Бюрократ – қай жерде болмаса бюрократ. Оларға менмендік, өзімшілдік, кеудесоқтық, көзбояушылық өз мінездеріне тән құбылыс. Бұл қасиеттер оларға жүре пайда болған. Әйтпесе анасынан «шыр» етіп туа сала бюрократ болу мүмкін бе? Бұл лауазым, шенге жету үшін «ауырдың үсті, жеңілдің астымен» өтіп, түбі дегеніне жеткесін, жүріс-тұрысы, мінез-құлқы өзгеріске ұшырайды. Бюрократтың осы бір кезеңіне сатириктің қырағы көзі түсіп, оны айқындауға бел шешеді. Әрине ондайлардың табу оңай емес. Бәрі бір қалыпты адам. Бәрі бір өзінің мойнындағы жұмысын атқарып жүрген қызметкерлер. Бәрі түйтіңдеп жазып, сызып жатқан мекеме. «Бюрократсың» деп оның етегіне жабыса алмайсың. Сонда да ондайларды «су бетіне шығару қажет» деген принципті ұстаған жазушы төренің айналасын қоршаған азды-көпті детальдарды өзіне лайықты мысқылдап бейнелейді. Мәселен, кабинетіне көсемдердің суреттерін іліп қоюы, есігінің сыртына «докладсыз кірме» деп жаздыруы келушілерге өктем де қатал бастық екенін әйгілеу, қыр көрсету сол кездегі көрініс, тіпті қазіргі кезде де өз жалғасын тауып отыр. Сондағы бюрократтың ойы – кім келсе де алдында қаймығуы керек, өйтпесе шаруасы шешілмейді, қол астындағы адамға бұйрық берсе орындауы керек. Өйткені ол кабинетіндегі іліп қойған көсемдердің нұсқау-қаулысын орындатын отырған маңызды адам. Жазушының бұл айтып кеткен емеуріні кейінгі жолдардан айқындалады. Онда автор бюрократтың келушілерге керенау қарауы, қабағын түюі, арыз әкелмей сөйлеспеуі, айбарланып-ызғарлануымен адамды үркітуінен, жоғарыдағы бейнелеген сыңай арасындағы психологиялық параллель арқылы байланысып, бір-бірін толықтырып тартысты, конфликті жайт тудырып тұраған эпизод. Бюрократ образы әлі көмескі. Ол жүздеген, мыңдаған адам. Олардығы бір бюрократтың бойына сыйғызу керек. Сатирик бейнелеген абстракты кейіпкердің көп қырларының басын шалғанымен, оны толық алдымызға әкелмейді. Сондықтан автор жіпті тартқандай етіп ұшына жету үшін, белгісіз серігін сөйлетуден жалықпайды. «Бұлар да емес» дейді серігі. «Ендеше», десе автор, серігі бюрократтың тағы бірер түрлеріне тоқталады. Сөйтіп, екеуінің қызғылықты, мысқылға толы әңгімелері бірталайға созылады. Негізгі объектілерін жан-жақты алу үшін, оның түрлі мінез-құлықтардың жағымсыз іс-әрекеттері қосымша сюжеттермен көмкеріледі. Мұндайда Ренессанс дәуірі әдебиетінің белді өкілі Бокаччонның «Декамеронындағы» кейіпкерлерінің бір бірімен әңгімелесіп, көп ақиқатты ашып өткендей сюжет пен форма еріксіз ойға оралады. Ілиястың осы әдеби үлгіні пайдалануы да ықтимал. Сөйтіп, бюрократтың көптеген түрлері көз алдын киноның таспасындай бірінен кейін бірі кездесіп өте береді. Оның әр кадрі шынайы суреттелген жазушыны дәл көрсеткен мекемесінде істейтін қызметкерлердің біреуі болмаса біреуін өзін танитындай етіп көрсетеді және профилактикалық роль атқарады. «Сөз сүйектен, таяқ еттен өтеді» деген принципті ұстанады. Сол тұста, қазірдің өзінде де өкіметтің сеніп тапсырған орнында шалқып-балқып «өзім білемдікке» салынған төршілдер аз ба? Бір жапырақ қағаз? Құжат алу үшін адамдардың жүйкесін тоздырып, алтын уақытын алатын, әуре-сарсаңға түсіріп жүргендер туралы ой-пікірін күлбілтелемей ашық, өктем дөрекілікке бармай-ақ, өмір фактісіне негіздеп, тартысты, колоритті жайтпен жазады. Ол ол ма, Ілияс төрешілдікпен қалай күресу жолдарына дейін көрсетеді. Сатириктің ойынша, бұндай пәлемен күрес алдымен өз-өзімізді сынаудан басталады. Ол үшін өзімізге сұрау қоюымыз керек. «Бұл мінез, бұл қылықтар түгел болмаса да, жұғындысы, қырындысы басында қаншасы бар екен? Жасырмашы, егер де жасырсаң? Сен сау сиыр емессің. Білем, мен де сау емеспін, жасыратын не бар?» [56, 92 б.]- дейтін деңгейге жеткізеді. Әңгімедегі екі таласушы кейіпкер жай сөзге жүйрік, көрегн-түйгені мол адамдар. Бұлар оқиғаны, болған жайды баяндауға әбден төселген, оқырманның көкейіне қондыра, ой-пікірлерін дәлелді түрде, ұтымды да өткір жеткізе алатын сөзге шешен адамдар. Осы тұста бір ескерер нәрсе – «Төрешілдіктің түрлері» сатиралық әңгімесі бір уақытта, бір мезетте жазыла салмағаны сезіледі. Жазушыны талайдан бері толғандырып, жазбасына амалы қалмағаны әңгіменің басталуы, дамуы, шарықтап шешілуінен айқын аңғарылады. Ондағы өмір фактілері табиғи, еш бояусыз дәл көрсетілген. Ол үшін сансыз көп бюрократтардың түріне психологиялық, әлеуметтік талдау жасап, өзінің ерекше сүйіп, көбірек жазатын тақырыбын таңдап алып, оқырманына жол тартады. Тұтастай алғанда, Ілиястың сатирасы образды, бейнелі де көркем, ой мен тілі найзағайдай жарқылдаған ұшқыр, тартысты, конфликті болып келген. Қарапайым халық бұқарасының ортасынан шығып, халықтың рухани мұрасын бойына жиып, Абай салған үлкен аранамен әдебиет дүниесін ашқан тұста Ілияс Жансүгіров кеңес дәуіріне кезігіп ел ішіндегі төрешілдік, парақорлық, жөнсіздік сияқты жаман әдет-қылықтарды, ауылдағы қараңғылық пен надандықтың кесірінен байлар мен дін басындағылардың зиянды әрекеттерін әшкерелеп, сынап, талай уытты өлең, очерк, әңгіме, фельетон жазды. Сол мұралары қаншама уақыт өтсе де, әлі де өзінің сырлы нақыштарын, формасын, стилін, кең тынысты актуальдығын жоғалтпай, кейінгі ұрпақ сүйсіне оқитын шығармалар болып қалып отыр. Кеңес заманында білім де, таланты жетілген уақтысында әдебиет шеберлерінің алдыңғы сапына шығып, қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңінде сатира жанры бойынша үлкен асар жол салушы. Соның негізін қалаушы болып қана қоймай, қалам шеберлерінің түп қазығы, үлгісі, атасы санатында Ілияс есімі жарқырай түспек.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде, қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар сөз зергері Ілияс Жансүгіровтің көркем прозадағы еңбегі мен тың ізденісі образдық көркемдік бейне болмысы мен оның бейнеленуін арнайы мәселе етіп қойып, қарастырылуы заңды. Ілияс Жансүгіровтей кемел таланттың шығармашылығын әлденеше қырынан зерттеуге болады. Қандай да болмасын ірі қаламгер тудырған көркемдік әлем бір типті, бір ізді ғылыми таным шеңберіне сия бермейтіні мәлім. Сондықтан, І.Жансүгіров шығармашылығындағы трагедия жанры да күрделі әрі жүйелі зерттеуді қажет ететіні сөзсіз. Әдебиет әлемінде өзара дара қолтаңбасын қалдырған суреткер І.Жансүгіровті толық тану үшін оны ақын, драматург, аудармашы, прозашы ретінде жеке-жеке зерттеу керек, зерттелді де. Сонда ғана Ілияс Жансүгіровтей қазақ халқының рухани өмірінен лайық орын алған қабырғалы қайраткер тұлғасын танып, білеміз. І.Жансүгіров ақын ретінде де, драматург болып та, прозалық еңбектерімен де қазақ әдебиетінің мәуелі бәйтерегінің біріне айналды.
Ал, біз осы Ілияс Жансүгіров қалам тартқан әдебиет арналарындағы образдық көркемдік бейне болмысын суреттеуде еңбегі мен тың серпіні мен оның Ілияс шығармашылығында көрініс табуына тоқталдық. Оның қаламынан алғашқы өлеңдерінен бастап, қазақ әдебиетінің таңдаулы мұрасына айналған «Күй», «Күйші», «Дала», «Құлагер» поэмалары мен қысқа да нұсқа, түсінікті де танымды әңгімелері, проза саласындағы «Жолдастар» романына дейін адамзаттың сонау балаң шағынан бастап, бүгінгі өркениеттік шырқау шыңына дейін өзекті де басты мәселе болып отырған тіршіліктің сан алуан қайшылықтары, ғаламат тартыстар мен сезімдер шайқасына, яғни трагедиялық элементтерге толы. Сондай-ақ, оның шығармалары адамзат баласының бағын байлап келген небір әлеуметтік келеңсіздіктердің түп себебінің неден өрбитінін мейлінше терең, жеріне жеткізе суреттей алуымен құнды.
Біз бұл диплом жұмысымызда қазақ әдебиетінің «Құлагері» атанған ақын шығармаларын, оның ішінде прозадағы еңбегі мен тың серпінді, образдық көркем бейне, трагедия элементтері кездесетін әңгімелерін, «Жолдастар» романын әдеби процесс контексінде қарастыруға тырыстық. Сол арқылы қаламгердің шығармашылығындағы жаңаша болмысын бейнелеудегі шеберлігін таныту, кейіпкердің дара адамгершілік болмысын ашуда жазушының шығармашылық табысын, көркемдік әдіс-тәсілін тереңірек ашып көрсетуді басты мақсатымыз етіп алдық.
Диплом жұмысының бірінші тарауында, прозадағы жаңашылдық пен тың туындыларына келу әлеміне терең барлау жасалды. Сонымен қатар нысанға алынған прозадағы жетістігі, жаңашыл элементтер көрінісі қарастырылған. Ілияс прозасы - терең ойдың үлкен сезімнің прозасы. Ол өрен жүйрік, асқақ ақынның тегеурінді талантынан туған жоғары идеялы, шыншыл, ұшқыр қиялды қуатты проза, ыстық жүректен қорғасындай балқып төгіліп, алуан сырлы образдар корытқан салмақты, салиқалы проза - бұл прозаның мазмұны заман құбылыстарын қамтиды. Мұның жырлаған негізгі қаһарманы -халық.
«Шешілмген жұмбақ» әңгімесі түгелімен қаламгер ойларының қақтығысынан, өмір тудырған, қоғам тудырған сұрақтарға жауап іздеу сияқты идеялар иірімінен құралған. «Осындай адамдар бар екен» деген сөзді сюжет жолында енгізген. Осы сияқты туынды жолдары толығымен жазушы ойының қақтығысынан туған.
І.Жансүгіров қай шығармасында болмасын өзі өмір сүрген кеңестік қоғам шындығы, өзі басынан кешірген қоғамдағы адам тағдыры жайында ой қозғайды.
Диплом жұмыста қаламгер шығармашылығындағы образдық көркемдік бейне болмысы мен оның бейнеленуі жүйелі түрде жан жақты әрі терең қарастырылды. Әдебиеттану ғылымында арнайы зерттеудің нысанасына айналдырылды.
Қаламгер шығармашылығындағы образдық көркемдік бейне табиғаты мен оның бейнеленуін толық ашу барысында Ілияс Жансүгіров шығармаларындағы, оның ішінде прозадағы образдық көркемдік бейне көрінісіне, әңгімелеріндегі және «Жолдастар» романындағы образдық көркемдік бейне табиғаты анықталып көрсетілді.
Қазақ әдебиеттану ғылымында қаламгер шығармашылығы туралы қалам тартқан зерттеуші ғалымдар еңбектеріне, мақалаларына шолу жасалды.
І.Жансүгіров шығармаларының басылымдары хронологиялық түрде қарастырылып, мазмұны мен өзіндік ерекшелігі, көркемдігі айтылып, ғылыми хронологиялық сипаттама беріледі. Әрбір шығармадағы жаңашылдық көрінісі, көтерген жүгі мен айтар ойы талданып, жан-жақты қарастырылды.
Әдебиет тіршіліктің, қоғамдық өмірдің ілеспе шежіресі, айнасы ғана емес, сол қоғамдағы адамдардың өмір танымын қалыптастыратын, дүниеге көзқарастарын дамытатын көркем құрал. Оның таным тарапындағы мәні де, тәрбиелік қуаты да сол құралдың кереметтей шешуші сырына негізделеді. Ол – көркем әдебиеттің эстетикалық мәні, яғни әрбір көркем шығарманың құндылығы оның адам сезіміне, түсінігі мен түйсігіне ойын қозғар әсерімен өлшенеді. Өмір құпиясына терең бойлай білген жазушы ғана оқырманын сан алуан көңіл-күйіне еліктіреді: қуантады, жылатады, толғандырады. Сол сезім арқылы оқушының көңіл түкпіріндегі ойды қозғайды, санасына өшпес із қалдырады. Әрине, мұндай сипат кез келген өнер туындысында ғайыптан пайда болмайды. Ол жазушының қажырлы еңбектенуінің, талмай ізденісінің арқасында мүмкін болады. Мұндай шеберлік тума таланттың қажымас-қайрат жігері нәтижесінде қалыптасады, дамиды.
І.Жансүгіровті қаламгер ретінде басты қызықтыратын нәрсе – қоғам қайшылықтары. Қоғам мен адам тағдырын талқыға түсіріп, әр түрлі қырынан шебер көһрсете білген Ілиястің психологтық талантының жоғары екенін байқаймыз
Жалпы, І.Жансүгіров шығармашылығында кейіпкердың табиғатын, адамгершілік әлемін психологиялық талдау арқылы бейнелеуге, рухани өсу мен өзгеруінің сырына үңілуге, олардың іс-әрекетінің, психологиялық дәлелділігін күшейтуге ұмтылуы көбірек көзге шалынады.
Көркем образдардың табиғатына психологиялық талдау, яғни портрет жасаудағы, диалог, монолог құрудағы, пейзажды бейнелеудегі жазушы шеберлігі эстетикалық-этикалық категорияларымен тығыз байланыста қарастырылады. Қаламгер шығармашылығы өзіндік көркемдік қуатымен, бейнелі тілімен және өзіндік даралығымен көрінген құбылыс екені зерттеу еңбекте тұжырымдалып беріледі.
Қаламгер шығармашылығында образдық көркемдік бейне болмыс жалаң бейнеленіп қана қоймай, оның ішкі жан сарайын ашуға, адамгершілік келбетін даралауға да қызмет етеді.
Жазушы образдық көркемдік бейнебейнелеу арқылы қаһарманның рухани жан дүниесінің өзгерісін, өсуі мен кері кетуін аңғартады. Психологиялық портрет арқылы адамның ішкі жан дүниесіндегі қайшылықтарды ашады. Бұл әсіресе «Жолдастар» романында күй жан дүниесіндегі қиналысты, Сатан, Мардан, Мәмбет жан дүниесіндегі қарама-қайшылықты көрсетуде басты көркемдік құралға айналған.
Қаламгер тартысты, конфликт оқиғаларды дамыту, қаһармандардың мінез қырын ашу, шығарманың эмоционалдық қуатын арттыру мақсатында пейзажды шеберлікпен қолдана білген. Суреткер кейіпкердің ішкі сезім-күйін суреттеуде адамгершілік болмысын танытуда табиғат әлемінен параллель образдар келтірумен қатар, табиғат тірлігінде адам мінездес кейіпте бейнелеген. Табиғат суреттері кейіпкердің көңіл-күйіне сай бояуларда бедерленіп, психологиялық параллелизм түзген.
Сондай-ақ, Ілияс Жансүгіров шығармаларында кейіпкер сырына қанықтыратын, характер табиғатын, қаһарман бойындағы моральдық-этикалық сапаларды ашуға мүмкіндік беретін маңызды көркемдік құралдарының бірі – диалогты шебер пайдаланады.
Диплом жұмысымыздың екінші тарауында Ілияс прозасындағы образдық көркемдік бейне табиғаты мен прозасындағы өзгешеліктерді атап көрсетуге тырыстық. Тараудың нысаны ретінде алғашқы бөлімінде «Жолдастар», «Күңнің өлімі», «Шешілмген жұмбақ», прозасындағы жаңашылдық табиғаты сөз болса, екінші бөлімінде Ілиястың нағыз жазушы екендігін танытқан, халқына қазақ әдебиетінің «Құлагері» екендігін мойындатқан «Төменнен толқын» прозасы және «Дархан», «Қуыршақ», және өзге де прозасындағы сатира мен юмор, қайғы, мұң, жазушы идеяларының қақтығысы мен қоғам шындығы, кейіпкер қасіреті талданды.
Ілияс Жансүгіровтің проза саласындағы образдық көркемдік бейне болмысы мен оның бейнелену ерекшелігіне тоқталдық.
«Әдебиеттегі өмірге айрықша жақын жанрлардың бірі – образдық көркемдік бейнеөйткені тартыста тіршіліктің сан алуан қайшылықтары, ғаламат тартыстар, құштарлықтар мен сезімдер шайқасы, ойлар мен идеялар қақтығысы ерекше көрсетіліп, шынайы тереңдікпен бейнеленеді» деп еңбегіміздің кіріспесінде айтып өткенбіз. Осы уақытқа дейін, Ілияс Жансүгіров туралы талай зерттеу жұмыстары жүргізілгенімен, ақын шығармашылығындағы трагедия болмысы мен оның бейнеленуі туралы азды-көпті мақалалар жазылғанымен, толыққанды еңбектің зерттеу нысанына айналған жоқ. Осыған орай, ақын шығармашылығындағы лирика, әңгіме, драмаларындағы образдық көркемдік бейнеболмысын көрсету мақсат етіп алып, өз әлімізше ақын шығармашылығындағы образдық көркемдік бейнетабиғатына тоқталып өттік.
Ілиястың туындыларының ауқымы қаншама мол, шалқар болса, оған айтылар ой-пікір де осал болмаса керек-ті. Ілияс Жансүгіров ақталғаннан кейінгі тұста жарық көрген (1960 жылдар мен 1986-1998 жылдары) таңдамалы шығармаларына қазақ әдебиетттану ғылымының аса көрнекті ғылыми-зерттеушысі академик Мұхаметжан Қаратаев, Әбділда Тәжібаев, Мырзабек Дүйсенов, Тұрсынхан Әдірахманова, Рымғали Нұрғалиев, Бақыт Сарбалаев, Тұрсын Сыдықов, және тағы басқа ілиястанушылар өз тарапынан ақын поэзиясынның сан-салалы құпиялары мен ашылмаған қыр-сырын дәйекті зерттеу еңбектері мен монографиялар жазып, сол арқылы дүйім жұртты бір серпілтті. Осы игі қадам арқасында әдебиет жиырма жылға тарта проза,поэзия нәрімен сусындатқан Ілияс ақынның кейбір танылмай, көрінбей жатқан асыл көмбелері, тіс жарар таза бұлақ кәусары баяу жылжып, қазақ әдебиеттану ғылымының алтын қорына қосылды. Бүгін Ілияс Жансүгіровтің күйлі, сыршыл сан ғасырлық, «Сұлу сөзбен алтын сарай салдыртқан» өлмес прозасы мен поэзиясы қазақ жұртының қымбат қазынасы, осы арқылы оның өр тұлғасы алаш елінің құлай сүйген адал да қадір тұтар сүйікті перзентіне айналды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Дербісәлин Ә. Әдебиет туралы толғаныстар. А.,1990 ж. 2. Дүйсенов М. Ілияс Жансүгіров. А., 1995 ж. 3. Иманғазинов М. Ілияс Жансүгіров. А., 2004 ж. 4. Иманғазинов М. Ілиястанудағы жаңа көкжиектер. «Жетісу» газеті 2004 ж. 5 маусым . 5. Сыдықов Т. Жетісудың жүрегі. «Жетісу» газеті 2005 ж. 15 наурыз. 6. Кең тынысты, кәусар туынды. ( І. Жансүгіровтің прозасы туралы) «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы №1 – 2005 ж. 7. Ілияс Жансүгіров шығармашылығы. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы №11-12 – 1995 ж. 8. Эпикалық шығармалардың түрлері. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы №1 – 1995 ж. 9. Жансүгіров І. Құлагер: поэмалар мен өлеңдер. А.,1994 ж. 10.Сыдықов Т. Ізгілік сабағы. А.,2006 ж. 11. Нарымбетов Ә. Қазақ совет поэмасы. А., 1977 ж.
12. Қазақ әдебиетi тарихының мәселелерi.- А.,1976.
13.Қуанғанов Ш. Бұхар жырау және оның заманы.- А.,1993.
14. Құрбанғали Халидұлы. Тауарих хамса (Бес тарих).- А.,1992.
15. Марғұлан Ә.Ежелгi жыр аңыздар.- А.,1985.
16. Мәдiбай Қ. Хандық дәуiр әдебиетi.- А.,1992.
17.Негимов С. Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелiлiгi. - А.,1991. 18. Өмiрәлиев Қ. ХҮ-ХIХ ғғ. Қазақ поэзиясының тiлi. .- А.,1976.
19. Нұрғали Р. Өнердің эстетикалық нысанасы Алматы «Мектеп» 1979ж. 192
20. Күмісбаев Ө. Зерттеу, әдеби мақалалар. – Алматы: Жазушы, 1995. – 156 б.
21.Әбдіғазиев Б. Шәкәрім шығармашылығының дәстүрлік және көркемдік негіздері. – Алматы: Жазушы, 2001. – 296 б.
22. Рахымжанов Т. Қазіргі қазақ романының поэтикасы. – Алматы: Ғылым, 1992.- 327 б.
23. Тебегенов Т. Халық ақындары шығармаларындағы әдебиет пен фольклор дәстүрі. – Алматы. Білім, 2001. – 346 б.
24. Жақсылықов А. Образы, мотивы и идеи с религиозной содержательностью в произведениях казахской литературы. Типология, эстетика, генезис. – Алматы: Білім, 1999. –369 б.
25. Ысқақұлы Д. Сын шын болсын. – Алматы: Ғылым, 1993 – 293 б
26. Тұрысбек Р. Ар айнасы. – Алматы: Қазақ университетi, 2000. – 396 б.
27. Жуанышбеков Н. Проблемы сравнительно-типологического изучения литературы. – Алматы, 1995. – 297 б.
28. Гинзбург Л. Я. О психологической прозе. – Л.: Худ. Литература, 1977. – 428 с.
29. Поспелов Г.Н. Введение в литературоведение. – М.: Просвещение, 1976. – 420 с.
30. Абрамович Г. Л. Введение в литературоведение. – М.: Просвещение, 1976. – 352 с.
31. Бахтин Эстетика словесного творчества. – М.: Искуство, 1979. – 423 с.
32. Виноградов В.В. О языке художественной прозы. - М.: Наука, 1980. – 360 с.
33. Қирабаев С. Шындық және шығарма // Таңдамалы: 2т. – Алматы: Жазушы, 1998. – 1т. - 120-145 бб.
34. Негимов С. _Өнерпаздық өрнектерi. – Алматы: Ана тiлi, 1996. – 88 б.
35. Жансүгіров І. Сөзстан. Алматы. Жалын. 1987. – 83-б.
36. Жансүгіров І. Шығармалар І том. Алматы. 2002. – 6-61 б.б.
37.Дербісәлин Ә. Әдебиет туралы толғаныстар. А.,1990 ж. 38.«Жетісу» газеті 2004 ж. 5 маусым . 39.Ілияс Жансүгіров шығармашылығы. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы №11-12 – 1995 ж., 214 б. 40. Эпикалық шығармалардың түрлері. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы №1 – 1995 ж., 263 б. 41. Нұрғали Р. Өнердің эстетикалық нысанасы Алматы «Мектеп» 1979ж. 192
42.Күмісбаев Ө. Зерттеу, әдеби мақалалар. – Алматы: Жазушы, 1995. – 156 б.
43.Әбдіғазиев Б. Шәкәрім шығармашылығының дәстүрлік және көркемдік негіздері. – Алматы: Жазушы, 2001. – 296 б.
44. Рахымжанов Т. Қазіргі қазақ романының поэтикасы. – Алматы: Ғылым, 1992.- 327 б.
45. Тебегенов Т. Халық ақындары шығармаларындағы әдебиет пен фольклор дәстүрі. – Алматы. Білім, 2001. – 346 б.
46. Жақсылықов А. Образы, мотивы и идеи с религиозной содержательностью в произведениях казахской литературы. Типология, эстетика, генезис. – Алматы: Білім, 1999. –369 б.
47.Ысқақұлы Д. Сын шын болсын. – Алматы: Ғылым, 1993 – 293 б
48.Тұрысбек Р. Ар айнасы. – Алматы: Қазақ университетi, 2000. – 396 б.
49.Жуанышбеков Н. Проблемы сравнительно-типологического изучения литературы. – Алматы, 1995. – 297 б.
50.Гинзбург Л. Я. О психологической прозе. – Л.: Худ. Литература, 1977. – 428 с.
51.Поспелов Г.Н. Введение в литературоведение. – М.: Просвещение, 1976. – 420 с.
52. Эпикалық шығармалардың түрлері. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы №1 – 1995 ж., 263 б. 53. Нұрғали Р. Өнердің эстетикалық нысанасы Алматы «Мектеп» 1979ж. 192
54.Күмісбаев Ө. Зерттеу, әдеби мақалалар. – Алматы: Жазушы, 1995. – 156 б.
55.Әбдіғазиев Б. Шәкәрім шығармашылығының дәстүрлік және көркемдік негіздері. – Алматы: Жазушы, 2001. – 296 б.
56. Тебегенов Т. Халық ақындары шығармаларындағы әдебиет пен фольклор дәстүрі. – Алматы. Білім, 2001. – 346 б.
57.Reuters, Thomson (April 28, 2014). "Executive Team Thomson Reuters".thomsonreuters.com. Archived from the original on April 28, 2014. Retrieved April 28,2014.
58.Jump up "About US, Thomson Reuters". Thomson Reuters. Retrieved 2015-03-15.
59. Jump up to:"2012 Annual Report Regulatory Filing" (PDF). Thomson Reuters. Retrieved2012-10-30.
60. Jump up to: "About Us". Thomson Reuters. Retrieved 20 April 2013.
61.Jump up "Thomson Reuters Corporation". Hoover’s Inc. Retrieved July 2, 2013.
62.Jump up "Thomson Reuters Corporation Annual Report 2013, Chapter "Additional Information"". Retrieved January 24, 2015.
Достарыңызбен бөлісу: |