3 бет Негізгі бөлім



бет4/8
Дата09.03.2023
өлшемі2,07 Mb.
#171581
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Документ Microsoft Office Word (6)
1538213394, А2 рк4 с ответами, ОЛИМПИАДА 5-11, Б дыбысы мен әріпі, билет 1-5, дайын иупм Кенжегулова Н.К. (1), жылдык еесеп жансая, эссе---, Документ Microsoft Office Word, Science project
6
Андыздың тағы бір түрі





Биік андыз (лат. Inula helenium) - Биіктігі 1,5 м-ге жететін, тік сабақты көп жылдық шөптесін өсімдік, андыздың бір түрі.
Жапырақтары ірі, сопақша-эллипс пішінді, шеттері бейтегістісті болып келеді. Тамырсабағы қысқа, Жуан, көп басты, диаметрі 6-7 см, тамырсабақтан аз санды тамырлар тарайды, ұзындығы 20 см-ге дейін, жуандығы 2-3 см болады. Гүлдері алтын-сары түсті, диаметрі 7 см-ге жететін ірі себетке жиналған. Себеттерде жалғыздан болады. Шілде-тамызда гүлдейді.
Таралуы:ТМД елдерінің Европалық бөлігінің Оңтүстік және Орталық аймақтарында, Кавказда, Батыс Сібірде, Орта Азияда өседі. Қазақстанда Семей, Көкшетау, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Қарағанды, Шымкент маңайларына өседі. Дайыңдау аймақтары – Краснодар, Ставрополь өлкелері мен Қазақстан.
Дайындалуы: Тамырлары мен тамырсабақтарын күзде, жемістері пайда болғаннан бастап үсік жүргенге дейін дайындайды. Өсімдік сабағының маңын 20 см радиусында қазады, одан кейін сабағының түбінен ұстап, тік тартып тамырсабағын тамырларымен бірге тартып шығарады. Топырақтан тазартады, суда тез жуады. Тамырлар мен тамырсабақтарды ұзына бойына, ұзындығы 10-15 см, жуандығы 1-2 см болатындай етіп турайды. Шикізатты 2-3 күн бойына ашық ауада қақтайды. Кептіргіштерде, 40º С – тан артпайтын температурада кептіреді.
Шикізаттың сапалық көрсеткіштері: Тамырсабақтары мен тамырларының ұзындығы 2-ден 20 см-ге дейін, жуандығы 0,5 см-ден 3 см-ге дейін болады. Сынған жері бейтегіс. Сырты сұрғылт-қоңыр, іші сарғылт-ақ түсті, хош иісті, ащы дәмді. Ылғалдығы 13%-дан артпау керек, жалпы күлі 10%-дан артпау керек, солған тамырсабақтар мен тамырлар 5%-дан артпау керек, сынған жерінде қарайған тамырсабақтар мен тамырлар 5%-дан артпау керек. Органикалық қоспалар 0,5%-дан көп болмау керек. Минералдық қоспалар 1% - дан артпау керек.


7
Химиялық құрамы: Шикізаттың құрамында 40%-ға дейін инулин болады, эфир майлары және сапониндер бар.
Қолданылуы: Қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданылады. Эфир майының антисептикалық, қабынуға қарсы әсері бар. «Аллонтон» препараты асқазан-ішек жарасын емдегенде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет