3 бет Негізгі бөлім



бет3/8
Дата09.03.2023
өлшемі2,07 Mb.
#171581
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Документ Microsoft Office Word (6)
1538213394, А2 рк4 с ответами, ОЛИМПИАДА 5-11, Б дыбысы мен әріпі, билет 1-5, дайын иупм Кенжегулова Н.К. (1), жылдык еесеп жансая, эссе---, Документ Microsoft Office Word, Science project
3
Негізгі бөлім


Андыз өсімдігіне сипаттама



Андыз(Іnula) – күрделі гүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстандағы шалғынды алқаптарда, өзен, көл жағасында, жазық және таулы жерлердегі ормандарда 12 түрі өседі. Олардың ішінде ең көп тарағандары – биік андыз (I. helenium) және үлкен андыз (I.grandis). Бұлардың биіктігі 10-70 см-ден 2.5 м-ге дейін жетеді. Тік сабағына бүтін жиекті жапырағы кезектесе орналасады. Ашық сары түсті гүлі қалқанша тәрізденіп, бір-бірден не топтанып біткен себет гүл шоғырына жиналады. Маусым-шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс береді. Жемісі цилиндр тәрізді тұқымша. Өсімдіктің тамырында жүрекке әсер ететін, қатыну процесін басатын, құрттар мен микробтарды өлтіретін қантты зат – эфир майы, инулин бар. Сондықтан андыз бағалы дәрі-дәрмек алатын өсімдік ретінде пайдаланылады, сондай-ақ тағам өндірісінде және бояу алу үшін қолданылады.


4
Андыз өсімдігінің түрлері


Андыздың бір түрі. Қара Андыз.



Қара Андыз (Іnula grandіs) – күрделі гүлділер тұқымдасына, андыз туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның барлық таулы аймақтарындағы дымқыл жерлерде, ормандағы шабындықтардың ішінде, таулардың, тасты жерлердің қара топырақты беткейлерінде өседі. Биіктігі 60 см-ден 2,5 м-ге дейін жетеді. Сабағы тік, қырлы, бұтақтары жуан, жапырақтары ірі, көбінесе түп жағына орналасқандары ұзынша, жиегі ирек, сопақша келеді. Сабағындағы жапырақтары жүрек немесе жұмыртқа тәрізді. Сабағы мен тамырының дәмі ащы, ерекше иісі бар. Гүлдері сары, гүл себетінің диаметрі 7 – 10 см-ге дейін жетеді. Жемісі – цилиндр тәрізді, 4 қырлы, тықыр дәнек. Маусым – шілде айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте дән салады. Сабағы мен тамырының құрамында – инулин, инуленин полисахаридтері, сапониндер, аздаған алкалоидтар, Е витамині және эфир майы бар, жапырағында ащы зат болады. Медицинада емдік мақсатта гүлі мен тамыры пайдаланылады. Халық медицинасында тұнбасын тыныс жолдары, асқазан, ішек аурулары кезінде, сондай-ақ өкпе туберкулезіне, ревматизмге қарсы ішеді. Қара Андыз гүлі мен тамырының спиртке ашытылған тұнбасымен безгекті емдейді. Қара Андыздың тұнбасын қақырық түсіру үшін ішеді.
Өт пен асқазанды қуаттандырады, у қайтарып сарай ашады. ауыруды басып, төрелмені тыныштандырады.
5
Араласпадан арылтып, тазалап жуып, тураған соң кептіріп алады

Жағда Бабалық этногроф.


Қара андыз» деген шөп. Қайнатпайды. Спиртке не болмаса араққа салып қойып, тұнба жасайды. Өзі қып-қызыл болып шығады. Былтыр бір тойға бардым. Сол тойда алпыстың үстіндегі бір адам келіп, амандасып, жалпақтап жатыр. Кім екенін танымаймын. Семейден келіпті. «Жәке, сізге рақмет айтайын деп келдім» дейді. Неге десем, «осыдан жиырма жыл бұрын астмамен ауырып, тура өлуге жақындап, әбден әлсірегенде біреу айтты дейді, «ей, сен Жағдаға баршы» деп. Содан сізді іздеп Алматыға келсем, сіз ауылға кетіп қалыпсыз. Ауылға іздеп барып, жұрттан сұрасам: «Жаңа ғана бір-екі адаммен былай қарай кетіп қалды. Қолында күрегі бар» деді. Артыңыздан қуалап, шөп теріп жүрген жеріңізден таптым. Амандасып, хал-жағдайымды айтып едім, үндемей тұрып қалдыңыз да, «жүр» деп ертіп барып бір жерден бір шөпті күрекпен қазып, тамырын алдыңыз. «Мынаны қайнатып ішесің...» деп, қолдану әдісін айтып болғаныңызша қасыңыздағы екі адам сізді шақырды. Сіз күректі сол жерге тастадыңыз да кетіп қалдыңыз. Мен тұрып қалдым. Бір ғана шөпті не істеймін? Өзім сонау Семейден келдім. Әлгі шөптер қаптап тұр. Күректі алдым да бір қап шөпті бір-ақ қазып алдым. Содан сіздің айтқаныңыз бойынша іштім де ауруымнан құлантаза айықтым




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет