4-КҮн критериалды бағалау жүйесі 1-дəріс Критериалды бағалаудың теориялық негіздері Критериалды бағалау қағидаттары Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны Слайд



Pdf көрінісі
бет10/10
Дата05.09.2020
өлшемі105,31 Kb.
#77103
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ACFrOgACOXTJJkf wA 1KTJyfxkzGnXuW6LkS 84 46bS4aTISqpZyiSuCHYppAkJum9wwpVbn2A4ExAeXeceFlY4fsfNh1FFNHx33sWCId xMLcOtR QvqDy6iRKcWYoOyuSP0NotVn0MiiBH0F

Жиынтық  бағалау  мұғалімдерге,  білім  алушылар  мен  ата-аналарға 

ұсыну үшін оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша балл, 

баға  қою  арқылы  белгілі  бір  оқу  кезеңі  (тоқсан,  триместр,  оқу  жылы,  орта 

білім  беру  деңгейі)  аяқталғанда  өткізіледі.  Бұл  белгілі  бір  кезеңде  оқу 

бағдарламасы  мазмұнын  меңгеру  деңгейін  анықтауға,  тіркеуге,  жоспарлау, 

түзету,  оқу  үдерісіне  талдау  жүргізу  үшін  жиынтық  бағалау  нəтижелері 

бойынша алынған ақпараттарды қолдануға мүмкіндік береді.

19

Бөлім/ортақ 



тақырыптар 

бойынша 


жиынтық 

бағалау 


оқу 

бағдарламасына,  оқу  жоспарына  сəйкес  бөлім  немесе  ортақ  тақырыптарды 

аяқтаған кезде өткізіледі. Жиынтық бағалаудың аталған түрінің нəтижесінде 

білім  алушыларға  тоқсандық  баға  қою  кезінде  ескерілетін  балл  қойылады. 

Бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  жиынтық  бағалау  тапсырмалары  оқу 

мақсаттары мен бағалау критерийлеріне сəйкес құрастырылады.

Тоқсандық  жиынтық  бағалау  тоқсан  соңында  өткізіледі,  оқу 

бағдарламасы  мазмұнын  білуі,  дағдысы,  түсінуі  туралы  дəлелдерді  ұсына 

отырып,  тоқсандағы  оқуға  қатысты  ілгерілеуді  өлшейді.  Алынған  нəтиже 

тоқсандық баға қою кезінде ескеріледі.

Жиынтық бағалау ойлау дағдыларының əр түрлі деңгейін, соның ішінде 

жоғары  ойлау  деңгей  дағдыларын:  талдау,  жинақтау,  бағалауды  тексеретін 

түрлі деңгейдегі тапсырмалардан тұруы қажет.

Тиімді  қалыптастырушы  жəне  жиынтық  бағалау  білім  алушы 




жетістігінің  қойылған  оқу  мақсаттарына  қаншалықты  сəйкестігін  көруге 

мүмкіндік  береді.  Қалыптастырушы  жəне  жиынтық  бағалау  нəтижелерін 

мұғалім  оқу  үдерісін  жоспарлау,  рефлексия    оқытудың  жеке  тəжірибесін 

жетілдіру үшін қолданады.

Қалыптастырушы  бағалау  білім  алушыға  нақты  тапсырманы  немесе 

сабақтағы іс-əрекетті орындау кезінде берілетін кері байланысқа негізделсе, 

бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау үдерісі білім алушының 

белгілі  бір  бөлімді/ортақ  тақырыпты  аяқтауы  бойынша  жинақтаған  білімі 

мен дағды деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Тоқсандық жиынтық бағалау мен білім берудің белгілі бір деңгейіндегі 

жиынтық  бағалау  оқу  бағдарламасын  меңгеру  деңгейін  анықтау  үшін 

жүргізіледі.

Жиынтық 

бағалау 


процесін 

алдағы 


сабақтарда 

тереңірек 

 

қарастырамыз.



20

Материалды бекіту үшін 4.1-ресурс мазмұнымен танысуды ұсынамыз.



Пайдаланылған əдебиеттер:

Негізгі жəне жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау

бойынша  нұсқаулық:  Оқу-əдістемелік  құрал.  /  О.И.Можаева,  А.С.Шилибекова, 

Д.Б.Зиеденованың редакциялауымен – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 

2016. - 54 б.

Өңірлік  жəне  мектеп  үйлестірушілеріне  арналған  критериалды  бағалау  бойынша 

нұсқаулық:  Оқу-əдіст.  құрал  /«Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  ДББҰ  /О.И.Можаева, 

А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциясымен. - Астана, 2016. - 46 б. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет