардың, ойшылдардың көзқарастары. Олар аталған проблеманы өмір салтымен, жер мұратымен, бостандық , теңдікпен, ел билеушілер мен төрелердің, батырлардың, қарапайым адамдардың жеке басымен, от басындағы қарым-қатынасымен, үлкендерге, әйелдерге деген құрметпен тікелей байланыстыра қарастырады. Мысалы, Асан қайғы Желмаяға мініп, ну орманды, көкорай шалғынды, сулы жер- қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын жерұйық қонысты іздеп, соған жетуді арман етеді. Сондай-ақ, ол халық үшін “Жерұйықты” іздеп табуға бар күш-жігері мен ақыл-ойын жұмсайтын адамды мұрат тұтқан.

    Немесе Абай «ұғымынша адамтануды өрбітетін негізгі игіліктер: сезім, сана, ой; адамдықты көрсететін қасиеттер мен құндылықтар: жан мен рух; мінез, әрекет, тәжірибе, білім, өнер, кәсіптік икемділік. Құндылықтардың осы төрт тобы салыстырмалы түрде адамды өз-өзін тануға итермелейді, оны өз-өзімен табыстырады…»… әрі қарай адам туғаннан ер жету және бүкіл өмірінде негізінен тәрбие арқылы өзгерістерге ұшырайды. Өмір қоршаған орта оның дамуына, қалыптасуына, дүниетанымына, өзін-өзі тануына әсер ететіндігі сөз болады.

    Абай бүкіл шығармашылық күш-қуатын адамдық ақиқатты, адамдық болмысты іздеуге, адамға лайық өмірге ұмтылуға сарп етсе, оның ізбасарлары – Шәкәрім Құдайбердіұлы, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытұлы өздерін ұлы қазақ ойшылының шәкірттеріміз деп есептеп, оның ісін ілгері жалғастырды.

    Сонымен Абай адамның жан-жақты жетілуіне толық адам болуы үшін адамға ең керегі: “ақыл, қайрат, жүрек” деп, адамның ішкі дүниесіне үңілуге өзін-өзі тануға шақырады.

    Өзін-өзі тану әдіснамасын зерделеу арқылы оқу үрдісіндегі тәрбиенің заманға сай бағыт бағдарын дүниетанымдық жаңа ұстанымдарын қалыптастыру білім беру жүйесіндегі жаңаша тәрбие беру қырларын ашу өзекті мәселенің бірі.
    15 дәріс тақырыбы: Болашақ бүгіннен басталады.


    Каталог: dmdocuments
    dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
    dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
    dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
    dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
    dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
    dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
    dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
    dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
    dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   42




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет